Кремний. Кремний диоксиді (9 сынып)


Сабақ: 27 Күні: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кремний. Кремний диоксидіСабақтың мақсаты:  Білімділігі:Оқушылардың IV топтың негізгі топшасына кіретін элемент-кремний,кремнийдің,кремний диоксидінің  физикалық,химиялық қасиеттерімен таныстыру, химиялық элементтер жөнінде білімін тереңдету.Дамытушылығы:Оқушылардың іскерлігін,ойлау қабілетін,ой- өрісін,шығармашылық мүмкіндігін арттыру.Тәрбиелігі:  Оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеу дағды сына,өзара көмекке,ынтымақтастыққа үйрету. Химия пәніне қызығушылығын арттыруСабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі:  түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар,есептер шығару, тестКөрнекіліктер:  Периодтық жүйе,интерактивті тақтадағы слаидтар
Сабақтың жүру барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу2.Оқушыларды түгелдеп,оқу-құралдарын тексеру 3Сабаққа келмеген оқушыларды анықтауIІІ.Оқушы білімін тексеру 1.Миға шабуыл – тест орындау1.Көміртегі қай топта,қай топшада орналасқан?а)Ivтоп,негізгі топшав)Vтоп,негізгі топшас)Ivтоп,қосымша топша2.Көміртек металдармен әрекеттескенде түзілетін зат:а)Нитридтерв)Карбидтерс)Сульфидтер3.Көміртегінің тотығу дәрежесі:а)-4,+2,+4в)-2,+4,-4с)-3,+3,-14.Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері:а)Кристалдыв)Аморфтыс)Алмаз5.Көміртекті ашқан француз ғалымы:а)И.Берцелиусв)Х.Брандс)А.Лавуазье6.Көміртек толық жанбағанда қандай зат түзіледі:а)Көміртек монооксидів)Көміртек диоксидіс)Көмір қышқылы7.Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы:а)24в)12с)68.Кальций карбонатының молярлық массасы:а)100г/мольв)68г/мольс)75г/моль9.1моль газ  қанша көлем алады?а)1лв)10лс)22,4л10.Көміртегі диоксиді қандай оксидке жатады?а)Негіздікв)Қышқылдықс)Екідайлы2. «Кім математик?»1-жаттығуТөмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: Na2O → Na2CO3 → NaHCO3 → Na2CO3 → CO22-есеп.Массасы 146 г натрий карбонаты мен гидрокарбонатынан тұратын қоспаны қатты қыздырған соң , 137 г қатты қалдық қалған.Қоспадағы әр тұздың массасын,массалық үлесін табыңдар.IV.Оқушыларды сабақтың тақырыбымен ,мақсатымен таныстыруV.Жаңа сабақ-мағынаны тануКремний – химиялық элементТақтада: Оқушылардан кремнийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысын сұрау.
Кремний—жай зат1. Табиғатта таралуы.Кремний жер қыртысындағы мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орынды алады.Табиғатта кремний тек қосылыс,яғни оксид және силикат түрінде кездеседі.Кремний минералдар мен тау жыныстары басты элемент болып табылады.Ең көп тараған кремнезем SiO2-құмның негізгі бөлігі.Каолинит және алюмосиликаттар Al2O3∙2SiO2∙2H2O,дала шпаты немесе ортоклаз K2O∙Al2O3∙6SiO2 құрамындада кремний диоксиді мол.Кремнезем-табиғи полимер.Кремнезем мұхиттардың төменгі қабатында кейбір инфузориялар мендиатомды балдырлардың қатты қабықтарының құрамына кіреді.Кристалдық кремнеземді кварц деп атайды,оның алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі тау хрусталі деп аталады,одан бағалы тастар,оптикалық линзалар алынады.Алынуы.1.Магнийге ақ құммен SiO2 қосып қыздырып алады.                                                       t             SiO2 + 2Mg ═  2MgO + Si сұрғылт түсті2.Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қыздырып  алады:                                                                           t             SiO2 + C ═ Si + 2COКремнийді таза күйінде швед ғалымы И.Я.Берцелиус 1822 ж.бөліп алған.Физикалық қасиеттері.Кремнийдің аллотропиялық түрөзгерістері                                      ∕                          \                                               Кристалдық  кремний        Аморофты кремний                                Қара сұр,металдық жылтыры         Сұрғылт түсті ұнтақ зат.           Бар,өте қатты,қиын балқитын,           Аздап электр тоғын өткізетін           зат.                Химиялық қасиеттері: Кремний химиялық енжар элемент, бірақ қыздырса , белсенділігі жоғарлайды.1.Аморофты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:                0           0  +4      -1               Si + 2Cl2 ═ SiCl4            0          0  +4    -2               Si + O2 ═ SiO2 2.Кремний металдармен әрекеттескенде тотықтырғыш болады:               Si + 2Mg  ═ Mg2Si3.Кремний ұнтағы концентрациялы сілтімен реакцияға түседі де,тотықсыздандырғыш болады,нәтежесінде натрий силикаты мен сутек газы түзіледі.             Si + 2NaOH + H2O ═ Na2SiO3 + 2H2↑Қолданылуы: кремний негізіндегі жартылай өткізгіштер электроника саласында, химия өнеркәсібінде қолданыладыSiO2---кремний диоксиді,
   Кремнезем -атомдық кристальдық торлы,қиын балқитын зат.Оның балқу температурасы-1713С.Балқыған кремнезем суығанда аморфты кварц шынысына айналады  .Құрамында SiO2 өзі ғана болса, ақ түсті құм, ал темір қосылыстары араласса, сары немесе қызғылт қоңыр түсті болады. Кремнезем ( SiO2 )n –табиғи полимер,трепел деп аталатын аморфты кремнеземнен қопарылғыш зат-динамит даярлайды.Кристалдық кремнеземді кварц дейді, оның алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі тау хрусталі деп аталады, одан бағалы тастар, оптикалық линзалар алынады. Ал күңгірттеу түстісі—аметист, одан зергерлік бұйымдар жасайды. Кварцтың майда кристалдары өзен суына жиналатын құмды құрайды.
Химиялық қасиеттері:
 1.Кремний диоксиді қышқылдық оксид.Оны сілтімен қосып ұзақ қыздырғанда,силикат түзеді:                                       t              SiO2 + 2NaOH ═ Na2SiO3 + H2O2.Кремнеземді негіздік оксидтермен қосып қыздырғанда да,силикат түзіледі:                                     t               SiO2 + MgO ═ MgSiO33.Кремний диоксидін карбонаттармен қосып қыздырғанда ,ұшқыш газ CO2 бөлінеді:                             tSiO2 + Na2CO3 ═  Na2SiO3 + CO2 ↑  
H2SiO3 ---кремний қышқылы , екі негізді әлсіз қышқыл, суда нашар ериді,сатылап диссоцияланады, тұрақсыз қышқыл, су мен қышқылдық оксидке оңай ажырайды.
Алынуы: Оксидіне су қосып , тікелей алуға болмайды.Бірақ ерімтал тұздарына күшті қышқыл қосу арқылы қоймалжың ақ тұнба алуға болады.
Na2SiO3+H2SO4=Na2SO4+H2SiO3    
Кремний қышқылының тұздарын – силикаттар деп атаймыз.
Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттар силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып саналады. Оның басты салалары: 1:шыны ,2.цемент,3.бетон , 4.қыш өндірістері.
VI-VII.Бекіту. Ой толғау1.Бүгінгі сабағымыздан не білдік, не үйрендік? деген сұраққа жауап табу үшін «Ақсерек, көксерек» ойынын ойнатамын.Оқушылар парталас көршілеріне бүгінгі жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.2.ВЕНН диаграмасы                    Кремний                                           Көміртегі                                 
                                               Ұқсастықтары3.Психологиялық ойын. «Сенесің бе, сенбейсің бе?»1.Кремний III период, IV топтың негізгі топшасында орналасқан. иә2.Кремний тек жәй зат ретінде кездеседі. жоқ3.Екі аллотропиялық түр өзгерісі бар. иә4.Кремний кыздырганда жай заттармен ғана әрекеттеседі.иә5.Кремний диоксидін қыш бұйымдарын жасауда қолданылады.жоқ6.-2;+3 тотығу дәрежесін көрсетеді.жоқЖұмбақ есеп. Өз білімдерін ортаға салу .
Реакция теңдеулерін жазу .
Мен № 4 үйдің 14-ші пәтерінде тұрамын. Көбінесе 8-ші пәтермен араласып тұрамын. Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын. №17, №35 №16 пәтерлермен араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз.
Жауабы: Si , O ,F , Cl ,Br , S.
.Шумақ өлең. Негізгі ойды тауып жаз.
Кремниймін құмның негізі бөлігімін,
Серігімін оттек атты элементтің
Ежелден әйгілімін қатты затпынОттекке қарағанда құрамым аз ,Жүйеде 4-ші мен тұрамын,
Сыңарыммен бірге әркез тұрамын
Латынша «Силициум»деп ат берген.
Гесстің көмегімен ашылдым.
Жер қыртысында жиырма бес пайызбын.
Құрамында ,құм мен саздың
шыны ,қыш ,құмыраның
Кездесемін біле білсең,достым сен .Сабақты қорытындылау .Т ест сұрақтары
1.Жер қыртысының негізі
А) көміртек В) азот С) кремний
2.Құмның негізі А) Si В)SiO 2 С) SiO3.Кремний деген атауды ұсынған ғалым.
А)Д.И.Менделеев В)И.П .Павлов С) Г.И.Гесс
4. Кремнийдің жер қыртысындағы массалық үлесі
А)24 % В)25 % С) 27%
5.Периодтық жүйеде кремний қай топта ?А)ІҮ В)І С) ІІ
6.Кремнийдің реттік нөмірі А) 12 В)13 С) 14
7. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы
А) 24 В)25 С) 28
8. Кремнийдің аллотропиялық түрөзгерісі
А)аморфты және кристалды В) иілімді және кристалды С) алмаз және графит
9.Кремний оттегімен қосылысында неше валентті?
А)2 В)4 С) 3
10.Кремнийдің латынша атауы А)силициум В) аргентум С) гидрогениум
ЖАУАПТАРЫ :1-С 2-В 3-С 4-В 5-А 6-С 7-С 8-А 9-В 10-А
«Қайда қарасақ та көз жіберсек те көретініміз –химияның ғажайыптары.» М.В. Ломоносов.
VII.Үйге тапсырма:§24,25,26 оқу;121 беттегі №5 есеп ,№117-118 бет №4-7 жатығулар орындау
ІХ.Қорытындылау, бағалау.