7-сынып?а арнал?ан О?т?стік жарты шар материктеріні? ??састы?тары мен айырмашылы?тары та?ырыбында ашы? саба? жоспары


ҚМЖ
Сыныбы:7      күні: 10.02.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:   Оқушыларға оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алуға үйрету.
Міндеттері:
Оңт.ж.ш. материктерінің географиялық орны мен жер бедеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата алуды үйрену;
Оңт.ж.ш. материктерінің климатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата алуды үйрену;
Оңт.ж.ш. материктерінің табиғат зоналарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата алуды үйрену;
Оңт.ж.ш. материктерінің ішкі суларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата алуды үйрену;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алатын болады.
Түйінді идеясы: Егер ғылымның барлық саласын білгін келсе, алдымен табиғаттанудан баста,ол ең ежелгі және маңызды ғылым» Әбу-Насыр әл Фараби
Сабақтың әдісі, тәсілдері,жұмыстыңтүрі:Таныстырылым, топпен жұмыс тапсырмалары, СТО «салыстырмалы карта» әдісі, пазл құрау, картамен жұмыс
Ресурстар :Интерактивті тақта, оқулық, атлас, кесте, шығу тест парақтары, т.б.
Бағалау:тест парағы бойынша.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе
3 мин 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, № 1 конверттегі «Пазл құрастыру» тапсырмасын орындап, нәтижесінде анықталған материктер атауы бойынша топқа бөледі.Топпен жұмыс ережесін еске түсіреді.
2. Жалпы географиялық шолу жасайды ,оқушыларға сұрақтар қояды. 1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. № 1 конверттегі тапсырманы орындайды. Топтағы міндеттерін бөліседі. Топпен жұмыс ережесін сақтайды
2.Сұрақтарға жауап береді,өткен курстарға және жалпы географияға пысықтау жасайды.
 
Тұсаукесер
2 мин Бейнеролик «Пангея»
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.                                            2.Ортақ топтық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін  дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі. 1.Оқушылар бейнероликті талдап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге оңтүстік жарты шар материктерінің қалыптасуы жайлы қысқаша мәліметтерді жазып алады.
 Негізгібөлім25 мин
 
 
2.Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып   тапсырма орындайды «Салыстырмалы карта» әдісін қолданып кесте құру
 
 
 
 
3 «Адасқан атаулар» тапсырмасын орындатады.
  1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.
2.топпен жұмыс:№2 конверттегі тапсырманы орындайды
1топ оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен жер бедерін салыстыру, кестеге жазу
2 топ оңтүстік жарты шар материктерінің климатын салыстыру, кестеге жазу
3 топ оңтүстік жарты шар материктерінің табиғат зоналарын салыстыру, кестеге жазу
4 топ оңтүстік жарты шар материктерінің өзен - көлдерін салыстыру, кестеге жазу
3. №3 конверттегі «Адасқан атаулар» тапсырмасын орындайды: терминдердің мағынасын табады, кескін картада орналастырады
Қорытынды10 мин 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Бағалау: №4 конверттегі шығу тест жұмысын орындау
2.Үйге тап-ма: Солтүстік Америка материгінің шеткі нүктелерінің географиялық координаталарын анықтап келу;
  1.Топ басшысы топ мүшелерінің орындаған тест жұмыстарын жинап, мұғалімге тапсырады
2.Оқушылар кері байланыс жасайды
Не ұнады:……………………………………..
Не қиын болды: …………………………..
Тілегім: ………………………………………..
№1 конверт: «Пазл құрастыру»
№2 конверт: «Салыстырмалы карта» әдісін қолданып кесте құру
№3 конверт: «Адасқан атаулар»
№4 конверт: «Шығу тест»
Қосымша  «Полиглот» тапсырмасы