Ана тілі п?ні ?зен Ыбырай Алтынсарин



Зырян ауданы Феклистовка ауылы
«Киров орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Буралбай Даметкен
Ана тілі 3 сынып
Пәні Әдебиеттік оқу
Тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты Өзеннің адам өміріндегі пайдасы туралы біледі.
Қазақстандағы және жергілікті аймақтағы өзендер туралы мағлумат алады.
Ресурстар •Жасырын сөз
•Постер
•Видео
•Доп
•Үлестірме қағаз
Нәтиже Ойлау, есте сақтау, сөздік қорлары дамиды
Көз алдарына елестете отырып, өлең жолдарының мазмұнын талдай алады
Қазақстанның және жергілікті жердегі өзендер туралы білімдері кеңейеді
Өз ойын ортаға сала алады
Тапсырмалар Жасырын сөз
Жеке- топпен жұмыс
Слайд
Жеке жұмыс
Диалог
«Бес саусақ»
Кейінгі тапсырма Өлеңді жаттау
Оқыту әрекеті
Тапсырмалар Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушы іс- әрекеті Уақыт
Псмхологиялық
ақуал туғызу
Топқа бөлу
Сәлеметсіңдер балалар?
Бүгінгі сабақ алдындағы көңіл күйіміз қандай?
Мұғалім топқа бөліп отырғызады Бес болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз (бірге қайталау)
Топ болып отырады 2 минут
«Жасырын сөз» Бір сөзді жасырады 5 сұрақ береді
Ол адам өміріне өте қажет?
Оны адамның екінші анасы деп те атайды?
Адам одан өзіне жатеттінің бәрін алады? Оқушылар сұраққа жауап іздейді, топпен ақылдасады ортақ шешім шығарады
3 минут
Жеке-топпен жұмыс
« Ойлан- бірік- бөліс» Оқушылар жекелей табиғат сөзіне байланысты басқа сөздер жазады, бірігіп салыстырады, ортақ ойды шығарады
Жекелей табиғат туралы сөздер жазады.
Жұптасады ортақ сөздерин табады.
Топтасып ортақ сөздерди тауып постерге түсіреді 1 оқушы қорғайды 10 минут
Слайд Слайд арқылы табиғат бейнесі көрсетеді Оқушылар өздерінің қорғаған постерлері мен табиғат көрінісін салыстырады 3 минут
Сабақтын мақсатымен
Таныстыру Бүгін балалар сендермен Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлең жолдарымен танысамыз. Топпен, жұппен жұмыс істейміз. 0,5 минут
Топтық жұмыс Ы.Алтынсарин туралы не білеміз ? сұрағын ортаға қояды. Оқушылар Ы.Алтынсарин туралы білгендерін ортаға салып, ақылдасып ортақ шешім шығарады 4 минут
Жеке жұмыс –
Жұппен жұмыс Оқушыларға өлең бөлініп беріледі тізбектеле жеке оқып, одан жұптасып талқылау ұсынылады. 2 жұп бір -біріне өлең бөліктерін түсіндіреді. Өзенге сипаттаманы дәптерлеріне жазу ұсынылады.
КРИТЕРИИ
Өлең жолын қатесіз оқиды
Өлең жолдарын нақышына келе оқи алады
Жұптасып талқылауда ойымен бөліседі Музыка әуені бұлақтын сылдыры
Орташа денгей оқушыдан бастап тізбектеле оқиды, оқушылар жұптасып бірлесе өлең жолдарын талдайды.
Дәптерлеріне өзенге сипаттаманы жазып алады.
Критерии бойынша бағалау 10 минут
Сергіту сәті «Жаңбыр тамшылары» саусақтарымен жаңбыр жаудыру 2 минут
Топпен жұмыс Біздың еліміздің, жергілікті жердің қандай өзендерін білесіңдер? Топтастырып постерге түсіреді 4 минут
Диалог «Сұрақты ұстап ал!»
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды
Ақын өлеңде өзенді қалай сипаттайды?
Өзеннің жанурларға пайдасы қандай?
Адам өміріндегі өзеннің ролі қандай?
Ақын туралы не білеміз?
Өзен көзін қайдан алады? Білімдерін ортаға салады сұраққа жауап береді 5минут
Бағалау Критерии бойынша өзін- өзі бағалау 2 минут
Кері байланыс «Бес саусақпен» сабақты бағалау Тақырыпты меңгерулеріне байланысты саусақтарымен көрсетеді.
Жоғары- жақсы
Орташа – ұғынқырамадым
Төмен – мүлдем ұқпадым 1минут
Өлеңді жаттау 1 минут