Ата-аналар жиналысы, та?ырыбы Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – отбасылы? т?рбиені? негізі


Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: №11 Мерзімі: 21.09.2016 Мұғалім: Тлеубердиева Н.Д.
1 сынып ата-аналары Ата-ана саны: 40
Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік
Жиналыс мақсаты: Сүйіспеншілік арқылы отбасылық тәрбиені нығайту туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1) Ізгілік туралы түсініктерін кеңейту;
2) Ізгілік, мейірімділік дағдысын дамыту;
3) Мейірімділікке тәрбиелеу.
Жоспар
1. Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі(сана, түпкі сана, тұлғаның құрылымы (рухани деңгей) туралы, өмір ағашы).
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негізі. 
3. Балаларды тәрбиелеуде ата-ананың ролі.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
-интерактивтік тақта;
- қағаздан қиылған геометриялық фигуралар;
- қалам;
- ән ойнататын құралдар.
Жиналыс барысы:
Ата-аналарды акт залына кіре бергенде топқа бөлемін, ол үшін 4 түрлі геометриялық фигуралар дайындаймын. Дөңгелекті таңдағандар – көрермендер, үшбұрыш - «Іс-әрекет» тобы, алтыбұрыш – «Сөз» тобы, төртбұрыш- «Ой» тобы болып бөлінеді.
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ата-аналар жиналысының тақырыбымен таныстыру- «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі».
- Сара Алпысқызы Назарбаева «Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу – әр адамның міндеттерінің міндеті» деген, яғни Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Рухани бастау ол адамгершілікпен, риясыз мейірімділікпен, махаббатпен, өзара түсінушілікпен, төзімділікпен жүзеге асырылады
Рухани-адамгершілік – адамдарға деген  ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың  мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.
Жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде «Өзін-өзі тануда» - Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Қиянат жасамау. Отбасы тәрбиесінде де біз осы 5 құндылықты тәрбиелеуіміз керек.
«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ТАНЫСАҢ, ІСТІҢ БАСЫ...» 
С.А.Назарбаева
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады.
Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы.
Дәйексөз
«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту –
«Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Сара Алпысқызы Назарбаева
- Жалпыадамзаттық құндылықтар дегенді қалай түсінесіздер?
- Рухани жол дегеніміз не? Оқиғаларды әңгімелеу
«Ағаш астау» өсиет әңгіме
Ертеректе бір қарт адам болыпты. Оның көздері көрмей, құлағы естімей, аяқ-қолы дірілдейтін болып қалады. Ол қолына ыдыс-аяқты ұстай алмай, қасығындағы дастарханға төгіп, кейде тіпті асы аузынан да түсіп кететін болды. Ұлы мен оның әйелі жиіркенішпен қарай бастады. Сол себепті әкесін пештің жанындағы қуысқа отырғызып, ескі ыдыспен тамақтандыратын еді. Ол бұрыштан дастарханға жабырқаңқы көңілмен қарап, жәутеңдеп, көзіне жас келетін.
Бір күні оның қолы дірілдеп, ыдысын түсіріп алды да, ол жерге түсіп сынып қалды. Жас әйел қарияға ұрса бастады, ол жауап бермеді, тек терең күрсінді. Сол күні қарияға ағаш астау сатып акелді де, ол сол ыдыстан тамақтанатын болды.
Бір күні ата-анасы тамақтанып жатқанда үйге төрт жасар ұлы келді, оның қолында ағаштың бөлігі болды.
— Сен не істегің келіп тұр? — деп сұрады әкесі.
— Ағаш астау, — деп жауап берді ұлы — Бұл ағаш ыдыстан мен өскенде әкем мен анама тамақ беремін.
Өсиет-әңгіме не жайлы?
Бала неге ағаштан ыдыс жасамақшы болды?
Сіздер балаларыңызды қалай тәрбиелейсіздер? kerekinfo.kz
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс
1- «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» мақалына өмірден мысал келтіру, сахналау;
2-«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбына шағын әңгіме жазу. Тірек сөздер «Мейірімділік, сыйластық, сыпайылық, сүйіспеншілік, махаббат, отбасы, достық, қамқорлық, кешірімділік, жаңашырлық»;
3- «Отбасылық тәрбиенің ережелері» пирамидасын жасау.
Ата-аналардың жұмысынан кейін ой қорыту, ой, сөз, іс-әрекет үштігі сай болса, біз балаларымызға үлгі бола аламыз. Топпен ән айту
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған?
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам
Қайырмасы:
Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын
Қайырмасы:
Үй тапсырмасы
Қарттар күніне «Мейрамыңызбен» деген
құттықтау қағазын балаңызбен бірге жасап, балаларынан беріп жіберу. Рефлексия
Бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.
Соңғы тыныштық сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмып, бүгінгі отбасы тәрбиесі жайлы айтқан оқиғамызды, өз ойларыңызды еске түсіріңіздер.
Көздеріңізді ашыңыздар, рахмет. Пожалуйста, подождите