Орта ?асырларда?ы ?аза?стан тарихы саба?ыны? жоспары.Та?ырыбы: ?аза? ханды?ыны? мемлекеттік-?кімшілік ??рылымы


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы сабағының жоспарыМектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Мерзiмі: 13.03.15ж.
Тақырып: « Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы »
Құндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер:Сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділікМұғалiм: Аққулиева А.Е. Сынып: 7 «А». Оқушылар саны:12
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қазақ қоғамындағы басқарудың ұлттық жүйесі, ханның құқықтары және міндеттерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеуСабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу5 «Т» ұстанымын еске түсіру:
Тәртіп; Талап; Тыныштық; Тазалық; Татулық;
Тыныштық сәтi. «Тыныс алу »
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
Үй тапсырмасын тексеру«Асық алу» ойыны
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық,, маркер, плакат, түрлі түсті қағаздар, интерактивті тақта, асық, киіз үйСабақ
барысын талдау:



(І топ. ІІ топ.)
Есім ханның билік еткен жылдары?
1598-1628 жж
1613-1614 жылдары өзін хан деп кім жариялады?
Тұрсын Мұхаммед
Есім хан қай қаланы астана етті, ал Тұрсын қай қалада өзін тәуелсіз хан жариялады ?
Түркістан қаласын, Ташкент қаласында
XVII ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан?
Есім, Тұрсын
1603 жылы алғаш қазақ-бұқар шайқасы қай жерде болды?
Айғыржар
Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталады?
Қатаған қырғыны
Тұрсын ханды қолдағаны үшін Есім хан жазалаған ру?
Қатаған руы
1611 жылы Ташкент түбінде қазақ хандығына қарсы бұқар әскерін басқарып келген хан?
Имамқұл
Есім хан 1627 жылы Жетісу жеріне енген кімдерге қарсы жорыққа аттанады?
қалмақтарға
Қазақ-бұқар шайқасында нәтижесінде кім жеңіске жетті?
Есім хан
« Есім ханның ескі жолы » деген сөздің мәні ?
Далалық заңдарға байланысты айтылған
Есім хан таққа қай ханнан кейін отырды?
Тәуекел хан Жаңа сабақ“Миға шабуыл” әдісі1. Қазақ хандығының құрылған жылы?
2. Қазақ хандығының алғаш ту тігілген жері?
3. Қазақ хандығының іргесін кімдер қалады?




Оқулықпен жұмыс (топтық)
І топ : Ханның құқықтары мен міндеттеріІІ топ: Халықтың әлеуметтік құрамы



Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
« Сиқырлы қазақ үй » (-Егерде мен хан болсам,-...)
Топпен жүргізілген жұмыстарын қорғайды.




ТүйіндемеБүгінгі сабағымыздың тақырыбына сәйкес білім - біліктерімізді, іскерлігімізді саралап, ой түйіндейік. Дәйексөз.
«Іргесі берік елді жау алмас,
Дауысы бірге елді дау алмас»
Мақал-мәтел

Дәйексөзді оқыту.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қорытындылау.
Бекіту
БағалауҮй тапсырмасы: 44. 177-181 оқып, мазмұндап келуТоппен ән айту.

Ән: “ Қазақтай ел қайда ”
Сөзі: МузАртКөңілі көлдей шалқығанҚазақтай ел қайдаДаласы жусан аңқығанӨзіңдей жер қайда, Киелім!
Таусылмас саған айтарымАрдақтап өтейін.
Бабадан қалған байтағымСадағаң кетейін, Киелім!
ҚайырмасыКүлімдеп жатқан көлденКөк орай шалғын белденҚұбыла соққан желден, айналайын!
Тілегін тәңір бергенҚасиет қонған елденЕл үшін туған ерден, айналайын!
Болмасаң өзің айбарымМұратқа жетер ме еңТүспесін төмен байрағыңТөбеңе көтерген, киелім!
Ғасырлап күткен армандайТербеген асқақ әнҰлыңа Алла жар болғайЕлімді бастаған, киелім!
Соңғы тыныштық сәтi.
Ал енді балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.