?аза? тілінен ?й жануарлары т?лдері та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспары (1-сынып)


Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім сапасын арттыру құралы ретінде оқушы тұлғасының функционалды сауаттылығын қалыптастыру»
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі – оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыру»
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: : «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиялар элементтерін қолдану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру».
4-БӨЛІМ: Бізді қоршаған әлем 2-САБАҚ
Мектеп: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі»ММ
Мұғалімнің аты-жөні: Умирбаева Динара Коныршаевна
Күні: 8.12.2016
Сынып: 1
Тақырыбы: Үй жануарлары 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1 тыңдаған/көрген материал бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: сурет бойынша сөздер айта алады, тыңдаған сөзді түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: сурет бойынша сөйлемдер айта алады, тыңдаған мәтін бойынша сурет таңдайды.
Кейбір оқушылар: өз үй жануары туралы айта алады.
Жетістік критерийлері Үй жануарларының төлдерін біледі.
Тілдік мақсаттар Үй жануары, бота, лақ, қошақан, бұзау, құлын.
Құндылықтарды дарыту Үй жануарларына қамқорлықпен қарау.
Пәнаралық байланыс ән, орыс тілі
Сабақта қолданылатын материалдар: теледидар, үй жануарлары мультфильм, ҚБ тапсырмалары, суреттер, презентация, доп, смайлдар
Бастапқы білім Үй жануарларының атауын біледі
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар,
материалдар
Сабақтың басы
3 минут (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Сабақтың басталуына жағымды ыкпал ететін көңіл- күй қалыптастыру. Шеңберге тұру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
-Өткен сабақты қайталау: жануардың дауысы бойынша айту.
- Балалар, бұл жануарлар төлдерін жоғалтып алды. Сендер оны тауып беру керек. Ол үшін тапсырмалар орындаймыз. орындаған сайын оның төлін табамыз.
-Бүгін осы үй жануарларының төлдері туралы айтамыз.
- Сабақ мақсатымен таныстыру.
«Мен сөздерді тыңдаймын, түсінемін, сурет бойынша сөйлем айтамын». Өлең
Жануар дауыстары
Жануар суреттері
Сабақтың ортасы
40 минут
(Ұ)Сөздерді зейін қойып тыңдау, түсіну.
Сөздік жұмысы:
Бота құлын
Қошақан бұзау
Лақ үй жануары
-тыңдау, хормен қайталату,
-төл дыбыстарды ерекше айту.
-сөз тіркес, сөйлем құрау.
Ботаны таптық.(Терезенің алдынан бота суретін алып, жапсыру).
(Жұптық жұмыс)сөздерді бекіту
1.Доп лақтыру арқылы екі оқушы бір-біріне төлдерді айтады, жауап береді.
2. «Бір қадам» ойыны арқылы екі оқушы шығып, қадам жасаған сайын төлдерді айтады.
3. «Ыстық орындық» арқылы сөздің қазақшасын айтады.
Құлынды таптық.(шкафтың үстінен құлын суретін алып, жапсыру).
Бір-бірін бағалау.
Сергіту сәті.
Тыңдаған/көрген материал бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
-Балалар, қазір мультфильм қараймыз. Мұқият тыңдаймыз, көреміз. Сұрақтарға жауап бересіңдер, сурет таңдайсыңдар.
-мультфильм көру, сұрақтарға жауап береді:
-Не туралы? Қандай төлдер көрдіңдер?
-Олар не айтты? Тақпақ айтты
(Ө)-Ал енді мен сендерге тақпақ айтамын, сендер сурет таңдайсыңдар (жеке парақта сурет таңдайды)
Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Құйрығында құндызы
Маңдайында жұлдызы
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең, лақ, лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақ?
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.Түйе төлі-ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
-Балалар, енді тексереміз, бағалаймыз.
Лақты таптық (үстелден лақты алып, жапсыру).

Сергіту сәті. Қошақан.
-Балалар, біздің анамыз да бізді еркелетіп қошақаным, құлыным, ботақаным дейді. Сондықтан біз осы жануарларға қамқор болуымыз керек.
-Сендер үйде қандай жануарға қамқорлық көрсетесіңдер?
сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
Қабілеті жоғары балалар: өз мысығы туралы айта алады.
Қабілеті орташа балалар: мысығы бар екенін айтады.
Бұзауды таптық (үстелден бұзауды алып, жапсыру).
(Т) үш топқа тапсырма:
Буындардан сөз құрап, сөз тіркес, сөйлем құрап айту.
1 топ – бота, құлын
2-топ – лақ, бұзау
3-топ – қошақан, ит
Қошақанды таптық (суретін ілу).
Бекіту.
1.Сурет бойынша барлық төлдерін қайталау. Не жоқ? ойынын өткізу.
2.”Төлдер” ойынын өткізу.
3.Қошақан әнін орындау. презентация
доп
орындық
Қарлығаш әніhttps://ok.ru/video/6835537283
https://youtu.be/7hnq4IYWrtw
жеке тапсырма
Кеспе буындар
Қошақан әні
Сабақтың соңы
5 минут Қорытынды, рефлексия (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жүмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой- пікірлерін білдіре алады.
«Бас бармақ» тәсілі арқылы кері байланыс орнату. Қоштасу. Оқушылармен қоштасу. Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Мадақтау сөз айтып отыру, қабілеті жоғары оқушылар сурет бойынша өз ойын айтады, сәйкес сурет таңдайды Естіген сөздерді түсінгенін суретті таңдау арқылы және сурет бойынша әңгімелеу арқылы тексеремін.
Сергіту сәті, ойындар.