Математикалы? ж?не серіппелі маятниктерді? тербелістері.


Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Әжібай ауылы ,
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі
Аймуканова Баян Құспанқызы
Физика пәнінің мұғалімі
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің
тербелістері. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс
Электромагниттік тербелістер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері, еркін және еріксіз тербелістер, электромагниттік тербелістер туралы оқып үйрену
2.Дамытушылық мақсаты:Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы айырмашылықты ұғыну,маятник периодтарының, Томсон формуласының мағынасын тану.
3.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру, топпен жұмыстануға, жолдастық көмек бере алуға баулу.
Сабақтың міндеттері:
маятник түрлері, тербелістер, электромагниттік тербелістің пайда болуы, резонанс құбылысы, оның пайдасы мен зиянын білу
тербелмелі контур, электронды осциллограф құралдарын ( медицинада ) қолданып үйрену
тақырыптағы негізгі формулаларды қолданып, есептер шығару дағдыларын жетілдіру
Күтілетін нәтиже: тербелістер тақырыбы бойынша теориялық білімді
өмірмен байланыста оқып үйрену
Не арқылы бағаланады: негізгі білімді стандарт талаптарына сай оқып,
практикада қолдана алады.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақты оқыту әдістері: шығармашылықпен іздену, тірек сызба, интерактивтік, сұрақ-жауап, сұхбат алу, топтық жұмыс, есептер шығару, АҚТ құралдарымен жұмыстанып үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер, Венн диаграммасы, ашық журнал, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, тақырыпқа сай физикалық құралдар.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту (оқушылардың сабаққа әзірлігіне шолу, сынып оқушыларын түгендеу)
1.Оқушыларды топқа бөліп, « қытайша ет» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру, үй тапсырмасын топтағы әр оқушы топқа айтып болған соң, сол орында бір оқушы қалып, қалған оқушылар сағат тілі бағытымен басқа топтарға барып сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.( Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы оқушылар үй тапсырмасын күнделікті оқып келуге тырысады, себебе барлығы да топта сөйлейді )
2.Оқушылар тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
А. « Тербелістерді халықтық педагогика тұрғысынан түсіну» ( оқушының өз бетімен зерттеу жұмысы)
Б. « Математикалық маятник»- (тұсау кесер түрінде)
В. « Фуко маятнигі»- ( интернет арқылы іздену )
ІІ. Мағынаны тану ( тірек сөз ретінде өлең шумағы айтылып, мағынасы сұралады)
« Желсіз түнде жарық ай.
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай
тасыған өзен гүрілдеп» - деп Абай атамыз айтқандай бүгінде біз сабағымызды әр түрлі маятниктердің тербелістеріне арнаймыз.
(Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларды топқа бөліініп тақырыпты қорғайды., электронды оқулықты , тірек сызбаларды,слайдтарды қолданалды,)
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Математикалық және серіппелі маятниктің тербелістері, олардың периоды ( тірек сызба түрінде беріледі)
2.Еркін және еріксіз тербелістер ( электронды оқулық арқылы түсіндіріледі, бейне фильм)
3.Резонанстың пайдасы мен зияны ( өмірден мысалдар келтіру )
4. Электромагниттік тербелістер , тербелмелі контур ( қолда бар құралдар арқылы)
5. Томсон формуласы ( формула қорыту )
ІІІ Ой -толғаныс
1. Мектеп дәрігерінің медицинада қолданылатын осциллограф құралының жұмыс істеу принципі туралы түсінік беруі
2.Есептер шығару ( есептер функциональдық сауаттылыққа арналған материалдардан алынып, интерактивті тақтада орындалады.)
ІV. Үйге тапсырма беру $ 27,29 , Insert кестесін толтыру
V. Бағалау ( оқушылар ашық журналға өздерінің білімдерінің болжам бағасын қояды да, мұғалім оқушы қойған бағаларды қарай отырып әр оқушының әділ бағасын қояды, бұлай бағалау арқылы оқушы өз білім дәрежесін біледі, әрі шыншылдыққа үйренеді.)