Жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану — білім сапасын арттыруды? негізгі шарты



“Тіршіліктің тірегі – ана!”
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі мектебімізде бүгін “Тіршіліктің тірегі – ана” атты мерекелік кешіміз өтті! Мерекелік кеште 6-7 сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, анаға деген ыстық ықыластары мен шын жүректерін жарып шыққан ақ тілектерін арнады. Жігіттеріміз қырмызы қыздарымыз бен асыл аналарымыздың құрметіне әсем әуендері мен көңілді билерін биледі. Кешімізді мектеп ұстаздары мен қыздары, сонымен қатар ата-аналар тамашалауға келді. Оқушылар аналар мен қыздарға жыр шумақтарын арнап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Мерекелік кешті ұйымдастырған математика және информатика пәнініңмұғалімі, жас маман Байтілеуова Самал Әлайдарқызы. Жас маман Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенті., алғашқы еңбек жолын Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебінен бастады. Оқуда көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің білімімен және жан жақтылығымен көзге түсіп Тұңғыш Елбасы қорының степендия иегері атанған студент - жас маман ретінде мектебімізде тәжірибе жинап жатыр.
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза, түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Барлық аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!!!
-25406022340-25403255010-2540-113665
-1231901739265
ЖАНАРБАЕВА АЛТЫНШАШ