?лтты? та?амдар ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
(сын есім)
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру , асқа қатысты сын
есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
2. Лексикалық қорын байыту, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту.
3. Ұлттық тағам түрлерін өзге ұлт өкілдері балаларына таныстыру,ұлттық құндылық-
-тарды дәріптеу, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық ,жеке ,жұптық
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру (сөздік ,мақал-мәтел)
3.Жаңа сабақпен таныстыру
1.Ұлттық тағамдар
Сөздік жұмыс. ұлттық тағам-
ет тағамдары-
сүт тағамдары-
дәм-
жедім-
іштім-


Ұлттық тағамдар
Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұннан жасалатын тағамдар
Бесмармақ
Қуырдақ
Майбауыр
Қаз-қарта
Жал-жая Қымыз
Шұбат
Айран
Қаймақ
Құрт
Ірімшік Бауырсақ
Шелпек
Құймақ
Жент
Қарма нан
Талқан
2. Астың дәміне байланысты сын есімдер.
Сын есім заттың сынын (түрін,түсін,сапасын,көлемін,дәмін.пішінін) білдіреді. Қай?,қандай?-деген сұрақ-тарға жауап береді.
дәмд і -вкусный
тәтті -сладкий
ащы -горький
қышқыл -кислый
тұзды-соленный
ыстық - горячий
салқын - прохладный
қою - густой
сұйық - жидкий

1-тапсырма . Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңдар, тағам атауларын көшіріп жазыңдар.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Қазақтың дастарқаны ұлттық тағамдарға өте бай. Ұлттық тағамдар-еттен , сүттен және ұннан жасалады.
Ет тағамдары : қазақша ет(бесбармақ),қуырдақ,кауап,қазы,май бауыр.
Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, құрт, ірімшік және май.
Ұн тағамдарына: бауырсақ, шелпек, құймақ, жент, талқан, қарма нан жатады.
Ұлттық тағамдар адамның денсаулығына аса пайдалы. Әсіресе қымыз бен шұбаттың емдік қасиеті өте жоғары. Маған ұлттық тағамдар өте ұнайды.
2-тапсырма. Сұрақтарды пайдалана отырып диалог қүрап жазыңдар.

-Қайырлы таң!, Жанар
-Қайырлы таң!, Мария
-Мария, қазақтың дастарқаны негелерге бай?
- Қазақтың дастарқаны ұлттық тағамдарға бай.
-Сен, қандай ұлттық тағамдарды білесің?
- Мен, бесбармақ,қуырдақ,кауап,бауырсақ,қымыз, шұбат және тағы басқаларын білемін.
-Қымыз неден жасалады?
-Қымыз бие сүтінен жасалады.
-Шұбат неден жасалады?
-Шұбат түйе сүтінен жасалады.
-Саған қандай ұлттық тағам ұнайды?
-Маған қазақша ет(бесбармақ) ұнайды.
- рахмет
-сау бол!
Сергіту сәті (қара жорға)
3.тапсырма. Сәйкестігін тауып, сөз тіркесін құраңдар.
ащы айран
тәтті қымыз
дәмді құрт
қышқыл шұбат
ыстық бауырсақ
салқын сүт
қою қаймақ
4-тапсырма. Сөз тіркестерін қолданып сөйлем құраңдар(жазбаша)
Үлгі: Атам дәмді айран ішті.
5. Бекіту
Ұлттық тағамдар атауын теріп жазыңдар
қ у ы р д а қ а р т а
м а р н д л а ж а л б
ж е н т С м з е н ш а
ж д о ш ұ ж ы қ ұ р т
м а й Ұ б а т а н о л
а а ш б қ й ү н у е з
қ а й м а қ ұ т қ һ о
і ә ң т ғ а и а п е ж
қ а т б а у ы р с а р
а і р і м ш і к ж з ө
Қорытынды: