Сыныптан тыс сайыс саба? Озы? ойлы о?ушы-2017 ( 8-сынып)


«Озық ойлы оқушы - 2017» математикалық сайысы
Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған
білімдерін тереңдету.
Көрнекілігі: Презентация, безелдірілен кабинет, нақыл сөздер, пілтелі тапсырмалар, логикалық
есептер, даярланған үстел. «Озық ойлы оқушы - 2017» деген марапаттау қағазы,
оқушылардың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі: Сыныптан тыс сағаты Типі: Сайыс түрінде
Жоспары
І. бөлім: Ұйымдастыру.
ІІ бөлім: «Табалдырық».
ІІІ бөлім: «Математикалық терминдер».
IV бөлім: «Кім тапқыр»
V. бөлім: «Полиглот»
VІ бөлім: «Ойлан, тап»
VII.бөлім: «Білімің тірегің»VIII. бөлім: «Кім жылдам?»
Қолданылған нақыл сөздер: 1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақыстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет ”
Н.Ә. Назарбаев
2. «Логика өнері – адамның ақыл – парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал»
Әбу Насыр Әл-Фараби
3. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р. Бэкон
Барысы
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақыстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет”. Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
І. бөлім: Ұйымдастыру.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.Қара қылды қақ жарып әділқазы,
Еңбегін Тапқырлардың әділ сына.Әділқазы, ақ қағазға бір сәлем,Әділдікке бас иеді күллі әлем.Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл. Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін, т.б. да қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа түсетін оқушыларды іріктеу сұрақтары:
2 цифрдан және алты нөлден құралған санды ата (2000000)
8,071∙100 есепте (807,1)
Алғашқы бес тақ санды ата (1,3,5,7,9)
y=x2 функциясының графигі қалай аталады? (Парабола.)
х+х=64 теңдеудің түбірін тап (32)
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (Диаметр)
Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (Теорема. )ІІ бөлім: «Табалдырық». Міне, осылайша сайысқа түсетін 7 сайыскерлерімізді іріктеп алдық. Енді сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Танылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқып жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
-дей отырып сайысымызды бастамыз.
ІІІ бөлім: «Математикалық терминдер».
С, П, А, К, Т, Ш әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер жазу, әр дұрыс жауап
1 ұпаймен есептелінеді. 1-минут.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 6 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 1 сайыскерімізбен қоштасуымызға тура келеді.
IV бөлім: «Кім тапқыр?» Әріптердің орнын ауыстырып сөз құра және артық әріпті тап. Дұрыс жауапқа 3-ұпай.
А) зүиту (түзу, артық әріп и)
Ә) ратквалд (квадрат, артық әріп л)
Б) тепмрек (мектеп, артық әріп р)
В) усәвле (сәуле, артық әріп в)
Г) бершкең (шеңбер, артық әріп к)
Д) ретеорма (теорема, артық әріп р)
Е) дісінкев (кесінді, артық әріп в)
Ж) пециятраа (трапеция, артық әріп а)
З) масироак (аксиома, артық әріп р)
И) деуатең (теңдеу, артық әріп а)
К) боомр (ромб, артық әріп о)
Л) дарссал (салдар, артық әріп с)
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 5 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 1 сайыскерімізбен қоштасуымызға тура келеді.
V. «Полиглот». Егер жауабы дұрыс болса 5 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі,
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
Алды-артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді,
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (дәреже)
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 4 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 1 сайыскерімізбен қоштасуымызға тура келеді.
VІ бөлім: «Ойлан, тап». Әр бетшеде жазылған логикалық есептерге 30 сикунт көлемінде ойлануға болады. Ұпай саны 7.
1-бетшеде
Тышқан өз ініне жету үшін 20 адым жасау керек. Ал мысық тышқанның тұрған орнына жету үшін 5 рет секіру керек. Мысық 1 рет секіргенше тышқан 3 адым жасайды. Мысықтың бір секіру қашықтығы тышқанның 10 адымына тең. Екеуінің қозғалысы бір мезгілде басталса, мысық тышқанды қуып жете ала ма? (жете алмайды) 
2-бетшеде
Екі балықшыдан себеттеріңізге неше балық бар деп сұрағанда біріншісі «менің себетімдегі балық жолдасымның себетіндегі балықтың жартысына тағы да 10 балық қосқанға тең»-депті. Ал екіншісі «менде жолдасымның барлық балығына 20 балық қосқанға тең» - депті. Әрқайсысында қанша балық бар? (60, 40)
3 – бетшеде
Біздің үйде қалада, Түрлі түрлі маман бар.Мен айтайын даралап, Сендер қане санаңдар. Талай алған бәйгені,
1 ақын бар әйгілі.2 ғалым-биолог,3 инженер-геолог,Білер жас та, кәрі де. 4 тамаша дәрігер5 белгілі артист бар6 шафер таксист барБерер бізге көп тәлім 7 көрші мұғалімБізге киім тігетін 8 тәтей тігінші3 зәулім үйлер салатын9 маман құрылысшыЖастар үлгі алатын10 құрметті жұмысшыБәрін қосып санаңдар
Үйде неше маман бар? (55)
4- бетшеде
Бір сарайға қамаларТауық, түлкі табыларЕсеп шарты мынадайАяқ пен бас саналарОтыз аяқ жүр көп боп Басы 9 бір топ бопКөрмегенмен олардыАйыруға боладыТүлкі нешеу қамалғанТауық нешеу саналған? (3 тауық, 6 түлкі)
5- бетшеде
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
(барлық айда)
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 3 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 1 сайыскерімізбен қоштасуымызға тура келеді.

VII. «Білімің тірегің». Квадрат теңдеудің түбірлерінен мақал мәтелдер айтылады және квадрат түбірдің жалпы түрін анықтау керек. Әр дұрыс жауапқа 9 ұпай.
1. x1=1000, x2=1
Жауабы: Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
x2-1001x+1000=0.
2. x1=7, x2=1.
Жауабы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
x2 - 8x+7=03. x1=1, x2=10.
Жауабы: Бір тал кессең, он тал ек.
x2- 11x+10=0.
4. x1=7, x2=7;
Жауабы: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
x2-14x+49=0.
5. x1=6, x2=4.
Жауабы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
x2-10x+24=06. x1=5, x2=5;
Жауабы: Айдағаным бес ешкі, ысқырығым жер жарады.
x2 -10x+25=0.
7. x1=60, x2=6.
Жауабы: Алыстан алты жасар бала келсе, алыстағы қария сәлем берер.
x2 -66x+360=0.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Келесі бөлімге өтетін 2 оқушыны таңдауларыңыз керек. Ұпайы аз 1 сайыскерімізбен қоштасуымызға тура келеді.
VIII. «Кім жылдам?». Оқушы қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.
1-сайыскерге:
Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш (параллелограмм)
Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
π-дің мәні неге тең? (3,14)
Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)
9-ға кері сан? (1/9)
7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан)
Миллионда неше ноль бар? (6)
Ең кіші жай сан? (2)
2-сайыскерге:
Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)
Геометрия терминінің мағынасы? (жер өлшеу)
Ең үлкен хорда (диаметр)
Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
3600-қа тең бұрыш? (толық)
Ең кіші натурал сан (1)
13-тің квадраты? (169)
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
Квадрат түбірдің астындағы өрнек қандай болмауы керек? (теріс емес)
Дөңгелектің радиусы 5 см, Диаметрі қанша? (10)
Әділ-қазы алқасы сайыскерлердің жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар
жүргізеді. Жеңіске жеткен сайыскер «Озық ойлы оқушы - 2017» атағымен марапатталады, «Марапаттау қағазы» табыс етіледі. Келесі сайыскерлерімізге белсенділік танытып қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.