Т?рбие са?аты Адамгершілік — асыл ?асиет.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі«Рыков атындағы орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты:
«Адамгершілік - асыл қасиет»
Сыныбы: 7

Өткізген машықкер: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Ермекқызы РосинаСынып жетекшісі: Нуриева Д.С.

Катонқарағай ауылы2017 жылКүні: 23.01.2017 ж.
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
КіріспеАдамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Сыныпты топқа бөлу
І. Адамгершілік туралы ой бөлісу (эссе).
ІІ.Сөйлемді жалғастыру
Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...
Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…
Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...
ІІІ.Видео: «Жақсылық HYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4"өHYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4"зіңеHYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4" HYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4"қHYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4"айтыпHYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4" HYPERLINK "file:///C:/Users/Admin/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.590/30%2520ЖЫЛ.mp4"келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)
ІV.Оқушыларға сұрақ беру: (ыстық орындық)
Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?
Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?
V. Сурет талдау.
VІ. Құпия хаттарға жауап:
Бірінші хат: Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
VI. Постер қорғау.
VIІ. Рефлексия:
Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.
Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейірімді боламын.
Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін.
Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын.
Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын.
Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын.
Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.
Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын.
Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.
Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын.
VIІI. Қорытынды:
Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
IX. Үй тапсырмасы.
1. Адамгершілік қасиеттеріне қарама-қарсы жат әдеттерді талдау.
2. Қазақтың салт-дәстүрлері-ата-баба мұрасы (реферат, слайд, ребус, сөзжұмбақ құрау).