Т?рбиешілерге арнал?ан к?мекші ??рал Ойындар жина?ы


«Қарақұм бөбекжайы» МКҚКМектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданылатын жылулық шеңбері мен ойындар жинағы.
(Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал)
2016 ж
«Қарақұм бөбекжайы» МКҚК
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданылатын жылулық шеңбері мен ойындар жинағы.
(Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал)
Дайындаған: тәрбиеші Кушекбаева Г.
2016 ж
Кіріспе
Жылулық шеңбері – бұл балалардың ақыл-ойын, зейінін қалыптастыратын, психологиялық белсенділікке жаттықтыратын күнделікті іс-әрекетте қолданылатын амандасу тәсілі.
Жылулық шеңбері, шаттық шеңбері, тілек шеңбері болып аталады.
Шеңбер – бұл ғажайып қуанышты тілектерге толы сәттер.
Шеңбер – бұл балалардың бір-бірімен жүрек жылуын сезінуге, жақсы жаңалықтарға назар аударуына, эмоционалдық жағдайларына жағымды әсер етуіне арналған әдістемелік тәсілдердің ерекше бір түрі.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық.
Жиналған жылы шуақты,
Таратайық аймаққа!
(Педагог алақанды ашып-жұму арұылыжылулық шеңберін таратуды көрсетеді)
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Жылы, жылы жүзбенен,
Амандасайып алайын.
Ыстық алақаныңмен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын
(Педагог балаларды бір-біріне қолын беріп құшақтасу арқылы мейірімділікке тартады)
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік,
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік.
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек
Көңілді болып жүрейік.
(Балалар бір-бірлеріне қарап тұрып, көңілді күлкіге батады)
Қол ұстасып тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық!
Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уыққа сәл иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық!
(Педагог балаларды бір-біріне қол ұстаса, достық шеңберін құруды үйретеді)
«Ғажайып жұлдызша» жылулық шеңбері.
Педагог балаларға «Ғажайып жұлдызшаны» көрсетіп, бір-бірлеріне жалғап ұсыну арқылы әр бала өз есімдерін жағымды көңіл-күймен айтады.
«Қуаныш шеңбер»
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін
Қаырлы таң, қайырлы таң
Қайырлы таң достарым.
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Музыка әуенімен шеңбер болып тұрады.
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз
Армысың табиғат анамыз,
Әдеппен бас иер баламыз.
«Шуақты күн»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да
Шуағын төгіп тұр,
Сәлем күн ана!
«Гүл алаңы»
Қызыл-жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардың,
Гүлдендірдік ауаны,
Аулада гүл қаулады.
(Гүлдерді елестету арқылы, қимылмен орындайды)
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, достарым!
(Педагогтың көрсетуімен қимылдар жасап орындайды)
Амандасу рәсімі
Сәлемдесем үлкенмен,
Сәлемдесем кішімен,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос!
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз!
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы күн балалар!

(Жылы жүзбен, көңіл күймен орындалады)
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз»,
Баршаңыздықұрметтеп,
Бас иеміз «Біз»
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең әдепсіз дос болып
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең мейірман дос болып
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең әдепті дос болып.
Тілек шеңбері
Күндей жадырап,
Айдай арайлап!
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бәріміз дос болайық!
Жүректен- жүрекке тілек айту.
Балалар шеңбер болып тұрады, педагог балаларға жүрекшені бір-біріне беру арқылы жылы тілектер, лебіздер айтуды үйретеді.
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады.
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырап!
Тату-тәтті болайық!
(Шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады)
Арайлап бүгін атты күн!
Шашып бірге шапағын,
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Қуанышты күн бүгін
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(Бірге қайталайды)
Музыка әуенімен орындалады.
Алтын сәуле арайлы
Бақшамызға жарайды
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы аламыз сіздерді,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
«Көңілді шеңбер»
Қане, қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Құрсақ енді шеңберді,
Алақанды ұрайық,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға
Шапалақта – шапалақ.

Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын апайларға сыйлайық!
(Қимылмен орындайды)
Қайырлы күн, ұстазым,
Қайырлы күн достарым.
Ойын-ойнап, би-билеп
Ән салайық біз бүгін.
(Жартылай шеңберде тұрып орындайды)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан Күнге!
«Жер шары»
Ортақ мекен – жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Туыспыз біз бәріміз.
Біз Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз!
Жарқырып күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз
Қайырлы күн! Біз нәзік ұлдармыз.
Балалар, шеңбер құрайық
Қол ұстасып тұрайық
Қонақтармен қоштасайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!




Алғы сөз
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін
ойынның айрықша маңызы бар:
ойын – олар үшін – еңбек, ойын –
олар үшін – тәрбиенің ең мықты
формасы.
Н.К. Крупская
Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде
тәрбиенің шешіші шарты болып табылады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасын, әрекетін өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген.
Кеңестік педагог А. С. Макаренко «Баланың ойынға деген құштарлығы бар, сол құштарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойындыбере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.
Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады.
Ойын – әр түрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.
Ойын – бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
Ойын – мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.
Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.
Ойын – балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы. Мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.
Ойын – жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін ойландыратын үрдіс.
Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға ұлттық, танымдық, дидактикалық, іскерлік, қимылды ойындар, жарыс ойындар, сөздік ойындар т.б. жатады.
Баланың оының жүйелі ұйымдастырған жағдайда мынадай жетістіктерге жетуге болады:
баланың ақыл-ойы кеңейеді;
өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;
логикалық олауы, ой белсенділігі артады;
өзін өзі бағалай білуі өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
Сондықтан да біз, тәрбиешілер, серуен кезінде де, оқу іс-әрекетінде де балалардыңіс-әркетін ойынмен ұштастырып отырсақ, нур үстіне нұр болар еді.
Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, баланың дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу әрбір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады. Ойын – баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, қиялын дамытады. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе мен өз сөзімді орыстың ұлы педогогы В. А. Сухомлинскидің «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.
ПОЙЫЗ ОЙЫНЫ
Қатар-қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын –
Паравозы пойыздың.
Тәрбиеші бойы ұзынбаланы көрсетеді. Мысалы: «Мараттың бойы ұзын» деуі мүмкін. Балалар тәрбиеші көрсеткен баланы паравоз етіп алға қояды. Ал қалғандары соның соңынан етектерін ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік. (2 рет).
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де.
«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік! (2 рет).
ШАР ЖАРЫЛДЫ ОЙЫНЫ
Бұл ойынды кішкентайлар жақсы көреді. Тәрбиеші мен балалар қолұстаса шеңбержасап, үрлегендей «пуф-пуф-пуф» деп, қолдарын кере, шеңберді үлкейтіп, кеңейте береді. Тәрбиеші: «Шар жарылды!» - деп дауыстап қалғанда, балалар қолдарын жібере салып, «Ой» деп журелерінен отыра кетеді.
Ойынды бірнеше рет қайтала ойнатып, балаларды қол ұстаса шеңбер жасап тұруға үйретеді.
АҚ ҚОЯН ОЙЫНЫ
Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада «Қоян» болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріа, тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Орныңнан тұрсаңшы,
Шашынды тарасаңшы,
Бетіңді жусаңшы,
Әй-әй көйлек кисеңші,
Біреудің қолың үзсеңші,- дегенде,
қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады. Осылай ойын жалғаса береді.
ШЕҢБЕР ОЙЫНЫ
Бұл ойынға қанша бала қатысса да болады. Ойыншылар қол созым қашықтықта бірінің соңынан бірі тұрады да, тұрған жерінде өзін айналдыра шеңбер сызады. Ең алда тұрған бала шеңбер сызбайды. Ол – бастаушы. Барлығы шеңбер сызып болған соң, бастаушы: «Алға» деп белгі береді. Өзі бастап барлық баланы шеңберден 5-10 метрдей қашықтықта жүгіртеді. Кенет ол: «Шеңберге» деп айқайлайды. Сол кезде ойыншылар кез-келген бір шеңберге жетіп, соған ие болуы керек. Кімге шеңбер жетпей қалса, сол ойыннан шығып қалады.
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН
Ойын жүргізетін екі топта бір-бірден ұзын таяқ болады. Әр топтың бір ойыншысы ойынды бастау үшін сөре сызығына келіп, қатар тұрады. Мөлшерлі жерден меже белгіленеді. Төреші команда бергенкезде, әлгі екі ойыншы таяққа сүйеніп, ілгері секіреді. Егер секірістен жаңылып, аттап кетсе, ол ойынды қайта бастайды. Ал межеге дейін секіріп барып, қайтып сөреге келген соң, таяқты келесі ойыншыға ұстатады. Ойын балалар түгел секіріп болғанша жалғасады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «АЛМА АҒАШТАРЫ»
Сурет арқылы балалар оң жақ, сол жақ, астында, үстінде ұғымдарын айтады. Алма ағашындағы оң жақтағы және сол жақтағы бұтақтардағы алмаларды санайды. Аз, көп салыстырады.
«СИҚЫРЛЫ ҚАЛТАША» ОЙЫНЫ
Қалташаның ішіне түрлі пішінді заттар салып қоямыз. Балалар қолын қалташаның ішіне салып қандай затекенін түйсік арқылы тауып, атауы керек.
«ҮЙСІЗ ҚОЯН» ОЙЫНЫ
Ойын шарты: ойнаушылардың ішінен аңшы және үйі жоқ қоян таңдалып алынады. Қалған қояндар өздеріне кішкене шеңбержасап алып, әрқайсысы өз үйінде тұрады. Үйі жоқ қоян қашады, ал аңшы қуады. Аңшы қояндыұстап алысымен оның өзіқоян болады да, алқоян аңшы болады. Балалардың ішінен шеңбер жасап тұрған біреу шеңбер ішінде тұрған қоянмен орын ауыстырады. Ойын сол ереже бойынша жүргізіледі. Ойын жаңадан басталып барлық балалар қоян рөліне ойнап шыққанша 4-5рет қайталанады.
«ҚУ ТҮЛКІ» ОЙЫНЫ
Ойын шарты: ойыншылар бір адымқашықтықты шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көздерін жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмған езде тәрбиеші шеңбердің сырт жағынан айналып шығадыда, тұрғандардың біреуін түртіп қалады, сол балақутүлкі болып саналады. Тәрбиешібалаларға көздерін ашуды жан-жақтарына қарап балалардың ішінен қу түлкіні табу керектігін айтады. Ойыншылар үш рет дауыстайды «Қу түлкі сен қайдасың?» - деп сұрайды. «Қу түлкі шеңбердің ортасына жүгіріп шығып, қолын жоғары көтеріп, мен мұндамын»-деп дауыстайды. Балалардың бәрі жан-жаққа қаша жөнеледі, ал түлкі оларды қуады. Түлкінің қолы тигені ұсталған болып саналып, шетке шығады. Екі-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші шеңберге қайтындар деп дауыстайды. Ойын осылайша қайталанады.

Пайдалынылған әдебиеттер:
1.Ф. Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика
2.Бала мен балабақша журналы №1
3. Балабақша және тәрбиелеу және оқыту журналы №1,2