Ашы? саба?тар АЛ?АШЫ ?СКЕРИ ДАЙЫНДЫ? та?ырыбы Биологиялы? ?ару.МР-512 винтовкадан атыс ж?ргізу?ол гранаттары. РГД-5, РГН ,РГО,Ф-1 жары?ша?ты ?ол гранаты. кезіндегі ?ауіпсіздік шаралары.


«Бекітемін»
Мектеп директоры: К.М.Шапикова
19.11.2014ж ________________
Сабақтың тақырыбы: Биологиялық қару.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі ұасиеттерімен таныстыру.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
Тұтқиылдыққа жетудің шарттары қандай?
Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз не?
Химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Қорғаныштықтың қанша дәрежесін білесіңдер?
б) Негізгі бөлім – 23 мин.
Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының ауруларының сипаттамасы.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Биологиялық қаруға анықтама беріңіздер.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті неге негізделген?
Биологиялық қарудың тарихы туралы не білесіңдер? Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану қашан басталған?
Биологиялық құралдардың түрлері мен негізгі қасиеттері туралы не білесіңдер?
Жануарларды, ауылшаруашылық дақылдарын зақымдау үшін қандай қоздырушылар қолданылады?
5. Биологиялық қару.
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.
Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.
БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:
Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);
Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;
өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар.
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді–дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды.1940-1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ-дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды.
Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері.
БҚ-дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды.
Оларға жататындар:
Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді.
Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.
Риккетсиялар - көлемі үлкен емес 0,4 – 1мкм-ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т.б. аурулардың себебі болып табылады.
Саңырауқұлақтар - дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді.
Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.
Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін.
Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады.
Алғашқы әскери дайындықты
ұйымдастырушы - оқытушысы: _________ __________________

«Бекітемін»
Мектеп директоры:К.М.Шапикова 19.02.2014ж _______________
Сабақтың тақырыбы: МР-512 винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйрету.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып, ТИР.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, МР-512 макеті.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
бөлімше командирі шабуылға берілген ұрыс бұйрығында нені көрсетеді?
бөлімше жүріп келе жатып, қарсыласқа қалай шабуылдауды қандай ретпен жүргізеді?
бөлімше қорғаныс тереңдігіндегі қарсыласты шабуыл кезінде қалай жояды?
танк пен оның артында шабуылдап келе жатқан бөлімшенің өзара қимылы туралы айтыңдар.
бөлімше қарсы шабуылдағы және шегінудегі қарсыласты қалай жояды?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
В) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
винтовкадан атыс жүргізу кезінде қандай қауіпсіздік шаралары қабылданады?
Атыс жүргізуге дұрыс оңтайлану нені қамтамасыз етеді?
Жатып ату үшін оңтайланудың дұрыстығын тексеру қалай жүргізіледі?
Тегіс қарауыл деген не және оның көздеу кезіндегі рөлі қандай?
Көздеу және шүріппені басу кезіндегі орын алатын қателіктерді атаңдар?
Көздеу кезіндегі қателіктердің ұрыста неге әкеліп соқтыратынын айтыңдар?
1. МР-512 винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.
МР-512 винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында немесе ТИР-де белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.
Атыс алаңында немесе ТИР-де атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:
атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға және оқтауға;
тіпті оқталмаған автоматтың өзін айналадағы адамдарға, сондай-ақ нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар бар болатын болса, бағыттауға немесе көздеуге;
оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамдарға беруге немесе оны қай жерде болсын қалдыруға;
«Ат!» пәрменінен «Тоқтат!» пәрменіне дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тиым салынады.
Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60град асырмай жоғары қарата ату бағытында ұстап тұруға міндетті.
Винтовкадан атудың тәсілдері. винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, көздеу, шүріппені басудан тұрады.
Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Атуға ең ыңғайлы жағдай – жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жатып атуға ыңғайлануға оқтау мен винтовканы орнықтыру жатады.
Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қаратып, оң қолда ұстап тұрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық адым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолмен жерге тіреліп, сол аяқтың жамбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30градус болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.
МР-512 винтовканың оқталуы оң қолымен жүргізіледі. Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, оқсауытты бас және сұқ саусақтарымен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.
МР-512 винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусақтың бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі. Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірнеше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.
Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға (оңға) қарай орналасқан болса, онда бүкіл денені сол (оң) жақ шынтақты қозғамай, солға (оңға) қарай бұрады. Егер винтовка төмен қарай бағытталған болса, онда алға қарай жылжиды.
Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалатын жағдай дұрыс болып есептеледі.
Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреуден ату кезінде сол қол саусақтары тіреуге қойылады да, оның үстіне винтовка сағағымен қойылады. Тіреуге қатысты алғанда дене тұрқының дұрыс жағдайда атқыш оны өзіне ыңғайлы және дұрыс қалыпқа келгенше, аз ғана алға не артқа жылжытады.
Көздеу дегеніміз – қарудың ұңғы арнасына нысананы жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.
Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қаруыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай етіп бұру керек.
Қарауылдың мұндай жағдайы «тегіс қарауыл» деп аталады.
Қара шеңберлі («алмамен») нысанаға атыс жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде «алма» (нысана) жартысын және қарауыл ұшын айқын көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу керек. Үйренуші атқыштардың көздеу кезіндегі орын алатын қателіктері мыналар: ұсақ қарауыл кезінде – ойылмалар төменде болады, ірі қарауылда – көздеу нүктесінен жоғары болады.
Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды әсер етеді. Егер шүріппені басу кезінде дем шығарылса, онда қару көлденең және тік бағытта тербеледі, өйткені дем шығару кезінде төмен түсіріледі, ұңғы жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда, керісінше болады. Бұл жағдайларды болдырмау үшін, көздеу және шүріппені басу кезінде дем шығармау керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем шығару және 7-10сек. Дем шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен шүріппені басу үшін жеткілікті.
Шүріппені ағыту үшін автоматты сол қолмен құндағынан немесе оқжатардан тік ұстап, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап, иыққа қысып, демді ішке тартып, атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, көзді дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.
Атыс дәлдігінің тұрақтылығы дұрыс көздеу мен шүріппені басудан тұрады.
Жақсы көздеп тұрып ағытқыш ілмекті кілт басып қалса, онда оқ үлкен ауытқумен ұшады, өйткені саусақтың кілт қозғалысы көздеуді бұзады. Сондықтан демді ішке тартып, ағытқыш ілмекті еппен және тегіс басып, сонымен бірге ойықтағы қарауыл мен көздеу нүктесінің дұрыс орналасқанына бақылау жасау керек.
Сұқ саусақты ілмекке оң қолмен қойып, ал саусақ қысымының күші ұңғы арнасы осінің бойына тегіс бағытталуы керек. Ілмек саусақты дұрыс қоймаса, қысым бұрыш астына бағытталады, бұл винтовканың орнын ауыстырып жіберіп, көздеудің бұзылуына әкеп соғады.
Алғашқы әскери дайындықты
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

«Бекітемін»
Мектеп директоры: К.М.Шапикова
18.03.2015ж _______________
Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. РГД-5, РГН ,РГО,Ф-1 жарықшақты қол гранаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қол гранатасымен таныстыру.
3. Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?
автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?
бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.
автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қол гранаттары. РГД-5 , РГН ,РГО,Ф-1 жарықшақты қол гранаты.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
жарықшақты қол гранаттары неге арналған?
ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?
РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.
1. Қол гранаттары. РГД-5 , РГН ,РГО,Ф-1 қол гранаты.
Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
РГД-5 қол гранаты;
РГН және РГО-қол гранаты;
Ф-1 қол гранаты бар.
Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.
РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.
Гранаттың құрылысы.
РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.
Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.
Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.
Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.
Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.
Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.
Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.
Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.
Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.
Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.
Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.
Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.
Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.
Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады.
Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері
мен механизмдерінің жұмысы.
Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.
Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.
Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.
Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.

РГН жәнеРГО жарықшақты қол гранаттарының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.
Гранаттардың ұрыстық қасиеті мен арналуы.
РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттры жергілікті жердің түрлі жағдай мен жылдың кез келген мезгілінде қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.
Гранаттардың құрылысы.
РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.
РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.
РГН қол гранаттарының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі шардан тұрады.
РГО қол гранаттарының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады. Барлық төрт жарты шарлар құрыш болаттан жасалынған.
Шабуылдағы гранаттың төменгі жарты шарына қарағанда қорғаныстағы гранаттың төменгі жарты шарында гранаттарды тез айыруға арналған сыртқы жағында кертігі болады.
Корпустардың үстіңгі жағында манжет көмегімен оған тұтандырғышты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қамтамасыз ету үшін кертігі бар стақан пісіріліп бекітілген.
Корпустардың төменгі жарты шарларының жарылғыш қоспасындағы тереңдік түбіне детонаторлық құты қойылған, ол детонацияны тұтандырғыштан жарылғыш қоспаға беруге арналған.
Құты орнынан жылжып кетпеуі үшін төсеніш қойылады.
Тұтандырғыш жарылғыш гранат бөгеуге сығылған кезінде қоспаны жару үшін арналған.
Соққыш әрекетте тоқтап қалған жағдайда тұтандырғыш 3,2 – 4,2секундтан кейін арақашықтық құрылғыдан іске қосылады.
Тұтандырғыш құрылысы.
Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:
сақтандырғыш-түйрегіш механизмінен;
нысана бергішінен;
қашықтық құрылғысынан;
қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;
детонатор торабынан.
Гранат лақтырылған соң капсюль-тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеуі кезінде қаупсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш-түйрегіш: шанышқыдан, механизм-соққыштан, сақиналы шплинттен,серіппеден, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.
Бөгеттерге гранаттардың соғылуы кезінде тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші нысана бергіші: оқсауыттан, шанышқыдан, серіппе мен тығыннан тұрады.
Гранатты лақтыру сәтінен бастап 3,2-4,2 секундтан соң детонатордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші қашықтық құрылғысы: құрамды тығыннан және капсюль детонатордан тұрады.
Гранатты лақтыру сәтінен бастап 1-1,8 секундтан соң тұтандырғыш шаппасын қайыру мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қашықтықтан шүріппені қайыру механизмі: құрамды тығыннан, бұрандалардан, қощғаушыдан, капсюльден және серіппеден тұрады.
Детонатор торабы стақанға бекітілген тығын мен капсюль-детонатордан тұрады. Аталған барлық тораптар мен механизмдер корпуста жинақталған.
Тұтандырғыш әрекеті.
Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталынып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орнын аустырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған. Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.
Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда қолмен ұсталынып тұрады.
Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.
Құрамдары жанып болған соң (1-1,8тен кейін) тоқтатқыш жылжып, серіппе әсерінен қайрылатын қозғалтқышты босатады.
Бөгеумен кездесу кезінде пайда болатын артық салмақтан жүк жылжйды да, оқсауытты қозғайды, соның нәтижесінде, шанышқы капсюльді түйрейді. От сәулесі капсюльден капсюль-тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бөгеумен кездесу кезінде, нысана бергіші жұмыс істемей қалған жағдайда капсюль-тұтандырғыш құрамдар жанып болған соң (3,2-4,2с-тен кейін) іске қосылып кеткен капсюль-тұтандырғыш импульсі арқылы іске асырылады.
Ф -1 жарықшақты қол гранатасының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.

Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы.
Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.
Гранаттың құрылысы.
Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы РГД-5 гранаты сияқты.
Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.
Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.
Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.
Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.
Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
үйренуші болат дулыға киюі қажет;
гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;
қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.
жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;
гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:
гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;
гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.

Алғашқы әскери дайындықты
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________


«Бекітемін»
Мектеп директоры: К.М.Шапикова
14.03.2014ж _______________
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарланудың тәсілдеріне үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып, алаң.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?
Түнде және дүрбіні қолдану жағдайларында бақылау жүргізу ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.
Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?
Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?
Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептелінеді?
Заттың бұрыштық шамасын қалай анықтауға болады?
Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдері туралы айтыңдар.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әскери топография нені зерделейді?
Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?
ӘТ. Т.1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.
Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.
Бағдарлану туралы түсінік.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.
Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.
Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады.
Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.
Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.
Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).
Алғашқы әскери дайындықты
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________