О?т?стік жарты шар материктеріні? ??састы?тары мен айырмашылы?тары 7 класс


Бекітемін ______________
Пәні :
Материктер мен мұхиттар Күні- 07.02.2017 7 А Ә класс
Сабақтың тақырыбы Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Сабақтың мақсаты Оқушылардың Оңтүстік жарты шар материктері тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтау. Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі кезедегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін түсіндіру. Әр материктің табиғат жағдайларындағы өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже Оқушылар Оңтүстік шарты шар материктерінің жер бедері мен географиялық орнының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқулықпен,картамен жұмыс жасай отырып біледі,картадан тауып бере алады.
Түйінді идеясы Жалпы Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері мен географиялық орнын сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.
Ресурстар Оңтүстік жарты шар физикалық картасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, атлас карта, үлестірмелі материалдар, оқулық, дәптер;
Әдісі – тәсілдер Топқа бөліну (Әр материктің суретін құрастыру арқылы топтасу),
«Ой қозғау» әдісі, "Ойлан, тап!", "География тілі - Карта",
Жарнамалау әдісі, сұрақ-жауап әдісі
кіріспе І. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын түгендеу
Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау
Топқа бөліну (Әр материктің суретін құрастыру арқылы топтасу)
І топ Африка
ІІ топ Аустралия
ІІІ топ Оңтүстік Америка
ІУ топ Антарктида
Тұсаукесер
«Ой қозғау»
Географиялық орны.
Миға шабуыл сұрақтары:
•Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гонвана материгі қандай плиталарға ажырады? (Оң.Америка, Африка – Арабия, Үндістан, Аустралия – Антарктика)
•Плиталардың ажырау аймағында қай мұхиттардың табаны ашылды? (Атлант, Үнді)
•Қай материктердің солтүстік бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқан? (Оң,Америка, Африка)
•Қай материктерді оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді? ( Оң.Америка, Африка, Аустралия)
•Нағыз оңтүстік жарты шар материктерін атаңдар. (Аустралия мен Антарктида)
Негізгі бөлім Сұрақ – жауап
1 топ Африка:
Африка материгінің ауданы қанша?
Ең биік нүктесі қалай аталады және биіктігі қанша?
Африканы қандай мұхиттар мен теңіздер жағалауын шайып жатыр?
Африка материгінің ең ұзын өзені қалай аталады?
Африканың ең жақсы дамыған елі?
Ұйқы ауруын таратын маса қалай аталады?
2 топ Аустралия:
Аустралия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
Мұхиттық аралдар тобын ата?
Аустралия Одағының астанасы?
Криктер не?
Ең терең жері қалай аталады?
Бірден бір жанартаулары мен жер сілкінуі болмайтын материк?
3 топ Оңтүстік Америка:
Ауданы қанша?
Ең ұзын тауы қалай аталады және биіктігі қанша?
Сельвас не?
Амазонка өзенінің салалары қанша?
Ең ұзын мемлекеті?
Этиль спиртімен жұмыс істейтін автомобиль шығаратын ел?
4 топ Антарктида:
Шұраттар деген не?
Ауданы қанша?
Жер шарында тіркелген ең суык нүкте?
Антарктида материгі қай жылы ашылған?
Антарктида қандай материк?
Сөнбеген жанартауын ата?
Топтық жұмыстар"Ойлан, тап!"Бұл кезеңде әр топқа бір-бір мәтін оқылады, сол мәтінды тыңдай отырып не туралы айтылып жатырғанын табуы керек. Егер таба алмай қиналғанда қосыша көмек сұралып, көмек беріледі.
І топ: ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған?(Фернан Магеллан)Қосымша көмек: Бұғазға сол саяхатшының есімі берілген. ІІ топ: Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр. Бұл белдеуде температура жыл маусымдары бойынша өзегіп отырады, жазда орташа температура +28С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғарғы температура +47С байқалған. Бұл қай климаттық белдеу?(Тропиктік климаттық белдеу.)Қосымша көмек: Негізгі климаттық белдеуге жатады.ІІІ топ: Топырақ жамылғысы фералитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.  Көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктері: акация, мимоза, кактус. Жануарлары: пекари, тапир, құмырсқа жегіш және т.б. Бұл қандай табиғат зонасы?(Саванналар және Сирек ормандар)Қосымша көмек: кампос, льянос.ІV топ: Бұл ел Инктер мәдениетінің ескерткіштері "ежелгі өркениет елі, ОА-ның археологиялық мұражайы" деп атайды. Мұнда биіктаулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% ормандар алып жатыр. Елді ата. (Перу)Қосымша көмек: Анд елдері тобына кіреді."География тілі - Карта"Бұл кезеңде оқушылар интерактивтік тақтаға шығарылған кескін картмен жұмыс жасайды.І топ: Өзендері, ІІ топ: көлдері, ІІІ топ: Астаналары, ІV топ: елдерін кескін картаға сызып көрсетеді. 1 топтан тек 2 оқушы шығуға ғана рұқсат етіледі. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі.
қорытынды «жарнамалау әдісі»
Барлық топқа бірдей тапсырма –«жарнамалау әдісі» Әр топ өздеріне берілген материктердің ерекшеліктерінеске түсіріп, постерге суреттеп салып, жарнамалаулары тиіс.
Бағалау топ мүшелерін бағалау парағы
Үйге тапсырма Оңт.жарты шар материктерінің біріне реферат дайындау
Кері байланыс екі жұлдыз, бір тілек, үш шапалақ
топ мүшелерін бағалау парағы
13 — 11 ұпай - «5»
10 — 7 ұпай - «4»
6 — 3 ұпай - “3”
3 – 0 ұпай - “2”
Топ мүшелерінің аты - жөні Ой қозғау Сұрақ-жауап Ойлан тап География тілі-карта Жарнама
әдісі Жалпы ұпай саны Баға