Занятие по самопознанию на тему Доброжелательность хорошое качество


Өткізілетің күні, айы, жылы/Дата проведения : Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Организованная учебная деятельность: Өзін-өзі тану Тақырыбы/Тема :. «Мейірімділік жақсы қасиет» . Мақсаты: Цель: «жақсылық» ұғымынан адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту. Қоршаған ортаға жақсылық жасауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар/необходимый материал: дәптер түрлі, қарындаштар. Қостілділік/билингвальді компонент : жақсылық-доброта, қуаныш-радость,қайырымды-милосердный,мейірімді-ласковый, сыпайы-вежливый.
Шаттық шеңбері:
Қане, қане келіңдер
Үлкен шеңбер болыңдар,
Күннің көзі ашылсын
Көктен шуақ шашылсын.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Тек жақсылық тілейік!
Жақсы болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасай біледі?
Балалар жауаптары: мейірімді, ізетті. сыпайы, кішіпейіл.
«Жылы жүрек-жақсы тілек»
«Үлкенге құрмет-кішіге ізет»
«Жақсы- жарым ырыс»
Дұрыс айтасыңдар!
Жақсылық дегеніміз айнала қоршаған ортаға адамдарға деген қайрымдылық, рахымдылық қасиеттерді жақсылық дейміз.
Сахналау: Д.Сламбетованың «Саңырауқұлақтың саясы»
Балалар сахналандырып көрсетеді.
Жүргізуші: Көктем келді,
Жер көгерді,
Табиғат әсем күйге енді!
Дала гүлге бөленді.
Шалғынына енді
Құмырсқа келді
Құмырсқа:
Шалғынға осы жатайыншы
Рақатқа бір батайыншы.
Көбелек:
Күшім кетіп әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып,
Ұша алмадым, құмырсқа,
Алшы мені қасыңа,
Пана берші басыма.
Құмырсқа:
Кел, кел.
Көбелек:
Рахмет саған, құмырсқа!
Торғай:
Жаңбыр қандай күшті еді,
Ұша алмадым, мені көр!
Бас сауғалап келіп мен,
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа мен Көбелек:
Кел,кел.
Торғай:
Рахмет саған, Көбелек
Қоян:
Түлкі қуып есім кетті,
Айналайын аңдар-ау!
Маған пана болыңдар,
Түлкі:
Қоянды көрдіңдерме?
Бәрі: Жоқ, жоқ.
Түлкі: Әлі-ақ қолға түсесің.
Жүргізуші: Міне, жаңбыр да басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Аңдар саңырау құлақтың ішінен шықты,
Бір-біріне қарасты,
Таңдана былай таласты.
Көбелек: Біз бәріміз сонша кішіміз ғой.
Торғай: Көңіл сыйса, бәрі сыяды.
Қоян: Екі адам ығысса,
Бір кісіге орын табылады.
Бәрі: Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Ойын: «Біздер доспыз»
Әуен ойнап тұрады.
Дос болайық бәріміз. Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз.
Атсын күліп таңымыз. Екеуміз доспыз, үшеуміз доспыз, төртеуміз доспыз, бәріміз доспыз.
Әрқашанда біргеміз. Ажырамас іргеміз
Дәйек сөз: «Жақсы сөз-жанға қуат» Аналарымыз сендерді алақанына салып қандай жылы сөзбен аймалайды. «Аппағым» «ботам» «қозым» деген жылы сөздермен аймалайды.
Сергіту сәті:
Біздер тату баламыз
Гүл, гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Ғажайып сөздер:
Балалар сабақта ойлаған сөздерін қайталап айтады.
Атам маған әмәнда. Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда. Мақтанбауды жөн көрем.
Қорытындылау : Балалар біз бүгін жақсылық жайында жақсы сөздер айттық. Жақсылық бұл ұлы қасиет екенін білдік. Салған суреттеріңді бір-біріңе сыйлыққа берулеріңе болады.
Жүректен жүрекке: Балалар шеңберге жиналып, жылы жүрек жақсы лебіздерін айтты.
Жылу берген күнге рахмет!.
Тіршілік берген жерге рахмет!.
Өсім берген суға рахмет!.