?зін-?зі тану Атамекен-алтын бесік


Тақырыбы:Атамекен – алтын бесік Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру Тыныштық сәтi. ДәйексөзАлтын ұяң - отан қымбат.Туып - өскен елің қымбат,кіндік кескен жерің қымбат...................................................Халық нақылы ӘңгімелесуАтамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?Атамекен адамды қандай сезімдерге бөлейді? Туған жер адам өміріне қалай ықпал етеді? Өз елін шексіз сүйетін адамда қандай қасиеттер болады? Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар? Апырай! Туған жер - ай!Теңдесер кімБұл жерге сен болмасаң келмес едім.Кіндігімді байлаған қазағым - айСен болмасаң бұл маңды көрмес едім - деп ақиық ақын жырлағандай кіндік қаның тамып, туып өскен мекеніңді табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруде хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Ата- бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, Отаншылдық рухпен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Әр адам туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді.. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды туған жері, туған елі қымбат екендігі - деп ойлаймын.Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне сондықтанда тіпті балалық шақтан бастап – ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Туған жер, туған ел несімен қымбат? Отан сүйер ұлан бол!Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,Арым бар, намысым бар жан тербеткен.Қазақтың қарапайым бір ұлымынЖанымды арым үшін құрбан еткен.Балаларым, немере, шөберелеріме, келер ұрпаққа айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер! Б.Момышұлы Мен атамекенді сүйемін, өйткені ...- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені, ...- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені … М.АйтқожинаМекен ғой бұл,ел көшкен қия құзданҚара тастан жас тамып,күй ағызғанЖақсыны да,жаманды көрген далада,Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.Домбырадан бір мезгіл күй толастап,Арулардан нәзік ән үзіп алған. Шығармашылық жұмыс1-топ:«Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы эссе жазу.2-топ: «Атамекен алтын бесік» сурет салуТақырыпты постерге салу, қорғау. Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін шығармашылық жолмен жеткізу 3-топ: «Менің ауылым» өлең шығару Ыстық саған туған жерің - Атамекен,Атамекен - өсіп,өнген туған өлкең.Өз еліңде тыныстау бір үлкен бақыт,Асыл мекен, көкейіңде жатады екен. Атамекен – Алтын бесік, туған ел!Жанарымда өркендей бер, өсе бер!Таза ауа, мөлдір суы – жан рахаты,Маңдайыңа ескен тынық самал жел. «Алтын бесік»Сөзі С.МолдасановтікіӘні Ф.ЖолдасованікіБал балалық балдырған шақ, сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер,Гүлденсін деп атамекен қара орман.Болашақтың иесіміз бәрімізАтамекен түрлендірер нәріміз.Алтын бесік, ұлан байтақ елімдеЖарқын болсын шырқап айтар әніміз.Қалықтаған көгершіні бүгіндеМұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен үлкейсін,Ұлы Отаным тілегім сол менің де.