«1001 ма?ал, 101 ж?мба?» сайыс саба? 5 6 сыныптар?а жаратылыстану биология бойынша


Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» «1001 мақал, 101 жұмбақ»Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасында салып, бақтарын сынату, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.Тәрбиелік: Қазақ халқының мақал-мәтел, жұмбақтарын оқушы бойына ұлттық педагогика негізінде қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақтау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру. Жалпы сайыс жүрісі:1. Жұмбақты жасыру 2. Мақал-мәтелдің соңғы жолын аяқтау3. “Біліміңді сынап көр” Таныстыру бөлімі:1-топ: «Алғырлар»Ұраны: Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл, Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл. 2-топ: «Тапқырлар»Ұраны: Қандай сынақ болса-дағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске. 1- кезеңБалалар әдебиетіндегі ең қиын жанрдың бірі – жұмбақ. Жұмбақ – ақындықтың тапқырлық мектебі. Ол адамның ой ұшқырлығын шыңдайды. 1 – кезең 1. Қозғалмай бір орында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, Және де көбеймекке талап қылар. ЖАУАБЫ:АҒАШ 2. Бір күмбездің ішінде мың күмбез. Жауабы: ЖУА 3. Жер астына түседі, Сап-сары боп өседі. Жауабы: Сәбіз 4. Бір анадан жүз бала, Жүзі де боз бала. Жауабы: Жүзім 5. Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ, Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ. Ішінде көп балапан етер мекен, Ас қылып сойып жесең балдай екен. Жауаы: Қарбыз 2 топқа 1. Есек құйрықты, түйе ерінді, Ит сирақты, бұғы құйрықты Жауабы: Қоян 2. Ыржаяды, күледі, Басқан ізді біледі. Таусылмайтын шабысы, Жұртқа мәлім жүрісі. Жауабы: Түлкі 3. Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша, Тыңдама жұмбағымды ұнамаса. Бойы бар бір құлаштан астамырақ, Басында мүйізі бар оннан аса. Жауабы: Бұғы 4. Түссе күннің шуағы Көзді еріксіз жұмады. Жылы жерді сүйеді, Беті-қолын жуады. Жауабы: Мысық 5. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбатты жан шыдамас үндері бар. Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ, Кететін зиян қылып бір жер бар. Жауабы: Арыстан 2- кезеңБіздің 2-шартымыздың тақырыбы: «Салалап тарап сақалды, кәрілер айтар мақалды».. 1 топқа: 1. Қорада малың болсын, Көшеде талың болсын 2 Көлдің көркі құрақ,............................................  Таудың көркі бұлақ. 3.  Таумен тасты су бұзар, ...................................  Ел арасын қу бұзар. 4. Ай тігінен туса - өзіне жайсыз, ......................................... халыққа жайлы. 5.  Сәуір болмай, ………………….. тәуір болмас. 2 топқа 1. Ерді намыс өлтіреді, ...................  Қоянды қамыс өлтіреді. 2.   Асықпаған арбамен, .......................................... Қоян алар 3. Таулы жер бұлақсыз болмас, ............................................. Сулы жер құрақсыз болмас. 4. Жер құтты болса, .................................. Мал сүтті болады. 5. Су - ырыстың көзі, ........................................ Еңбек кірістің көзі. 3 кезең Біліміңді сынап көр 1 топқа5 сыныпТапсырма: 1. Жаратылыстану пәні нені үйретеді?2. Қандай жаратылыстану ғалымдарын білесің? Тапсырма: 6 сынып1.Күн жүйесіндегі планеталар. 2. Жердің Күн жүйесіндегі орнының мәні қандай? 2 топқа 5 сынып Тапсырма: 1. Жер ғаламшары 2. Жердің ішкі құрылымы 6 сыныпТапсырмалар: 1.Тамыр бөлімдерін ретімен ата. 2. Әр бөлімнің қызметіне тоқтал.