Физика п?нінен саба? жоспары Булану ж?не конденсация. ?аны??ан ж?не ?аны?па?ан булар (8 класс)


8-сынып
Сабақ тақырыбы: §15, §16. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға булану, оның түрлері, сұйықтың кебу жылдамдығы, қаныққан және қанықпаған булар туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
Ол қандай әріппен белгіленеді?
Қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?
Массасы m кристалл денені балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады.
Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.
Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.
Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады.
Кебу жылдамдығы
Сұйықтың тегіне сұйық бетінің ауданына сұйықтың температурасына.

Булану арқылы салқындату.

Жел де булану қарқындылығын күшейтеді.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды.

ІV. №5-эксперименттік тапсырма. Кебу кезіндегі салқындау процесін бақылау.
V.Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма:§§15,16. 10-жаттығу.
VІІ. Бағалау.