Тесты по ботанике на казахском


Ботаникадан (Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы;
Өсімдіктер систематикасы)
Өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрылысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым-
А) ботаника
В) геоботаника
С) экология
D) палеоботаника
Е)геоэкология
Тығын кесіңдісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға клетка деген ат берген ағылшын ғалымы –
А) Роберт Гук
В) М. Мальпиги
С) П.Ф.Горянинов
D) Н.Грю
Е) Р. Альберг
Сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары - түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өсетін тамыр –
А) қосалқы немесе адвентивті
В) негізгі бұйыққан
С) негізгі вегетативтік
D) жанама генеративтік
Е) адвентивті немесе генеративтік- адвентивті
Буын аралықтары бір-біріне жақын орналасқан өркен қалай аталады?
А) қысқарған
В) төбе бүршікті
С) бұйыққан
D)бүршікті
Е) ұзарған
Тамырдағы орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұратын, онтогенезінде үш кезеңнен өтетін алғашқы қабықтың қабаты –
А) эндодерма
В) мезодерма
С) эпиблема
D)стель
Е) экзодерма
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысу барысында болмайтын кезең-
А) ксилема мен тоздың сыртында камбий пайда болуы
В) перициклден феллогеннің пайда болуы
С) алғашқы қабықтың түлеп түсуі
D) флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы
Е)өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа
ауысуы
Үшінші жабыңдық ұлпа-
А) қыртыс не қабық немесе ритидом
В) эпидерма
С) перидерма
D) тоз
Е) спермодерма
Ішкі бөліп шығарушы ұлпа:
А) сүт жолдары
В) эмергенттар
С) гидатодтар
D) трихомалар
Е) шырындықтар
Перидерма немесе тоз қандай ұлпа?
А) соңғы жабындық
В) алғашқы жабындық
С) үшінші жабыңдық
D)қосалқы өткізгіш
Е) аралас құрамды
Клеткадағы бір ғана лейкопластың стромасына сіңіп, жинақталған крахмал -
А)жай дәні
В) қосарлы крахмал дәні
С) күрделі крахмал дәні
D) жартылай күрделі крахмал дәні
Е) транзит крахмал дәні
Крахмал бір лейкопласт стромасының, екі немесе үш жеріне жеке-жеке жинақталатын болса, оны қалай атайды?
А) күрделі крахмал дәні
В) қосарлы крахмал дәні
С) жай дәні
D) жартылай күрделі крахмал дәні
Е) сақтаулы крахмал дәні
Бірімен-бірінің байланысы үзіліп, бет-бетімен ыдырап, бөлек-бөлек болып, ажырасып кеткен клеткалар-
А) мацерацияланған
В) тотипотенттелген
С) кристалданбаған
D) деплазмолизделген
Е) плазмолизделгенЖасыл пигменттің бірі - хлорофилл формуласы –
А) С55Н72O5N4Mg
В) С50Н70O6N2Mg
С) С45Н52O5N4Mg
D) С53Н62O2N4MgЕ) С56Н72O4N5MgКлетка шырынының құрамында кездесетін полисахаридтің бірі –
А) инулин
В)амигдалин
С)фруктоза
D)сапонин
Е) антофеин
Клетка шырынының құрамында болатын пигменттердің сирек кездесетіні –
А) антофеин
В) лейкопласт
С) экзофеин
D)антохлор
Е) лейкохлоропласт
Бұтақтанудың көне типі
А) дихотомиялы
В) моноподийлі
С) симподийлі
D)жай моноподийлі
Е) жай симподийлі
Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен өсіп шығатын ерекше өскіншелері қандай жапырақтар деп аталады?
А) бөбешік
В) тілше
С) қынапша
D)құлақша
Е) қалдық
Қайыңның ромба тәрізді жапырағы қандай жапырақ пішініне жатады?
А) жай
В) күрделі
С) қауырсын күрделі
D) жай – күрделі
Е) үш құлақ- күрделі
Жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың орналасу реті-
А) жүйкелену
В) телімдену
С) гетерофилия
D) бөлімдену
Е) тілімдену
Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер-
А) беде, жоңышқа
В) тал, жоңышқа
С) беде, қайың
D)шырмауық, беде
Е) тал, талгүл
Қылқан жапырақтың мезофилінде болатын жолдар.
А) шайыр
В) аралық
С) идиобласты D) жинағыш
Е) будақты
Жапырақтың доға, қатар жүйкеленуі –
А) дара жарнақтыларға тән
В) қос жарнақтыларға, дара жарнақтылардың көбісіне тән
С) қос жарнақтыларға тән
D) бұршақ тұқымдасына тән
Е) беде, талға
Кладодий ненің түр өзгерісі?
А) өркеннің жер бетіндегі
В) столонның ұшындағы
С) тамырдың бетіндегі
D тамырсабақтың жанындағы
Е) түйнектің ішіндегі
Құрылысы ине тәрізді жапырақ қандай өсімдіктерге тән?
А) шырша, қарағай
В) тобылғы, қазтабан
С) қияр, асқабақ
D)кактус, пальма
Е) жыңғыл, адыраспан
Тілше жапырақтың өсіп шығатың орны ?
А) қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде
В) нағыз жапырақ тақтасы
С) сағақта
D) тақтаның үстінгі бет бөлігінде
Е) түтік тәрізді тақтаның үстінгі бөлігінен;
Қобылы жапырақ қандай өсімдіктер түрлерінде кездеседі
А) балдырған, аскөк
В) шырша, қайың, емен
С) бүлдірген, таңқурай, шабдалы
D) жөке, ақ желек, лалагүл
Е) алоэ, терек, қазтабан
Қандай өсімдіктер сабақтарына жылдық сақиналар тән?
А) сүректі (ағаш)
В) даражарнақтылар
С) шөптесін
D) астық тұқымдастар
Е) лалагүлдер тұқымдасы
Астық тұқымдасының сабағының бұтақтануы қай типке жатады?
А) түптену
В) симподиалды
С) моноподиалды
D) дихотамиялы
Е) сабақ ұшынан өсу
Қандай жасушалардың бөлінуінің есебінен сабақ жуандап өседі?
А) камбий
В) буын аралықтар негізін құрайтын жасушалар
С) өсу конусының
D)сүрек
Е) өзек
Түр өзгерген өркеннің қайсысының сыртқы құрылысы тамырға ұқсас?
А) тамырсабақ
В) түйнекөркен
С) пиязшық
D) столон
Е) мұртша
Ұшында түйнек дамып жетілетін ұзын өрмелеген өркенді не деп атайды?
А) столон
В) тамыр сабақ
С) пиязшық
D) түйнек
Е) мұртшасы
Асбұршақтың мұртшалары – түрі өзгерген?
А) күрделі жапырақтың жоғары бөлімі
В) жанама өркен
С) қосымша жапырақша
D) су сақтайтын өркен
Е) жүзім мұртшасы сияқты мұртша
Жер бетіндегі мүшелерінің тіршілігі қысқа, вегетациясын ерте көктемде бастап, гүлдеп, жемісін беріп жаздың ыстығында тіршілігін жоятын
А) эфемероидтар
В) бұталар
С) биік ағаштар
D)аласа бұталар
Е) ағаштар
Түрі өзгеріп қысқарған сабақ болып табылатын пиязшықтын негізі қалай аталады?
А) түбіртек
В) столон
С) бүршік
D)тамырша
Е) жапырақ
Қандай өсімдіктер түрлерінің сабақтары қысқа болып келеді
А) бақ-бақ, тартаржапырақ
В) қара бұрыш
С) жүзім
D) күнбағыс
Е) бүлдірген
Гистогендік теорияны тұңғыш рет қай, ғалым нешінші жылы еңбегі жарыққа шықты?
А) Ганштейн 1868 ж
В) Энглер 1837 ж
С) Ч. Дарвин 1839 ж
D)Браун 1803 ж
Е) К. Линней 1870 ж
Сабақтың қандай бөлігінде органикалық заттар қозғалады?
А) флоэмада
В) қабықшада
С) тозда
D)камбийде
Е) сүректе
Дара жарнақтылар сабағына тән ерекшелік –
А) камбий болмауы
В) флоэма жоқ
С) ксилема бар
D) алғашқы қабық бар
Е) өткізгіш шоқ жоқ
Қылқан жапырақтыларда камбий –
А) көп қабатты
В) аралас қабатты
С) бір қабатты
D)жанаспалы қабатты
Е) екі қабатты
Шөптесін дара жарнақтыларда анатомиялық құрылысы жағынан айырмасы бар сабақтың неше түрін ажыратады-
А) екі
В) үш
С) көп
D) бес
Е) бір
Асқабақ,қауын, қарбыз сабағы қандай сабақ ?
А) төселмелі
В) тік
С) жертаған
D)өрмелегіш
Е) көтеріңкі
Сабақтары жіңішке нәзік, ұзын шырмалып өсетін өсімдіктер-
А) шырмауық, құлмақ
В) таржапырақ,бақбақ
С) бүлдірген,асқабақ
D)қияр,асқабақ
Е) шырмауық, бүлдірген
Перикарпийі сүректелген, бір тұқымды құрғақ жеміс -
А) жаңғақ не жаңғақша
В) қанатты жеміс
С)дән
D) тұқымша
Е) жалған тұқымша
Cабағының ішкі орталық өзегі жұмсақ болып келетін өсімдіктер-
А) күнбағыс, ырғай
В) ырғай, сұлы
С) арпа, бұталар
D) қара бидай, бұта
Е) бидай, қара бидай, сұлы
Cабағының ішкі орталық өзегі сүректі шымыр болып келетін өсімдіктер-
А) бұталар
В) ырғай, сұлы
С) қара бидай, бұта
D) күнбағыс, ырғай
Е) бидай, қара бидай, сұлы
Тамырдағы қосалқы бүршіктерден жер бетіне өсіп шыққан өркендерді аналық өсімдіктерден бөліп алып өсіру-
А) тамыр атпаларынан көбейту
В) жай көбейту
С) түбін ажыратып көбейту
D)аралас көбейту
Е)жанама көбейту
Гүл дегеніміз?
А) қысқарған өркен
В) түрі өзгерген жапырақ
С) жерасты өркен
D)сабақ бөлімі
Е) түрі өзгерген басқа мүше
Аналықтың қызметі:
А) тұқым, жеміс түзеді
В) гүлді қорғау
С) тозаң түзу
D) гүлді тігінен ұстап тұру
Е) бунақденелілерді еліктіреді
Өсімдік мүшелерінің жуандап өсуіне мүмкіндік беретін прокамбий, перицикл, тоз камбий қандай меристемаға жатады?
А) бүйір
В) төбе
С)қыстырмалы
D) интеркалярлық
Е) жалпы
Бактериялардың өзара тіркескен, моншақталған түрі-
А) стрептококкалар
B)диплококкалар
C) тетракоккалар
D) коккалар
E)сарциналар
Көпшілік өкілдерінің пішіні таяқша тәрізді, қоректік ортаны алқызыл түске бояйтын бактериялар қатары-
А) миксобактериялар
B) полисифония
C) порфира
D) космопогон
E) батрахоспермум
Көк-жасыл балдыр - глеокапса қай кластың өкілі?
А) хроококкалар
В) гормогониялар
С)ксантосифондылар
D) ксантокапсалылар
Е) хамесифондылар
Әрбір HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0" \o "Жасуша" жасушасындағы жасыл түсті HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A5%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%84%D0%BE%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Хроматофор (мұндай бет жоқ)" хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келетін балдыр
А) улотрикс
В)акразия
С)спирогира
D)нителла
Е)нителлопсис
Тіркеспелі немесе коньюгациялы(Conjugatophyceae) балдырлар класының туысы-
А) спирогира
B) сифонды
C)сифональды
D) пармелия
E) лептогия
Көп клеткалы, тарамдалмаған , улотрикске ұқсас бір ядролы, күпшек пішінді бір қатар клеткалардан құралған жіптесінді балдыр-
A) Трибонема (Tribonema)
B) Ботридиопсис (Botrydiopsis)
C) Хлорамеба (Chloramoeba )
D) гетерохлорис (Heterochloris)
E) Ботридиум (Botridium)
Талломы сифональды құрылысты, клетка перделері болмайтын, жуан, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін баратын тарамдалған жіпшеден тұратын балдыр –
A) Вошерия (Vaucheria)
B) Ботридиопсис (Botrydiopsis)
C) Ботридиум (Botridium)
D) гетерохлорис (Heterochloris)
E) Трибонема (Tribonema)
Лессония қандай балдыр-
А) қоңыр
В)жасыл
С) қызыл
D) көк-жасыл
Е) сары
Қандай балдырды кремнеземнан құралған сауыт қаптап тұрады?
A) пиннулярия
B) вошериялы
C) сифонды
D) спирогира
Е)миксогастра
Үлкен балдырлар өкілі, талломы күрделі тарамдалған болып келетін -
A)хара
B)хлорелла
C) каулерпа
D) улотрикс
E)зигнема
Қызыл балдырлар бөлімі флоридеялылар класының туысы –
А) леманеа
B)нереоцистис
C) ламинария
D)лессония
E) макроцистис
Жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп, тек сағағы мен ризоиды қыстап шығатын гетерогенераттылар класының өкілі-
А) ламинария
B) батрахоспермум
C) порфира
D) космопогон
E) циклоспора
Көлденең перделер арқылы төрт бөлікке бөлінген –
A) рагмобазидия
B) эубазидия
C) холобазидия
D) геобазидия
E) необазидия
Қаракүйе саңырауқұлақтары (Устилягиналылар) қатары қай класс тармағына жатады?
A) Телиобазидиомицеттер
B) Эуаскомицеттер
C) Нағыз қалталылар
D) Локулоаскомицеттер
E) Гемиаскомицеттер
Эндомицеттер қай класс тармағына жатады?
A) Гемиаскомицеттер
B) Эуаскомицеттер
C) Нағыз қалталылар
D) Локулоаскомицеттер
E) Телиобазидиомицеттер
Жетілмеген саңырауқұлақтар (дейтеромицеттер) класының қатары-
A) Пекнидиалдылар
B) Эвроциялылар
C) Пеницилдер
D) Асперигилдер
E) Гипокрейнылар
Миксомицеттер жануар текті кейбір белгілері бар төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы.
A) миксомицеттер
B) плаундар
C) псилоттар
D)риниялар
E) полушниктер
Сары - жасыл балдырлар-
А) Xanthophyta
В) Botrydiopsis
С) Diatomophyta
D) Discoidales
Е) Centrophyceae
Қыналардың морфологиялық типтері-
А)қаспақты, жапырақты, бұталы
B) қаспақты, бұталы
C) жапырақты, бұталы
D) қаспақты, жапырақты
E) жапырақты, талшықты, бұталы
Қыналар бөлімінің класы-
A) фиколихенес
B) миксогастралар
C)ксантотрихалар
D) ксантоподалылар
E) пирофиттер
Плаундар тәрізділер бөлімінің кластары:
А) плаундар, полушниктер
В) плаундар, гинкголар
С) плаундар, лепидодендрондар
D) риниофиттер, плаундар
Е) плаундар, саговниктер
Өкілдері түгелдей жойылып кеткен қырықбуын тәрізділер бөлімі кластарының бірі –
А) каламиттер (Calamitopsida)
В) гапломитриялар (Haplomitriales)
С) қылшалықтар (Ephedrales)
D) метцгериялар (Metzgeriales)
Е) қырықбуындар (Eguisetopsida)
Папоротник жапырағының астыңғы бетiнде, орталық жүйкенi бойлай орналасқан қоңыр төмпешiктер -
A) сорустар
B) архегонийлер
C) вайялар
D) тек споралар
Е) антеридийлер
Сальвиния қандай споралы папоротник?
А) әр түрлі
В) күрделі
С) жай
D)тең
Е) жанама
Жыныстық көбею мүшелері құрылысына қарай жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
А) екі
В) бес
С) төрт
D) жеті
Е) алты
Ашық тұқымдылардың тұқымына тән болады-
А) ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады
В) тұқымы тез пайда болады – 3- 4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады.
С) эндоспермі триплоидты (3n)
D) ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады.
Е) тұқым жемістің ішінде болады.
Жабық тұқымдылар немесе гүлдi өсiмдiктердің спорофитіне тән емес белгі –
А) арнайы маманданған тамырлары болмайды
В) ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі – немесе көпжылдық)
С) вегетативтік органдары көптеген әр түрлі гистологиялық элементтерден тұрады, түтіктері болады
D) арнайы маманданған вегетативтік органдары болады – түйнектері, баданалары, тамырсабақтары
Е)тұқымбүрлерін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.
Спорогон мүк тәрізділердің -
A) спорофиті
B) эндогоны
C) экзогені
D) мезофиті
E) гаметофиті
Мүктәрiздiлерде ризоид ненің қызметін атқарады-
A) тамырдың
B) гифаның
C) жапырақтың
D) сабақ, бүршіктің
Е) эуриталломның
Бриопсидтер қай бөлімнің класы?
А) мүктәрізділер
В) плаунтәрізділер
С) қырықбуындылар
D) полиподиопсидтер
Е) риниялар
Беде, мия жататын тұқымдас
A) Fabaceae
B) Ranunculaceae
C) Malvaceae
D)Api aceae
E) Solanaceae
Lemnaceae тұқымдасының су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктері-
A) балық оты
B) қалуен
C)шашыратқы
D) жалбыз
E) ботакөз
Қара өріктер тұқымдас тармағының өкiлiн атаңыз?
A) шие
B) жалбыз
C) шетен
D) құртқашаш
Е)магнолия
Діңі қысқарған ағаш тәрізді, көптеген түрлері жақсы талшықтар беретін туыс-
A) юкка
B) қамыс
C)шамшат
D)емен
E) тал
Кокостың тұқымдасы-
A) пальмалар
B) құртқашаштар
C) айлаулықтар
D) мимозалықтар
E) қоғалар
Төмендегі қай гүл формуласы ақ тауқалақай өсімдігіне тән?
A) ↑Сa(5) Co(2+3)A2+2 G(2)
B) ↑ Сa4 Co4A 2+4 G(2)
C) * Сa(5) Co8A∞ G5
D) * Сa(5) Co5A0 G5
E) * Сa(3) Co5A∞ G5
Утамыр туысының тұқымдасы-
A) шатырша гүлділер
B)алқалар
C) сүттігендер
D) айлаулықтар
E) астралар
Селеу, түлкіқұйрық, сұлы жататын тұқымдасты ата-
A) қоңырбастар
B) капусталар
C) құлқайырлар
D)ерінгүлділер
E) алқа
Сарғалдақтар тұқымдасының дәрілік өсімдік ретіндегі өкілі-
A) дәрі бәрпі
B) дәрі гүлкекіре
C) дәрі бәйшешек
D) дәрі сарықалуен
E) дәрі жусан
Қандыағаш қай тұқымдасқа жатады?
A) қайыңдар
B) гүлкекірелілер
C) талдар
D) шамшаттар
E) астралар
Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін -
А)эфемероидтар
В) эуэфемерлер
С) жай эфемерлер
D) жанама эфемероидтар
Е)күрделі эфемерлер
Кәдімгі жүгері қай тұқысдас тармағының өкілі?
A) тарылар
B) борыққамыстар
C)қоңырбастар
D)бидайлар
E) астықтар
Қынапшалы ұлпабас өсімдігінің тұқымдасы?
A) қияқөлеңдер
B)келтебастар
C)сәлемшөптер
D) өлеңшөптер
E) қоңырбастар
Келтебас туысының тұқымдасы –
А) қияқөлеңдер
В) қоңырбастар
С) алқалар
D) бидайлар
Е) қара бидайлар
Дара жарнақтылар класындағы 10 туыс, 400-дей түрі бар тұқымдас -
А) агавалар
В)шайшөптер
С) юккалар
D) қазжуалар
Е) қызғалдақтар
Алабота тұқымдасының өкілдері:
A) сексеуіл, бұйырғын, қызылша
B) сарсазан, құс таспа, рауғаш
C) алабота, қалуен, сораң
D) сексеуіл, қалақай, бұрыш
E) құмаршық, уқорғасын, сораң
Пукциниямен зақымданған жапырақтың астыңғы жағында дамиды-
А) эцидийлер
В) изидийлер
С) соредийлер
D)капиллицийлер
Е)эталийлер
Қастауыш ненің паразиті-
A) қарабидайдың
B)бөріқарақаттың
C) сарғалдақтың
D)маралотының
E) тобылғының
Мына гүл формуласы * Сa (5) Co1+2+(2) A (9)+1 G1 қай тұқымдасқа тән?
A) бұршақтар
B) юккалар
C) қамыстар
D)емендер
E) сүйсіндер
Крестгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы-
A) * Сa4 Co4A 2+4 G(2)
B) * Сa(5) Co2A∞ G5
C) * Сa(2+2) CoA∞ G5
D) * Сa(5) Co5A0 G5
E) * Сa(3) Co5A∞ G5
Астралар тұқымдасында болатын гүл түрлері-
A) трубка тәрізді,тілше, жалған тілше, воронка тәрізді
B) тек трубка тәрізді
C) тілше, жалған тілше
D) жалған тілше, воронка тәрізді
E) трубка тәрізді,тілше, жалған тілше
Биология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді
№ 8 хаттама «03» 03 2015ж.