Презентация Махамбет ?теміс?лы ( 1803-1846)


Жоспар:1.М.Өтемісұлының өмір-баяны2.Шығармашылықтары3.Исатай.4.Өлең құрылымы мен тілі5.Қортынды 1.Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі,өнердегі қасиеттің символы.Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті;әрбір буыны мен бунағы,тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ,оның өзге тілге оңай аударылмайтын да сондықтан. Зейнолла Қабдолов Махамбет Өтемісұлы 1803жылы Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген.Бұл-солтүстік-шығыстан батысқа қарай қиғаштай созылып жатқан,ұзындығы 80-90 шақырымдай құмды аймақ.Мал тарала жайылатын ойдым-ойдым шөпсін алаңқайлары,шоқ орман,алун түрлі бұта-жидек жеміс ағаштары өсетін жолақтары мол,көгі қоңыр күзге дейін түсін бермейтін құйқалы өңір екен.Махамбет кейін “аш,арығым тойған жер”дей келе; Шортаны қара бақандай, Бақасы сары атандай, Балдырғаны білектей, Баттауығы жүректей, Қымыздығы күректей, Сонасы қоңыр үйректей,-деп,перзенттік ыстық сезімін әсірелей суреттеген. Махамбет-таңғаларлықтай табиғи үйлесім тапқан ақындығы мен батырлығын бір ғана мақсат жолына-туған халқының бостандығы мен еркіндігі,әлеуметтік теңдігі жолындағы жанкешті күреске арнаған даңқты тұлға.Оның өзіне дейінгә де,өзінен кейінгі де атақты ақын-жыраулардан алабөтен айырмашылығы-бүкіл дерлік өлең-толңауларының 1836-1837жылдары қазақ жерінің қиыр батысын дүр сілкіндірген жойқын көтерілістің-Исатай батыр екеуі бастаған Бөкей ордасы қазақтары көтерілісінің поэтикалық шежіресі,қаһармандық-трагедиялық мазмұндағы тарихи құжат болуында. 1846жылы Махамбет Баймағамбеттің қолынын қаза табады. Махамбет өлеңдерінің жалпы саны онша көп емес,шығармаларының толық жинағына 70туындысы енген.Соның барлығы дерлік тарихқа Исатай екеуінің атымен белгілі 1836-1838жылдардағы әйгілі ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты болып келеді. Өлеңдерінің өзегі Махамбеттің ат жалын тартып мінгеннен бастап,өмір бойы асқар таудай аға тұтып,ерге тірек,халыққа көсем санаған,қаза тапқаннан кейін аза тұтып,аруағына сыйынып өткен адамы-Исатай.Исатай-басшы,бұл-қосшы боп,зұлмат күштермен күресте өткен небір болғанда да,аса қызу мінезді ақын болған. Жыр-тыңдарманның құлағы мен көкейіне арналған,белгілі бір әуен-сазбен орындалатын поэзия.Сондай-ақ жырда ұйқас жылжымалы келеді,жақыннан да,ұзақтаннан да қайтарыла береді.Бұл-ақынға белгілі бір дәрежеде еркіндік береді,ол еркіндікті ақын өлеңнің мағыналық,көркемдік тұтастығы үшін пайдаланады. Ассонанс-дауысты дыбыстардың қайталануы,аллитерация-дауыссыз дыбыстардың қайталануы қай өлеңге де,соның ішінде қара өлеңге тән.Бірақ осы дыбыс қайталауларының екі түрі де жырда көбірек кездеседі. Махамбет поэзиясы 1836-1837жылдары Бөкей ордасында болған Исатай екеуі бастаған ұлт-азаттық көтерілісініңкөркем шежіресі болып табылады.Халық азаттығы жолындағы зор талантын да,батырлық қайрат-жігерін де сарқа жұмсаған Махамбеттей батыр ақын ХІХ ғасыр әдебиетінде жоқ.