Ербол С?лтан 10 сынып о?ушысы «М??гілік Ел» ше?беріндегі Индустриаландыру ж?не инновация негізіндегі экономикалы? ?сім ?ылыми жоба


«Мәңгілік Ел» шеңберіндегі Индустриаландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсім
ЖУНУСБАЕВА М. Т
География пәні мұғалімі Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Астана қаласы
ЕРБОЛ СҰЛТАН
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Астана қаласы
10 сынып оқушысы

Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап, еліміз толағай табыстарға қол жеткізуде, соның бірі «Мәңгілік Ел» ұлттық идесының басты құндылықтары көрсетілген тарихи құжатты қабылдады.
«Мәңгілік ел» талабының бірі - Экономикалық өсім, оның бәсекеге қабілеттілігі, оған инновациялық негізде қол жеткізуге болатындығы. Бізде инновациялық ойлар жеткілікті, басты мәселе оны экономикаға енгізу, нарықтық экономиканың сұранысына айналдыру. «Мәңгілік ел» ұлттық идеямыз экономикалық өсімнің басты көрсеткіші еңбек өнімділігін арттыру деп қарастырды. Инновациялық экономика инвестициялық қолдау мен бірге креативті ойлауды, озық технология мен техника, ғылым жаңалықтарын өндірісіке енгізуді талап етеді. Тек осы, осы инновациялық негізде экономикалық бәсекелестікте жеңіске жетуге болады.
Тәуелсіздік тұғырына қол жеткізген, шартарапқа әйгілі болып, төрткүл дүниенің бас назарын өзіне қаратуға тырысып отырған Қазақстан, өз кезегінде бастамасын ауыл шаруашылығынан алған. Б.з.б 2 мыңжылдықтан бастап мал шаруашылығы кең қанат жая бастады. Кейін 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дамыды. Сөйтіп ауыл шаруашылығы арқылы халықты азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете бастады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы ел экономикасында ойып тұрып орын алады. Зерттеу жұмысымда ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуын қарастырамын. Біз білетіндей, ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан тұрады: мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Екі сала бір-біріне тәуелді және соларды өндіретін өнеркәсіпті құрайтын күрделі құрылым. Еңбек «Мәңгілік Ел» идеясының басты құндылығының бірі, сондықтан Еңбектегі экономикалық мінез-құлықты шаруашылық мәдениет шеңберінде дамыту және игеру қазақ халқының еңбектегі кәсіби шеберлігін арттырып, оның шығарған өнімдерінің сапасын арттыруға, бәсекелестік жағдайында сұранысқа ие болуына жағдай жасайды. Бұндай жағдайға жету үшін кәсіби білім беру мен еңбек тәрбиесіне назар аудару қажет. Қазіргі нарықтық экономика халықтың еңбекке деген қатынасын шыңдай отырып, көптеген кұндылықтарға жаңаша қарауды талап етеді.
Қазіргі кездегі жаһандық дағдарыс ешкімді жайына қалдырған жоқ. Барлығын шарпып, артынан түрлі-түрлі қиын мәселелерді қалдырып жатыр. Әрине, ауыр соққылардың көбісі экономика саласына тиеді. Қазақстан теңге валютасын еркін бағамға жіберді. Жаңа қамтылғанның барлығы ел арасындағы кикілжің, түсініспеушілікке, көтерілістерге алып келеді. Сонымен қатар жақында болған жер проблемалары да наразылық толқынын өршітуде. Сондықтан президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деп халықты ынтымақтастыққа шақырды. Қара халықтың ең басты сұрайтындары жұмыс орны мен қол жетімді азық-түлік пен киім-кешек. Ал оны ауыл шаруашылығы қалыптастыра алады. Біз білетіндей, қазіргі кезде мемлекет нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, қазақ азаматтарына үлкен қолдау жасап жатыр. Яғни, қолданылмаған жердің көптігі, соны тезірек игеруге алып келеді. Жер-адамзат баласы үшін таптырмас байлық. Соның бары тіршілігіміздің жалғасы. Сондықтан ауыл шаруашылығы арқылы жұмыссыздық көлемін азайтып, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге болады. Тағы айта кететін жайт, демографияның күн санап артуы, азық-түлікке деген сұраныстың өрбуіне әкеледі. Бірақ, бір нәрсені түсінгеніміз абзал: Ғылымның ауыл шаруашылығына айтарлықтай үлесі көп және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ғылымсыз ауыл шаруашылығы бір деңгейде тұрақтанатын немесе экстенсивті жолмен дамиды, бірақ табиғи ресурстардың шексіз болмауы (су және жер) және топырақтың эрозияға ұшырауы, экстенсивті емес, интенсивті жолмен айналысуға алып келеді. Қазақстанда осылай даму белең алып жатыр. Олай болса, Мәңгілік ел құндылықтарымызды жүзеге асыру мақсатында зерттеуімнің мақсаты елімізде және әлемдік деңгейде көп сұранысқа ие ғылым саласы-биотехнология арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің жолдарын айқындау. Қазақстан Республикасы аумағындағы ауылшаруашылығының интенсивті жолмен даму барысында биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада және стратегиялық тұрғыда өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар зерттеу. 
Ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту арқылы ел экономикасын көтеруде елімізде және әлемдік деңгейде көп сұранысқа ие ғылым саласы - биотехнологияның Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы қолданысын анықтау. Сонымен қоса кадр жетіспеушілігі, жұмыспен қамту қалай жүріп жатқанын бақыланады, ең бастысы өнімділікті арттырып, ішкі және сыртқы нарықты тұрақтандыру, дамыту және ешқандай экологиялық проблемаларсыз экономиканы қарқынды дамыту жолдарын ұсыну. Өзіміздің сапалы табиғи өнімді тұтынуымыздың маңыздылығын көрсету.
-571545148500 2011-15 жылдар аралығындағы «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы» 2011 жылмен 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің төмендеуі байқалды, яғни 12,6% түсті. Ендігі 2013, 2014, 2015 көз жүгіртсек, тек өсімнің бар екендігін көреміз. Сонда 2012 жылы неге түсім байқалды? Аталған көрсеткіштің төмендеуіне 2012 жылғы қолайсыз ауа-райы жағдайларымен қатар технологияның жоқтығы себеп болды. Ал қалған жылдардағы өсім былай сипатталады: Жалпы агроөнеркәсіп кешені өндірістің тұрақты өсуімен сипатталады, осыған себеп ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі көлемінің өсуін сипаттайды. Сонымен қатар қойылған талаптарды уақытында орындау және сыртқы фактордың аз болуы. [11] Көргеніміздей, өсімдік өсіруге өзіндік норма керек. Бірақ, түрлі-түрлі экология проблемалары ол нормаларды бұзуда. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының арасында байланыс, мал азығының азаюына әкеледі.Сондықтан ғылым саласын дамытқанымыз жөн. Президентіміздің айтуы да бір түйіннен шығады. « Бұл салада еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та 1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 3200 долларды құрайды. Ауыл шаруашылығы жаңа техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне инвестиция салуға мұқтаж», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.[4] Яғни, мен проблемаларды ауыл шаруашылығының интенсивті дамуынан іздеуді құба-құп көріп отырмын.
 Экономикалық өсудегі интенсивті фактор – басқару мен технологияны сапалық жағынан арттырумен және жетілдірумен, инновациялық идеяларды қолданумен, өндірісті модернизациялау және адам капиталының сапасын арттырумен байланысты. Қазіргі кезеңде әлемдегі дамыған өнеркәсіпті елдер дамудың интенсивті жолын ұстанып, өндірісте жаңа технологияны қолдануда, инновациялық идеяларды пайдалануда. Орташа деңгейде ғана өнім шығаратын өнеркәсіп орындарын экстенсивті жолмен сан жағынан көбейту жолынан бас тартуда. Басты мақсат – елді индустрияландыру, жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіп орындарын ашу, ғылымға негізделген алдыңғы қатарлы идеяларды өндіріске енгізу, әлемде сұранысқа ие болатын қазақстандық сапалы өнім – отандық бренд шығару.[12]
Интенсивті дамудың ең алғашқы және маңызды факторы- қоғам мен экономикаға әсерін тигізген ғылыми саласы. Соның ішінде биотехнология. Қазақстанда биотехнология саласы қалай бастау алды? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы №802 қаулысына сәйкес ҚР Биотехнология бойынша ұлттық орталығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. [6] Ауыл шаруашылығында биотехнологияны қолдану жетiлген қасиеттермен және жоғары өнiмдiлiгiмен трансгендiк өсiмдiктер мен жануарларды жасау, гендiк-инженерлiк өсiм реттеуiштерiн, био тыңайтқыштарды пайдалануды көрсетеді.
Шешу жолдары:
1. Жоғары технологиялық бизнес үшiн кадрларды даярлау бағдарламаларын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиiс:       Бiрiншiден, бағдарламаны бизнес-құрылымдар тарапынан қосымша қаржыландырудың болуымен үлестiк негiзде iске асыру орынды.       Екiншiден, бiлiм беру бағдарламалары, тренингтерi, семинарлары екi мақсаттық топқа бағытталуы тиiс - бiр тараптан институттардың ғалымдары мен әкiмдерi және шағын инновациялық бизнес саласында әрекет ететiн кәсiпкерлер, және екiншi тараптан атқарушы өкiмет органдарының өкiлдерi; 2."Қазақстандағы биотехнологияны дамытудың 2016-2020- жылдарға арналған" мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу қажет. Бағдарламаның басты идеясы терiс тенденцияларды жою және iргелi және қолданбалы биотехнологияның дамуы үшiн тиiмдi жағдай жасау мақсатында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сипатты шаралар жүйесiн әзiрлеу болып табылады.
Әлемдік сарапшылардың пікірінше, 1950 жылдардан бермен қарай жаңа дамып келе жатқан елдердегі астық өнімдері үш есеге ұлғайған. Мұның басты себебі мынау: Жапонияда сұрыпталған бидай мен күріш дақылдары мен Америка Құрама Штаттарында бапталған көп өнім беретін бұршақ гибридтерінің тұқымдарын тиімді пайдалану Қытай, Үндістан және басқа да Шығыс Азия елдерінде қолға алынды. Оның үстіне суармалы жерлердің көлемі үш есеге арттырылып, тыңайтқыштар көлемі 11 есеге өсті. Бұл шаралар өз кезегінде әлемдегі егістік жерлердің шығымдылығын да үш есеге ұлғайтқан болатын. Солайы солай болғанмен, бүгінгі фермерлерді енді су тапшылығы, тыңайтқыш жетімсіздігі, климаттың өзгеруі, басқа мақсаттарға пайдаланудың салдарынан егіндік жерлер көлемінің қысқарып кетуі, жанар-жағармайдың қымбаттауы, өнімді көбейтетін аграрлық технологиялардың заман талабынан қалып қоюы сияқты қиындықтар тығырыққа тірей бастады. Оның үстіне бүгінгі таңда ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс ғаламшарда бұрынғыдан бетер үдей түсуде. Себебі, әлем халқының саны жыл сайын 70 миллионға өсіп отыр. Дегенмен, фермерлер мен агрономия ғалымдары бұл қиындықтарды еңсерудің де тиімді амалдарын тапқан сияқты. Біріншіден, құрғақшылық пен суыққа төзімді дақылдарды сұрыптап шығару жолға қойылды. Мәселен, Американың Канзас, Небраска, Оңтүстік Дакота, Солтүстік Дакота және Миннесота штаттарында әлгіндей дақылдарды егудің арқасында өнім анағұрлым көбейді. Егіндік жерлердің шығымдылығын арттырудың екінші жолы бір жылда екі рет өнім алуды қалыптастырумен тікелей байланысты. Мысалы, АҚШ пен Қытай, Үндістан және басқа да Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекеттер бір жыл ішінде жаздық және күздік дақылдарды қатар егіп, егістіктерден екі дүркін өнім алудың нәтижесінде бүкіл әлемдегі астық қоры көлемін 1950 жылмен салыстырғанда үш есеге арттыруға мүмкіндік туды. Міне, бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып әлемде қолға алынып жатқан үлкен шаралардың бір парасы жоғарыдағыдай. Бірақ осы келтірілген деректер өз еліміздің азық-түлік әлеуетінің қаншалықты деңгейде екендігін бағамдауға және оның әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне тигізер әсерінің қаншалықты пәрменді екенін пайымдауға жеткілікті ғой деп ойлаймын. Біздің халқымыздың маңдайына әлемде тоғызыншы орында тұрған ұлан-байтақ жер байлығы жазылған. Егістіктерден жыл сайын алынатын астық өнімдері еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өзге елдерге де қолұшын беруге жетіп жатыр. Мысалы, астық пен ұн экспорттаудан Қазақстанның әлемдегі ең ірі мемлекеттердің қатарына іліккені жоғарыда айтылғанның айқын дәлелі деуге болады. Алайда, еліміздің бұл саладағы мүмкіндігі осымен шектелмесе керек. Егер өз елімізге АҚШ, Қытай, Үндістан немесе басқа мемлекеттердің астық өндірудегі ең озық агрономиялық және агротехникалық үлгілерін кеңінен ендіретін болсақ, біздің мемлекетіміздің де бұл саладағы әлеуеті әлдеқайда ауқымды болатыны және әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де ерекше мәнге ие болатыны күмән тудырмайды. Сөз соңында мына бір пікірді де айта кеткен жөн болар. Жер бетінде ең халқы көп Аспан асты елі бұл күнде тек өзін ғана емес, басқаларды да асырап отырғанда, әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін біздің елге ауылшаруашылық өнімдерінің қай-қайсысын да шеттен тасу үлкен сын емес пе? Ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан қаражат жылдан-жылға өсіп отырғанда, оны тиімді жұмсап, ауылдық мекендерде жылыжайларды көптеп салып, жергілікті халықты сол жерде оқытып, жермен жұмыс істеуге үйретіп, әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланып, Қытайдағы сияқты озық тәжірибе тез қолға алынса, азық-түлік саласында еліміздің ішкі сұраныстарымен қатар әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мүмкіндігі де бүгінгіден бетер еселене түсер еді. Халықтың аузында жүрген “әр адамның өзім дегенде өгіз қара күші бар” деген аталы сөзге жете мән берген дұрыс болар деп ойлаймын. Өйткені, елімізде өндірілетін көкөністің басым көпшілігін бұл күнде ірі ұжым қожалықтары емес, жеке-жеке аула қожалықтарының қамтамасыз етіп отырғаны құпия емес. Мен бұл пікірді өмір бойы жермен жұмыс істеп келе жатқан маманның аузынан естідім. Демек, ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бөлінетін субсидия ірі қожалықтармен қатар, әсіресе, аула қожалықтарына, алаланбай, тұтас жететін болса, әрі бұл мәселеге бақылау күшейтіліп, Үкімет тарапынан жіті қадағаланса, елді мекендердегі халықтың ынта-жігері еселеніп, жергілікті тұрғындардың жерге деген көзқарасы тез өзгеріп, жер кәсіптің көзіне айналар еді. Сөйтіп, ауылдық жердегі жұмыссыздықтың тамырына балта шабылар еді. Шынын айту керек, әзірше жермен жұмыс істеуге қолбайлау болып отырған себептер баршылық. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге жете мән беріп, тиісті шараларды тез іске асырса, көрші елдер қол жеткізген жетістіктерге біздің ел де жететініне күмән жоқ. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының бір азаматы біздің елде де банан өсіріп, жеткілікті өнім алуға болатынына көз жеткізді. Демек, сондай азаматтарға қолдау көрсетіп, жеке шаруалардың басқаларға үлгі болатын озық кәсіптерін ақпарат құралдары арқылы көпшілік қауымға үнемі дәріптеп отырса, бойкүйездік, енжарлық, құнтсыздық және, ең бастысы, кезінде ұлы Абай сынап-мінеп кеткен еріншектік пен жалқаулықтың ауылы алыстар еді. “Жері байдың елі бай” деген аталы сөз бекер айтылмаған. Ендеше, айналамыздағы Жерді еміп отырған ағайындардан үлгі алып, құнарлы жерді кәсіптің көзіне айналдырудың тетіктерін ойластырып, кезінде есепсіз оңды-солды бөлінген құжаттары дұрыс, бірақ қурай ғана өсіп тұрған жер телімдерін қайта іске қосудың заңды тетіктерін жасау Үкіметтің кезек күттірмейтін мәселесіне айналуы керек. Тек солай еткенде ғана ит-арқасы қияндағы сырт елдерден картоп немесе басқа өнімдерді тасу тоқталады. Демек, азық-түліктің бағасы да өз сабасына түсетін болады.
Қолданған әдебиеттер
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.
Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам . Егемен Қазақстан, 2012. 10 шілде.
Егеменді Қазақстан, 2011.13 қыркүйек
https://kk.wikipedia.org/wiki/Агроөнеркәсіптік_кешен_құрамы_мен_маңызыhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2015/11/itog_za_2014_god_kaz.docxhttps://kk.wikipedia.org/wiki/Ауыл_шаруашылығыhttp://el.kz/m/articles/view/Ауыл-шаруашылығы-саласында-2-млн-300-мың-адам-жұмыспен-қамтылдыhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/P060000363_http://el.kz/m/articles/view/content-11318https://egemen.kz/2011/?p=302668http://www.biocenter.kz/novosti/smi-ob-ncb/276https://kk.wikipedia.org/wiki/Инфрақұрылымhttp://agro.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/ult-zhospary-100-nakty-kadamyn-zhuzege-asyrudagy-auyl-sharuashylygy-salasyna-mindettelgenhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/01/operativtik-esepke-taldamaly-zhazbahat.doc
РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА
Фамилия Ербол
Имя Сұлтан
Отчество
Ученая степень, звание
Организация, должность Назарабаев Интеллектуальная школа физика математического направление , г Астана, ученик
Домашний адрес с указанием почтового индекса 010000, Астана қаласы, 31 көше, 37 үй.
телефон 87776248257
E-mail maral_t21@mail.ru
Секция География и туризм
Название доклада (полное название) «Мәңгілік Ел» шеңберіндегі Индустриаландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсімСведения о соавторах : Жунусбаева Марал Турмысовна, учитель географии, ФМН,НИШ г Астана
Серия:
Школьники
студенты;
ученые, преподаватели, докторанты, магистранты
Я намереваюсь:
выступить с докладом на заседании секции;
принять участие в конференции как слушатель;
участвовать заочно.
Будем благодарны за распространение данной информации заинтересованным лицам.
С УВАЖЕНИЕМ, ОРГКОМИТЕТ