Внеккласное мероприятия по казахскому языку на тему Тап?ырлар сайысы (6 класс)


1.02.17. Ашық іс-шара 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: "Тапқырлар" сайысы.Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың түрі: сайыс сабағы.Көрнекілігі: интерактивті тақта.Сабақтың ұраны:Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -Мемлекеттік тілді білген жөн болар.Мұғалімнің кіріспе сөзі:- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тапқырлар" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады, олар:1. Таныстыру, сәлемдесу.2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)4. "Жеті жұрттың тілін біл"5. "Тапқыр болсаң, тауып көр6. "Жүйрік болсаң, шауып көр"7.Ой-толғау 9. "Мықты болсаң, тауып көр"Сайысқа 6 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысады."Сайысымыздың бет ашарын бастайық,Көрерменді бір серпілтіп тастайық.Таныстырсын сайыскерлер өздерін,Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)Мықты болсаң - алдағыны басып оз.Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтаржасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!1. Қабат – қабат қаптамаАқылың болса аттама. (кітап – книга - book)2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)4. Әй, керемет бір ит барҮй бағады үрмейді.Аяғы жоқ жүрмейді.Рұқсатсыз ол иттенЕшкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)6. Қалқиып ұзын құлағыЕлеңдеп қорқып тұрады(Қоян - заяц - carrot)7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,Тоны бар, киетін шапаны жок,Пайдасы үй ішінен табылған соң,Далаға кіріп шығар сапары жоқ.(Мысық - кот - cat)9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
V-сайыс. «Тапқыр болсаң, тауып көр» 
  бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз. 
1.жатқан,қария,дария,ақылды,ағып. 
(______________________________________________________)    
2. асқар,ағып,тау,бала,жатқан,әке,бұлақ. 
(______________________________________________________) 
2
3.тамған ,тамар,у,бал.тілден., 
(______________________________________________________) 
  4.үйдің ,жылы туған,түтіні. 
(______________________________________________________) 
5.шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың. 
(______________________________________________________) 
6.қорқытады,терең,көп,батырады. 
IX  кезең  «Ой толғау» Соңғы кезең. Берілген тақырыптарға 5 жол өлең тауып жазу.(,білім,тіл,отан, гүл).
  Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Міне,осымен тіл мерекесіне арналған «Тапқырлар »сайысыда өз мәресіне жетті.Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік! 
жатқан,қария,дария,ақылды,
ағып. 
 асқар,ағып,тау,бала,жатқан,
әке,бұлақ. 
тамған ,тамар,у,бал.тілден., 
  үйдің ,жылы туған,түтіні. 
шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың. қорқытады,терең,көп,батырады. 
Сөз мерген сайысыЖүргізуші: Құрметті жиналған студенттер, оқытушылар бүгін колледжімізде  жоспарланған класстан тыс іс-шаралар айлығында өткелі тұрған тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер!
Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген, 
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден. 
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер 
Алдыңызда тіл сайысы –«СӨЗ МЕРГЕН»! 
Бүгінгі –«СӨЗ МЕРГЕН»сайысына 3топ қатысады.
  Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылатанды да-осы тіл. Ең ащы да-тіл,ең тәтті де –тіл.Қазақ тілі-дүние жүзіндегі бай,бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал-мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған. 
Беташарын додамыздың бастайық, 
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық. 
Ортамызды сайыскермен толтырып, 
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
 №101топ студенттері:1. Юлмуханбетов Азат, Оразғали Еркін,Таукелов Қанат.
№102 топ студенттері: Ермағанбетов Ақжол, Жолдасқалиев Мерболат, Куйсенов  HYPERLINK "http://u-s.kz/publ/4584-sz-mergen-sayysy.html" \t "_blank" Мади.
№103 -№104топтарынан құралған каманда: Нанбай Мөлдір, Хасенова Гүлнара, Нурғабылова Гүлжанат 
 
Ал енді осы топтың қайсысы оза шабатынын,қайсысы  ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен танысайық. 
1. Тарих пәнінің оқытушысы Биржанов Марал Қансұлтанұлы 
2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Апетов Қатан Петржанұлы.
3. Колледж әдіскері НесіпбаеваРоза Мәлікқызы.
I кезең  «Сәлем-сөздің атасы» 
Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек. 
Сөз кезегін  қатысушыларымызға береміз.
-Көп Рахмет!
II кезең «Мықты болсаң тауып көр». 
Бұл кезеңде мықтылықтырынды көрсетесіңдер1
Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар.. 1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай)       алыс2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас)   момын3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау)    ұрысу
4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер)  алыс5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш)  қарамақарсы сөз тіл азар6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды)   өңешін созды   ұрысу
7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді)      қатты ұрысты
8. Тас, су, жер, ет (бауыр)  мейірімсіз9. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей)    әсем, көрікті
10. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді)  ұйықтамады.
Жүргізуші:                                     Додаға түсіп жарыспай 
Жүйріктің бағы жанар ма?! 
Білім мен өнер жарысып, 
Тәрбие білім табар ма?! 
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі, 
Кім жүйрік ойға-сол алда! 
III кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр» 
Жасырылып тұрған сөзді тауып,сол табылған сөзді  орысшаға аударып айту. 
Бірлігі жарасқан  * * бұзылмас.              (ел- страна) 
Татулық табылмас * * * * *.                  Бақыт-счастье) * * *  -ұлы қару.            (сөз-слова)  
Адамды  * * * * үйретеді.           (өмір-жизнь) 
Еңбек-таптырмас * * * * *.       (байлық-богатство) 
Тәрбие басы-* * *.                  (тіл-язык)   
IV-сайыс. «Ойлы болсаң, тауып көр» 
  бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз. 
1.жатқан,қария,дария,ақылды,ағып. 
(______________________________________________________)    
2. асқар,ағып,тау,бала,жатқан,әке,бұлақ. 
(______________________________________________________) 
2
3.тамған ,тамар,у,бал.тілден., 
(______________________________________________________) 
  4.үйдің ,жылы туған,түтіні. 
(______________________________________________________) 
5.шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың. 
(______________________________________________________) 
6.қорқытады,терең,көп,батырады. 
(______________________________________________________) 
  V-сайыс. «Кім жылдам?» 
Қолдарыңызға берілген сөздердің синонимін табамыз. 
Ертеде-------------баяғыда 
Үлкен---------------дәу 
Ажар--------------келбет 
Тамақ------------дәм 
Таңертең------азанда 
Кішкентай----биттей 
  Берілген сөздердің мағынасын ашу: 
  Төбесі көкке жету------қуану 
Қырық пышақ болу----араздасу 
Ит өлген жер---------алыс 
Тіс жармады---------үндемеді 
Қыздың жиған жүгіндей------әдемі 
Жерден жеті қоян тапқандай----мәз-мәйрам болуы 
  VI кзең  «Озық болсаң озып көр».
Топтарға сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 10 ұпайдан есептеледі.
1 топқа:  
1.ҚР қашан тәуелсідік алды?       (1991 ж. 16 желтоқсанда)
2. Қазақстан тұңғыш ғарышкері кім?    (Тоқтар Әубәкіров)
3. Шоқанның әжесі?            (Айғаным)
4. «Көксерек»  әңгімесінің  басты кейіпкері? (Құрмаш)
3
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
2-топқа:
1. «Қазақ хрестоматиясын»  жазған кім?   (Ы.Алтынсарин).
2. Күй атасы кім  (Құрманғазы). 
3. Орфография қай елдің сөзі?  (грек) 
4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
5.Қазақ тілі алғаш мемлекеттік  мәртебесін қай жылы алды?  (1989)
6. Абайдың туған жылы?   (1845)
3- топқа:
1. Қазақ даласының жарық жұлдызы  (Шоқан)
2. Ақылды сөзінің түбірі?   ( ақыл)
3. Қазақ алфавитін  жасаған ғалым?  (а.Байтұрсынов)
4. Беташар қашан айтылады?  (келін түскенде)
5. Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай) 
6.Алғашқы романист жазушы? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал». VII кезең «Тапқырлық»  деп аталады. 
Бұл кезеңде ойыншылар берілген сөздерден мақал  табуы қажет.дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
 
  Ана тілім,өзгелерден бөлексің, 
Бала жүрек саған арнап жыр төксін. 
Қай асылға теңесем де жарасар, 
Ана тілім баға жетпес өнерсің   дегендей,келесі сайыс- 
VIII кезең   «Тіл өнері»    берілген сұраққа мақал-мәтелмен  жауап беру. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1.Жылан інінен қалай шығады? 
Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады. 
2.Қар жана ма? 
Қалауын тапса қар жанады 
5
3.Инемен құдық қазуға бола ма? 
Оқу инемен құдық қазғандай. 
4.Ең тәтті не? 
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті 
5.Не қорқақ,не батыр? 
Көз қорқақ,қол батыр. 
6.Кімнен кім жаман? 
Олақтан салақ жаман. 
7.Тауық түс көре ме? 
Тауықтың түсіне тары кіреді. 
8.Оттан да ыстық не? 
Отан оттан да ыстық. 
9.Шошқа үре ме? 
Ит жоқта шошқа үреді. 
10.Ер қаруы нешеу? 
Ер қаруы бес қару. 
11.Отқа түсіп күймеуге бола ма? 
Отан үшін отқа түс күймейсің. 
12.Жігітті шал деген жөн бе? 
Жаман жігіт жасында шал болар. 
13.Үлкен сөз, үлке көз бола ма? 
Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен. 
 
IX  кезең  «Ой толғау» Соңғы кезең. Берілген тақырыптарға мақал тауып жазу.(қойшы,бірлік,жер,ит,еріншек,білім,тіл,отан, гүл,өтірік,той,әке).
  Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Міне,осымен тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген»сайысыда өз мәресіне жетті.Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік! 
«Тапқыр болсаң. талас жоқ» интеллектуалдық сайыс сабақ
16-01-2015, 23:56
Автор:  HYPERLINK "http://bilimtime.kz/user/%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B7%D0%B0%D0%B4%D0%B0/" гулзада
Қарау саны: 5824
Пікірлер: 0
HYPERLINK "http://bilimtime.kz/oamdy/bastauysh-synyptar/print:page,1,511-tapyr-bolsa-talas-zho-intellektualdy-sayys-saba.html"
Версия для печати

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң. талас жоқ» интеллектуалдық сайыс сабақМақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өзбетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру ,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетіндамыту3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беругедағдыландыруСабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.Көрнекілік: суреттер,сызбалар,қанатты сөздер,карточкалар,логикалық есептер.Сабақтың түрі:топтық жұмысЖоспар :1.Оқушыларды топқа бөлу2.Топ басшысын сайлау3.Әділқазы алқасын сайлау4.Әр топқа тапсырмалар беру5.Қорытындылау1 топ «Алғырлар» тобы2 топ «Білгірлер» тобы3 топ «Зейінділер» тобыЖүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру«Тапқыр болсаң, талас жоқ.» сайыс I-тур : « Кім жүйрік»а.Топбасшысына арналған сұрақтарII-тур: « Ойлан,тап!»Ана тілі пәніа.Құпия хаттарға жауап беруә.Мәтіннен үзінді:б. Айшықты сөздер.III-тур : « Кім жылдам ?»Қазақ тіліIV-тур : « Сен білесің бе?»V- тур: « Қас –қағым сәт»а.«Логикалық тапсырмаларБілген сайын келеді біле бергім,Біле беру емес пе тілегі елдің.Бүгін осы сайыста жеңіске жет.Білімді,әрі білікті жас жеткіншек.I-тур « Кім жүйрік »1-тапсырма.Топбасшысына арналған сұрақтар1 топ:1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.1993 ж)3. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)4. Күйді орындаушы адам ( күйші )5. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)6. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)7. Суретші ата? (ә. Қастеев)2топ1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)2.. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)3..Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)4.. Көру мүшесі не?5. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)7. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?(Енін ұзындығына көбейтеміз)3топ1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)2. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)4. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)5. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)6. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)7. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)II Тур «Ойлан,тап!» 1 тапсырма Құпия хаттарға жауап беруI -топҚұрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірікайта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жанымсүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?II-топҚұрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргендеүй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кішібалаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсыойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?III-топҚұрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайыналғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы меніңне істегенім дұрыс?2-тапсырма Мәтінен үзінді:аты,авторы1топШынында да бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен? Ондай бала тіріболуы тиіс.Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса ,Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!Жусанның иісін сағынбауы мүмкінемес қой. ( Жусан иісі. С.Мұратбеков) 2-топ-Иә,Қызыл Жебе,Сахалин тым-тым алыс.Әрі десе,міне, біздің жылы жаққа да қыс түсейін деді. Ал, Сахалинде қазір қақаған аяз. Ондағылар ит жеккен шана мініп жүреді.- Ол қайтадан картаның алдына барды.( Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар.)3-топ Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдында жас туған төлдерге қуанысып, жапа-тармағай жүгірген балалар, қарбалас өмір елестеді. Құлағына құстың қуанышты қиқуы келгендей болды. (С. Бегалин. Қырдың жас түлегі.)3-тапсырма«Айшықты сөздер»Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі.Ойланып,мағынасын айтуларың керек. 1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)2.Бетінен оты шықты(ұялу)3.Ит өлген жер (алыс)1.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)3.Таяқ сілтем жер (жақын)1.Төбесі көкке жетті (қуанды)2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)III-тур « Кім жылдам ? »1 тапсырма. "Сиқырлы сандар"1 топқа. Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп,оның маңдайынан сүйеді.2 топқа. Сызба байынша сөйлем құрап,қыстырма сөзді тап.3 топқа. "Сыйлық"2-тапсырмаМақалды жалғастыр.1-топ1.Тіл тас жарады,тас жармаса... (бас жарады)2.Бал тамған тілден..(у тамады)3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)5.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)2-топ1.Өнер алды -...(қызыл тіл)2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )4.Басқа пәле...(тілден )5.Тілге құрмет-...(елге құрмет)3-топ1.Өз үйім...(өлең төсегім )2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )4.Ғылым теңіз,...(білім кеме )5.Оқу инемен.....(құдық қазғандай )IV-тур « Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, екі тілге аудару.1. Әттең,даусым тілім жоқ,Құшағымда білім көп.(кітап-книга)2. Бірін-бірі қоштаған,Бір үйден көрдім,Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква) 3. Қалқиып екі құлағы,Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)4. Жұқа тақтай бөлшегіҰзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)5. Жолбарыстан аумайды,Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка)6 .Бұлаңдаған құйрығы,Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса)7. Қоймасын қыс ақтарып,Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)8. Жеп көріп ем өзім мен,Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)9. Қолы менен қаламы жоқ,Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)V-тур « Қас-қағым сәт» Білім шыңына шығу шығу үшін сұрақтарға жауап береміз.1.Ағашта 9 құс қонып отыр. Аңшы 1құсты атып түсірді. Ағашта неше құс қалды?2. 1аяқпен тұрған қораздың массасы 5кг. 2аяқпен тұрса массасы қанша болады?3. 1метрде неше см бар.?4. 1тоннада неше кг бар?5.8-дің квадраты нешеге тең.6.Алманың жартысы неге ұқсас.7.1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?8. Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады.9. Әріпті өрнек дегеніміз не.10. х/70=9 теңдеуін шеш.Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.Тауды биік деме сен,Талаптансаң шығарсың.Қарсылас мықты деме сен,Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
0