Презентация та?ырыбы: ?ол?нер ?йірмесіні? ма?саты мен міндеттері


Орал гуманитарлық- техникалық колледж“Технология және бейнелеу өнері” кафедрасыҮйірме жетекшісі: Искакова Э.СҚолөнер үйірмесі “Қолөнер” үйірмесінің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен бейнелеу өнері және ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып ,студенттердің бойына сіңіру. Міндеті: 1.Колледж бағдарламасын жан-жақты меңгерту. 2.Шығармашылық жұмысын дамыту. 3.Студенттің ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу. 4.Көркем шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру. Студенттің білімін терендетуде,шығармашылық қабілетін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде «Қолөнер» үйірмесінің орны ерекше. Студенттер оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен терен таныса отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке шыңдалуына мүмкіндік береді. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Сол мәдени асыл мұраларды «Қолөнер» үйірмесі арқылы зерттеп, танып , бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. «Қолөнер – мол өнер» демейме халқымыз,сондықтан үйірме атауын осылай тандап алғанбыз. Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстарына жаңа түр, жаңа ұнасым тауып, олардың идеялық мазмұндарын байыта түсуде. Мұнын өзі де шеберлердің басым көпшілігінің жан-жақты салауатты, білімді, өнердің түрлі салаларымен таныс студенттер екенін көрсетеді. Халықтық педагогикада жас ұрпақты ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ерекшелігіне қарай баулыған. Келешекте егеменді елімізді көркейтер білімді де, саналы азаматтар тәрбиелеп шығатындығына сеніміміз мол.   Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағыҚазақ драма театрындағы Наурыз мерекесіне арналған колледж студенттерінің көрмесі “Өнерлі өрге жүзер” колледжіміздің 15 жылдығына арналған шара Тұмар – қазақ халқының киелі де, құнды, асыл да ардақты жәдігері Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы«Отансүйгіш азамат,тұлғаны қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының маңызы» Областық ғылыми-тәжірибелік конференция ( ІІ орын) Облыстық ғылыми конференция “Қолөнер” үйірмесінің шебер-классы Қала күніне арналған «Гүлдене бер Оралым» атты облыстық көрме ҮЙІРМЕ ЖЕТІСТІГІБАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ЖАЛПЫ ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ \ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ   «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ          ОРАЛ-2014