Д?ниетану п?нінен саба? жоспары:Топыра?ты? ерекшелігі ж?не оны? т?рлері.?діскер: С?лейменова С?ния Ырзы?бек?ызы


Сынып: 3 "А"
Әдіскер: Cулейменова С.Ы.
Пән: Дүниетану
Практикант: Толеу А.Н.
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың топырақ туралы түсініктерін кеңейту. Топырақтың негізгі қасиеттері, құрамы туралы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту.
Тәрбелік: Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.
Сабақтың  түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: ой  қозғау, түсіндіру,  тәжірбие жасау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздерме,балалар! Отырыңдар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Менің аты- жөнім:Толеу Айжан Нуржановна.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
а) Психологиялық дайындық. - Бүгін кезекші кім? - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Жылдың қай мезгілі? - Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету) - Сабаққа дайынбыз ба? 
II.Өткенді қайталау:
Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар? (Пайдалы қазбалар)
- Олай болса кім үй жұмысын айтып береді?(2-3 баладан сұраймын.)
Жарайсыздар үй жұмысын барлығы оқып келіпті, олай болса тест арқылы үй жұмысын қортындылайық.
1.Пайдалы қазбаларға жатады.
а) темір кенінен алынған металл;
ә) тау жынысы;
б) техника бөлшектері;
в) жер қыртысының қатты бөлігі.
2.Құмтас деп:
а ) құм аралас тас;
ә ) қайырылған тас;
б) құрылыс материалдары;
в) қатты тас.
3. Бос жынысқа жатады.
а) құм және цемент;
ә) мұнай, газ;
б) гранит;
в) құм және газ.
4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:
а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;
ә) жанғыш,кенді, кен емес;
б) бағалы, құнсыз, жанатын;
в) металл, тау жынысы, «қара алтын».
5. Кен орны
а ) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері;
ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;
б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;
ә) тау жыныстарының қосындысы.
III.Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы.
Пайдалы қазбалар бізге қалай пайдалы болса, сондай бір пайдасы мол жер бетіндегі табиғи жаратылыстың бірі - топырақ. Ал топырақтың қандай пайдасын білесіңдер балалар?
IV Жаңа сабақ:
- Дұрыс айтасыңдар, Олай болса біз бүгін топырақты өтеміз.- Балалар осы топырақ дегеніміз не?
Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
-Қанекей топырық түралы аңық білу үшін оқулығымызды ашайық.
Оқулықпен жұмыс. (77 бет)
-Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмасы неде?
-Қарашірік қалай пайда болады?
-Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
-Сор топырақ қалай пайда болады?
Дәптермен жұмыс. (81 бет)
Суреттерді қара. Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде ?Өз ойында дәптерге жаз.
Сергіту сәті: Қара жорға биі (Видио)
Тақтамен жұмыс.
Суреттерге қарап, топырақтың құнарлылығын анықтап көрейік.
Топтық жұмыс.Топырақтың құнарлылығына жәндіктер, құрттар, т.б. жануарлардың тигізетін пайдасы жайлы айтыңдар.(ұжымдасып, бір-бірлермен келісіп ойларын толықтыру).
Бекіту.
Шығу парағы
Менің өз білгенім? Бүгін түсінгенім? Менің қоятын сұрағым бар....
Үйге тапсырма:(77 бет – 82бет.)
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері. (мазмұндап келу.)
Бағалау -Тамаша балалар, сендердің жауаптарыңда, жұмыстарың барлығы көнілімнен шықты. Сендерге көп рахмет.Сол сабептен барлықтарына қолымдағы жұлдызшыларды таратамын. Сендермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Сау болыңдар!!!!
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға: