Word-м?тіндік процессоры туралы жалпы т?сініктер


№ 19 Сабақ жоспары
Пәні: Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар
Топ ЭБА-141
Сабақтың өткізілетін күні 09.03.16
Сабақтың тақырыбы: Word-мәтіндік процессоры туралы жалпы түсініктер
Сабақ түрі: теориялы
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың мақсаты: студенттерге жаңа білімді хабарлау
Тәрбиелік: -Жұмысқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу
Дамытушылық: Логикалық ойлауын дамыту
Оқытудың формасы мен жүйесі: Ақпараттық оқыту технологиясы
Көрнекілік құралдар: компьютер, слайд
ТОҚ:-
Әдебиеттер: 1. «Экономикалық информатика» / PV Konyukhovskii, Д.Н. 2001 жылы Колесов / оқулық / Санкт-Петербург «Питер»
2. «заңгерлер мен экономистер үшін информатика» / С.В. 2001 жылы Шимонович / оқулық / Санкт-Петербург «Питер»
Пән аралық байланыс: Информатика, экономика
Сабақтың мазмұны мен барысы
І. Ұйымдастырушылық бөлімі: Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Нортон 360 анти вирусы туралы мәлімет жазу
ІІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау
Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтінді енгізуге, түзетуге, форматтауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор. Сонымен бірге бұл бағдарлама құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді, сондай-ақ емлелік пен грамматикалық қателерді және т.б. түзетуге мүмкіндік береді. Бас меню арқылы Іске қосу→Бағдарламалар→Microsoft Office→Microsoft Word )Пуск →Программы→Microsoft Office→Microsoft Word) экранда 6.1 суретте көрсетілген терезе пайда болады.
Тақырып жолы – онда терезелерді басқарудың мына батырмалары және құжаттың атауы тұрады.
Меню жолы. Менюдің әрбір пункітінде мынадай бір типті қомандалардың тобы бар:
Стандарттық аспаптар тақтасында құжаттармен жұмыс істеуге арналған Әзірлеу, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Кесу, Көшірмелеу, Кірістіру сияқты және б. (Создать, Сохранить, Открыть, Распечатать, Вырезать, Копировать, Вставить и др.) негізгі стандарттық командалар бар.
«Форматтау» аспаптар тақтасы – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді, сондай-ақ оның құжаттағы орналасу орнын (теңестіру) тағайындауға арналған.
455422043815000Сызғыш – құжаттың өрісін, сонымен қатар өрістен шегіністі анықтауға мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш өрістің оң және сол жағын, сонымен қатар шегіністерін анықтауға мүмкінлік береді. Тік сызғыш жоғарғы мен төменгі өрісті анықтайды. Шегіністің мысалы:
Міндеттер аймағы – пайдаланушының таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы міндеттерін бейнелейді.
Шиыру жолақтары - құжат бойынша орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
161925020701000Қалып-күй жолы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлімнің нөмірін, беттердің санын және т.б. бейнелейді.
-73660-150495Тақырып жолы
«Стандарттық»
тақта
Тапсырмалар аймағы
Меню жолы
Форматтау
тақтасы
Сызғыш
Қалып-күй жолы
Құжаттың терезесі
Шиыру жолағы
00Тақырып жолы
«Стандарттық»
тақта
Тапсырмалар аймағы
Меню жолы
Форматтау
тақтасы
Сызғыш
Қалып-күй жолы
Құжаттың терезесі
Шиыру жолағы

Мәтіндік үзінділерді ерекшелеу ережелері
Үзіндіні ерекшелеу мәтінді Көшірмелеу, Кесу, Жою (Копировать, Вырезать, Удалить) стандарттық операциялары үшін, сондай-ақ оны басып шығару мен форматтау үшін пайдаланылады.
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеудің бірнеше ережесі бар:
•Үзіндіні ерекшелеу үшін маустың сол жақ батырмасын басылғын күйі ұстай отырып, маустың меңзерін жол бойынша үзіндінің басынан соңына дейін жылжыту керек.
•Сөзді ерекшелеу үшін оған меңзерді қою керек те мауысты екі рет шерту керек.
•Жолды ерекшелеу үшін оның сол жағынан бос орында маусты шерту керек
•Бірнеше жолды ерекшелеу үшін бірінші жолдың басында маусты шерту керек те сол жақ батырманы басылған күйде ұстай отырып меңзерді жолдың соңына дейін жылжытып апарып, содан кейін меңзерді керекті жолдың соңына дейін жылжыту керек
•Сөйлемді ерекшелеу үшін CTRL пернесін басылған күйде ұстай отырып маусты сөйлем бойынша шерту керек.
•Абзацты ерекшелеу үшін абзацтың басындағы бос жерде маусты екі рет шерту керек немесе ерекшеленетін абзацта маусты үш рет шерту керек.
•Бірнеше абзацты ерекшелеу үшін маустың сол батырмасын басылған күйде ұстай отырып бірінші абзацтың басынан сол жақ шет бойынша соңғы абзацтың соңына дейін жылжыту керек.
•+Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін (кесте емес) ALT пернесі мен маустың сол жақ батырмасын ұстай отырып ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек.
ІV. Сабақты қорытындылау мен бағалау:
Браузер дегеніміз не?
Вирус дегеніміз не?
Троян аты деген қандай вирус?
Вирусты кімдер жасайды?
Антивирустық бағдарлама дегеніміз не?
Мұрағат дегеніміз не?
V. Сұрақтарға толық және нақты жауаптар бойынша, есептер бойынша, белсенділіктері бағаланады.
VІ. Үй тапсырмасы:
ПБ төрағасы ___________ К.К. Убаев
Оқытушының қолы ___________ Қ.С. Базарбаев