Ерте?гілік «Жыл басы — Наурыз»


Жүргізуші: Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық !
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!- деп, бүгінгі «Жыл басы - Наурыз»атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті: ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. «Алақай, Наурыз»әні
Жүргізуші:Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке.
Олай болса,балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Інжу:
Наурыз - шаттық  әніміз,
Салтанатты сәніміз.
 Би билейік бәріміз.
Каусар:
Ой, халайық, халайық, Әсем әнге салайық. Наурыз тойын көңілді, Бірге қарсы алайық.
Зубаржат:
Бәйшешек гүл ашады,Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көл,
Кемерінен асады.
Жүргізуші: Ал халайық тұрмайық, Әндетейік шырқайық. Дөңгелесін бишілер, Ортамызды ашайық –дей келе қыздарымыздың
«Әдемі-ай» биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші:Көктем ,көктем, көктемде
Күн шуағын төккенде,
Күлім-күлім қағамыз,
Ойнап асыр саламыз.
Ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші:Ақтарған кең даламның алтын кеңін,
Мереке басы болсын, берекенің – дей келе кезекті балаларымыздың тақпағына берейік.
Алина:
Келді, келді Наурыз айы,Ән салайық бәріміз.Келді, келді Наурыз айы,Би билейік бәріміз!
Нұрасыл:
Наурыз тойы әдемі,
  Әжем еске түсірді.
  Біздерге арнап әдейі,
  Наурыз көже пісірді.
Ажар:
Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке. Наурыз тойы – жыр – аңыз, Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші:Бұрынғы ата –бабаларымыздың салты бойынша, балаларымыздың тұсау кесер салт- дәстүрін тамашалаңыздар.
Ортаға кішкентай немересін жетектеп Әжеміз келеді.-Ал, мен осы тойдың үстінде кішкентай немеремнің тұсауын, кестірейін деп келдім.
-Немеремнің тұсауын жүйрік болсын деп үлкен әжемізге кестірейін. Тұсау кесер салты жасалады.Тұсау кесуші: Ала жіпті алайын, Әжеңе алып барайын. Ер жетті деп айтайын, Шашуын жеп қайтайын. Қаз, қаз балам, қаз балам! Қадам бассаң мәз болам Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз бола ғой қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер! Асулардан аса бер!Әже: шашу шашады.
Жүргізуші:Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға шашу шашу шашайық.
Осы тойға біздің Алтын әжеміз бата берсін.
Бата: Уа құдайым, оңдасын,
Еш жамандық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Әумин!
Әже: Немеремнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады дейді.
Жүргізуші: Наурыз келді тамаша, Ән айтамыз таласа. Атам, әжем той тойлап, Қуанып жүр балаша. Би билейміз тамаша!-дей келе балаларымыздың
«Батырлар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім!
-деп Құрметті ата -аналар ұстаздар! Сіздерді келе жатқан ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз . Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Сіздерге арналған «» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Келіп тамашалағандарыңызға көп- көп РАХМЕТ!