Мені? Отаным — ?аза?стан! танымды? сайыс



"Менің Отаным - Қазақстан!"
танымдық сайыс
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жек тұлға етіп тәрбиелеу.Міндеттері: 1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Түрі: сайыс Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат
Мұғалім: Армысыздар, құрметті әріптестер мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.
Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным –Қазақстан» атты танымдық сайыс сағатын өткізіп отырмыз. Бұл сабақ сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып гимн орындап жіберейік.
ГИМН орындалады.
Мұғалім:Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,Табылғандай танымда, жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.
Сондықтан да бүгінгі 8-9 сынып оқушылар арасында танымдық сайысына қош келіпсіздер! Сайыскерлерді ортаға шақырайық.Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әрбір кезең бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап отырады)
Мұғалім:Адам меңгермейтін білім бар ма?Жойқын күшті тындырар күшің барда.Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгерАлға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.
Оқушыларды топқа бөлу "Туған жер ", "Атамакен "
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:І кезең "Бәйге"ІІ кезең "Мен жайлы білесің бе ?"ІІІ кезең "Сөз құрастыру "ІV кезең "Кім тапқыр "V кезең "Қызықты сөздер "
VI кезең "Сандар әлемі "
Мұғалім:Мықты болсаң - алдағыны басып оз,Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,Шәкірттерге әділ баға беріңіз.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?1- кезең
1 топ сұрақтары "Туған жер"тобына
Қандай ғылым елтаңбаны зерттейді? (геральдика~Қазақстан қандай ел? – Егеменді, тәуелсіз
Қазақстанның орналасқан жері – Еуразия құрылығы
Қазақстанның жалпы құрлық шекарасының ұзындығы ? 13394 км
Қазақстан Республика қашан тәуелсіздік алды? 1991 ж
Кімнің өлеңі?
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Ұлыстың ұлы күні қай күні? 22 наурыз
Тудың авторы кім ?Тудың көгілдір түсі нені білдіреді?
Қыркүйек, қазан, қараша қай жыл мезгілдің айлары?
2 топ сұрақтары "Атамекен"тобына
Қазақстанның жер көлемі – 2724902 шаршы км.
Қазақстанда неше облыс бар? – 14
Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?
Қазақ тілі қай тілдің тобына жатады?
Ш. Уәлиханов кім?
Кімнің өлеңі?
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі дірілдеп
Ауылдың жаны –терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қазақстанда тұрғындар саны қанша ? 17 926 500 адам.
Қазақ алфавитінде дауысты дыбыстар неше?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан қай жыл мезгілдің айлары?
Қазақстанның “Швейцариясы” – Көкшетау, Бурабай
1 топ тапсырмасы. мақалдарды жалғастыр
"Атамекен"тобына1 . Тамшы тас жарады, тас жармаса ...... (бас жарады2 . Өнер алды – қызыл ......... (тіл 3 . Ана сүті бой өсіреді, ........... ой өсіреді (ана тілі4. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ....... боларсың. (шешен5. Көп сөз күміс, аз сөз ....... (алтын 6 . Мектеп – кеме, білім - .......(теңіз 7 . Денсаулық – зор ........ (байлық 2 топ тапсырмасы "Туған жер"тобына
1. Әдепті бала – арлы бала, ........ (Әдепсіз бала сорлы бала2. Бала тілі - ....(бал . 3. Ашу - дұшпан, ақыл - .......( дос4. ..... көтермегенді, тіл көтереді(піл
5. Тілден артық ......... жоқ.(қазына 6 . ..... оттан да ыстық (отан 7. Отансыз ....... , ормансыз бұлбұл( адам
2 кезең - Мен жайлы білесің бе?- атты бөлімге тоқталайық. Бұл бөлім сіздердің тапқырлықтарыңмен, есте сақтау қабілеттеріңе баға беру.
Қандай сынақ болсадағы,
Әрқашанда ұмтыламыз жеңіске – деп жылдарды сөйлетейік
1991ж - Тұңғыш ғарышкер ұшты (Тоқтар Әубәкіров )1992ж-ҚР-ның рәміздері қабылданды
1993ж-теңге дүниеге келді
1994ж- Ғарышқа Талғат Мұсабаев ұшты
1995ж -Абайға 150ж, Ата заң .
1997ж-Астана Ақмолаға көшірілді
2002 ж- Денсаулық жылы
2003ж- Ауыл жылы
2015 ж -Қазақ хандығына 550 жыл
2016 ж - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
2017-жыл - Алматы қаласында универсиада өтті
22 ақпан- Ана тілі күні
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7- мамыр Отан қорғаушылар күні
9 мамыр -Жеңіс күні
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым- ҚР мемлекеттік рәміздер күні
6 шілде - Астана күні
30тамыз- Қазақстан Республикасының Конституция күні
22 қыркүйек ҚР халықтарының тілдер күні
15 қараша -Ұлттық валюта күні
1 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздік күні
Сергіту сәті : «Қызықты ұйқастар»1. Өрмекші құрды тұзақМенің ұлтым... /қазақ/2. Аман болсын қарттарСуықты болар.../қаңтар/3. Құт - береке жауғыз,Келе жатқан.../наурыз/4. Ашытылған қамырМерекелі... /мамыр/5. Суда жүзер сазанАйдың бірі... /қазан/6. Биіктеуде жас қала,Бас қаламыз... /Астана/7. Менің досым салмақтыБұрынғы астанамыз.../Алматы/8.. Тынықтырар түнҚуаныш сыйлар.../күн/
3 - кезең. «Сөз құрастыру» сайысы.«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.«Бесбармақ» - бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. «Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі,енді.«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу4-кезең «Кім тапқыр?»
(Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)В- Семирамиданың аспалы бағы қайда орналасқан.(Вавилон каласында)Г-құрылыс материалдарының бірі(Гранит) гравий, глинаҒ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)И- тігінші құралы (Ине)Й- қоңыр түсті дәрі (Иод)К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)Қ- атақты күйші(Құрманғазы)Л- ешкінің төлі.(Лақ)М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)Н-ас атасы -… (Нан)О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)Ө- тілсіз жау-… (Өрт)П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)С- тілдің негізі не?(Сөз)Т- үш бидің бірі.(Төле би)У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)Ұ-Бұл маманды Барлық балалар армандайды?(Ұшқыш)Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)Ш- атақты композитордың аты (Шәмші Қалдаяқов)Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)Я- су көлігі(яхта)
5 - кезең. «Қызықты сөздер».1. Карта....(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы).2. Конституция....(Ата заң).3. Шаңырақ.....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі).4. Шекпен...(Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім).5. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі).6. Саба, торсық, келі, күбі...(Қазақтың ұлттық ыдыс - аяқтары).
6- кезең "Сандар әлемі "
Бұл кезіңде тақтада ілулі тұрған сандарды таңдап, артында берілген тақырып бойынша мәтін құрап, әңгімелеп беру керек.
50
100
20

50
100
20

тақырыптар :1. Ұлттық рәміздер
2. Алматы 2017 - Универсиада
3. Ұлттық музыкалық аспаптар
4.Ұлттық салт -дәстүрлер
5. Ұлттық ойындар
6. Наурыз мерекесі
Мұғалім : Сарапшылар жинаған ұпайларды санап болғанша оқушылар "Туған жер ", "Атамекен", "Қазақстан" туралы жаттап келген өлеңдерді ортаға салады.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Сарапшыларға сөз беру ----------
Жақсылық –рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Хормен: «Отан,Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»
Мұғалім: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.
«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.
Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!