Разработка урока по казахскому языку для 3 класса по теме Сырганак


Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Суық күндер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы мәліметтеу. Жаңа сөздермен таныстыру.
Білімділік: Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу,оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық:Осы тақырып бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту.
Тібиелік:Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
2.Психологиялық ахуал
3.Тіл дамыту
шаттық шеңберін құру. Оқушылар кезек-кезек жыл мезгілдерін атап шығап және қандай сөзіне мысалдар келтіреді.
Үлгі: Қыс – қыс қандай?
Қыс суық.
Жаз- жаз қандай?
Жаз ыстық.
Жаңа сабақты түсіндіру
Сөздікпен жұмыс.
Оқушыларды бірінші жаңа сөздермен таныстырп аламын. Тілдерін жаттықтырып бірге оқимыз.
Аяз-мороз Қазір-сейчас.
Қар-снег
Айтылым бөлімі:
1-тапсырма. Оқы, сөз тіркестерін жасап айт. Сұрау есімдігін еске түсіру.
Какой?
Қандай?

Ақ
Жылы
Суық
Әдемі
Жақсы
Аязды
Қарлы
Белый
Теплый
Холодный
Красивый
Хороший
Морозный
снежный


Үлгі: Ақ қар, жылы күн, суық күн, әдемі көйлек.
Жұппен жұмыс.
Оқылым бөлімі.
2-тапсырма. Диалогті түсініп оқы.
-Сәлем, Миша!
-Сәлем, Саша!
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Қазір қыс.
-Қыс айлары қандай?
-Қыс айлары: Желтоқсан,қаңтар, ақпан.
-Қыста күндер қандай?
-Қыста күндер суық,аяз.
-Сен қайда барасың?
-Мен стадионға барамын.
-Сау бол, Миша!
-Сау бол, Саша!
Грамматикалық бөлім.
Сұрау есімдігі
Сұрау есімдігі дегеніміз-бір нәрсені сұрап білу мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Мысалы: Кім? –Айжан,Асан, Таня, Маша. Не? –Кітап, дәптер, қалам. Қандай?- Қызыл алма. (Қандай алма?) Қашан? – бүгін, ертең, кешке.
Сергіту сәті
6-тапсырма. Сергітуді оқы, жаса.
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы.
Мектепке баршы,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
Кітаппен жұмыс.
3-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
Қашан? -Қыста, жазда,бүгін. Когда?-зимой,летом, сегодня.
Жазбаша жұмыс.
Деңгейлік тапсырма №1
Мына әріптер атап айт және астын сыз .сөз тіркестерін аудар.
Ә, і, Қ, Ғ, Ы, Ң, Ү,Ұ,Ө.
Менің әжем, Менің әпкем, Әкем дәрігер, Ағам студент, Жылы күн, Қаңтар айы, әдемі үй, дәмді алмұрт, таза бөлме.
Деңгейлік тапсырма №2.
Мына сөздерді аударып жаз.
Лето - ......... Весна - ............
Зима -......... Осень - ............
Теплый - ............ холодно - ............
День -................ жарко - ................
Деңгейлік тапсырма №3 (топпен жұмыс)
Сурет бойынша сөлем құрау.

Деңгейлік тапсырма №4
Сурет бойынша жыл мезгілдерін қазақша атап жаз және сөйлем құра.
1-топқа

2-топқа.

Сабақты бекіту: қысқша тест жұмысы.
Рефлексия: Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасы: 139-бет, 4-, 5-тапсырма.