Коучинг Диалогтік о?ыту бастауыш сынып о?ушыларыны? коммуникативтік да?дыларын ж?не о?у мотивациясын дамыту факторы ретінде


Коучинг тақырыбыДиалогтік оқыту бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын және оқу мотивациясын дамыту факторы ретінде
Коучингтің мақсатыОқушының коммуникативтік дағдыларын және оқу мотивациясын дамыту факторы ретінде диалогтік оқытудың ерекшеліктері мен басымдықтарын ашу және білім сапасын арттырудағы маңыздылығын негіздеу
Міндеттері Мұғалімдерге жауап алу және топтық жұмыс арқылы оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тиімді тәсілдерді игеруге, тілдің оқыту мен оқудағы басты рөлін зерттеуге, сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, оқуға деген ынтасын арттыру жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектесу.
Түйінді идеялар Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына зор ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыруда әлеуеті зор.
Негізгі нәтижелер Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге; білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімені, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға; бастауыш буында оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге; сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға; диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Ресурстарбейнетаспа, компьютер, презентациялар, ватман, маркерлер, коучинг тақырыбы бойынша таратпа материал, стикерлер.
Уақыт Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Қолданылатын әдіс-тәсілдер Күтілетін нәтиже
2 минут Бейнетаспа көрсету. Амандасу. Сәттілік тілеу. Танысу. Белсенді тыңдау, қатысу. АКТ Эмоциялық жақсы көңіл-күй қалыптастырады.
2 минут
Топтарға бөлу. Топта жұмыс істеу ережелерін пысықтау Топтасу, рөлдер бөлісу. Санамақ Ынтымақтасады, топқа бейімделеді. Топта жұмыс істеу ережелерін пысықтайды
2 минут Дәйексөзбен жұмыс істеу Өз көзқарастарын, пікірлерін айту АКТ. Талқылау Мұғалімдер коммуникативтік мүмкіндіктерін көрсетеді, мотивация пайда болады
14 минут Топтарға тапсырма беру. Постер құру.
1топ-«Бастауыш сынып оқушысы», 2топ-«Бастауыш сынып оқушысының коммуникативтік дағдылары»;
3топ-«Бастауыш сынып оқушысының оқу мотивациясы»;
4топ-«Диалогтік оқыту».
Постер қорғау
Топтарда талқылап, ойларын постерге сызба, сурет, жазбалар арқылы бейнелеу;
Постерлермен таныстыру, ойларын негіздеу. Топтық жұмыс, постер құрастыру Аталған мәселелер бойынша пікірлеседі, ортақ пікірге келеді, ой жинақтайды, жүйелейді.
2 минут Топпен жұмыс. Жетелеуші сұрақтар қою және тақырыпты нақтылау;
Аталған түсініктердің арасында байланыс орнату арқылы мақсатты айқындау. Әңгімелесу Түсіндіру, баяндау; Әңгімелесу. Тақырып туралы пікірлерін қалыптастырады, бұдан әрі берілетін материалды қабылдауға дайындалады
2 минут «Диалогтік оқыту» көрсетілімі Тыңдау АКТ, баяндау Диалогтік оқыту туралы білімдерін тереңдетеді
2 минут Сергіту сәті Белсенді қатысу АКТ Сергиді.
13 минут Топтарға тапсырма. Стратегиялармен таныса отырып, берілген мәтінмен жұмыс істеу. «Аталған стратегияларды диалогтік оқыту әдістеріне жатқызуға бола ма? Олар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын және оқу мотивациясын дамытуға қалай әсер етеді?» деген сұрақтарға жауап іздеу. Басқа топтарды таныстыру.
1топ-«Жуан және жіңішке сұрақтар кестесі»; 2топ-«Блум түймедағы»; 3топ-«Пікірталас»; 4топ-«Сократ диалогі» Стратегиялармен танысу, топтарда талдап, диалогтік оқытуға қатысын анықтау. Мәтінге стратегияны қолданып, көпшілікке таныстыру жұптық, топтық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалімдер бұл стратегиялардың оқушыларды әр түрлі деңгейлі сұрақтар құрастыруға, жауап беруге, пікір алмасуға, өз ойын білдіруге үйрететін стратегиялар ретінде өз іс тәжірибесіне енгізеді
5 минут Аукцион. Мұғалімдерге өз іс тәжірибесімен бөлісуді және диалогтік оқыту әдіс тәсілдерін аукционда «сатуды» ұсыну Мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісу. Басқа мұғалімдер ұнатқан әдістерді, стратегияны «сатып алады». Баяндау. Аукцион Стратегияларды,әдістерді бағалайды, тақырып төңірегінде ойлары жинақталады
3 минут Презентация «Стратегиялар» Тыңдау. АКТ Басқа стратегиялармен танысып, білімдерін толықтырады.
2 минут Ағымдағы тәжірибеге көзқарас. Берілген сұрақтармен жеке жұмыс Сұрақтар төңірегінде ойлану, жауап беру. Жеке жұмыс Өз іс-тәжірибесіне рефлексия жасайды.
1 минут Рефлексия Түрлі түсті стикерлермен пікір білдіру Стикерлер Жасалған жұмысқа рефлексия жасалады.
Дайындаған: Молдамсеитова Г.О.