?нерді? алуан т?рлері 5 клас Бейнелеу ?нері


Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ____ Н.Ж.Душамбаева
А.С.Пушкин №1 мектеп-гимназиясының
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 5 А Күні: 14.09.2016
Тақырыбы: Өнердің алуан түрлері
Мақсаты: Оқушыларды танымал суретшілердің шығармаларымен таныстыру. Олардың байқағыштығын, көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы білім беру. Еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Оқушылар өнердің алуан түрлерімен танысады
Әдіс-тәсілдері Қызығушылығын ояту, сурет салу, сұрақ-жауап
№ Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың дайындығын тексеру, топқа бөлу Оқушылар дайындықтарын көрсетеді, 2 топқа бөлінеді
2 Үй тапсырмасын сұрау Тасқа салынған суретті не деп атаймыз?
Ежелгі адамдар суретті неліктен салған?  Оқущылар қойылған сұрақтарға жауап береді
3 Жаңа сабақ Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты. Өнердің түрлері сурет графика кескіндеме сәндік қолданбалы өнер мүсіндеу сәулет өнері.
Оқушылар бейнелеу өнерінің түрлерін біледі; ажырата алады. Атап көрсете алады.
4 Жаңа сабақты пысықтау Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Оқушылар бейнелеу өнерінің түрлерін біледі. Ажырата алады атап бере алады.
5 Қорытындылау Біз сендердің уылжып піскен алма, әдемі тұрғын үйлер, алтын күз, адамдардың қоңыр тіршілігі мен сүйікті жануарың бейнеленген тамаша сурет салатындарыңа, көркем мүсіндер сомдай алатындарыңа сенеміз. Табиғатқа, қоршаған ортаға және атамекен жұртыңа деген сүйіспеншілігің шығармашы-лық жолыңа шырақ болып жағылсын! Жас суретші, аңсаған арманың орындалып, биікке қанат қақ! Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
6 Үйге тапсырма Уйге тапсырма беремін оқушылар бейнелеу өнерінің түрлері жайлы тереңірек түсінік жинайды. Әр өнер түріне сурет салу. Оқушылар уйге берілген тапсырманы жазып белгілеп алады.
7 Кері әсер 1.Сабақта маған мына білімдерім қажет болды…
2.Маған қиындық туғызған…
3.Мен сабақтан түсінгенім… Жоспарды түзген: Амирбекова А.Т.