«Биоа?параттандыру ж?не синергетика» (БжС) білім беру технологиясы


«Биоақпараттандыру және синергетика» (БжС) білім беру технологиясыКусаинова Нуржамал МусаевнаАстана қаласы Сарыарқа ауданы№ 3 мектеп-гимназиясыбастауыш сынып мұғалімі
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.» Н.Ә.НазарбаевӘлемдік білім беру жүйесі уақыт өткен сайын жылдам дамуда. Білім беруде мұғалімдердің басты нысаны-оқушы. Ендеше алдымыздан білім нәрімен сусындаған оқушыларымыз қандай болу керек? Менің ойымша өзінің және қоғамның көзқарасын барша жұртқа білдіре алатын, білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, құзырлы жеке тұлға болу шарт. Ал оқушыларымызды осы деңгейге жеткізу үшін біз сабақтарымызды қалай түрлендірер едік? Оқушының оқуға қызығушылығын, мүмкіндігін  қалай арттыра аламыз? Бүгінгі мектеп мұғаліміне, сабақта қойылатын талаптар да түбегейлі өзгерді.
Әрбір мұғалім мектеппен шәкірт алдында жауапкершілікпен, шығармашылықпен ізденімпаздықпен және шеберлікпен білім беруде.Ұстаздардың жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісінде қажымай еңбек етудің арқасында,егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскерлі,жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді, саналы азамат етіп тәрбиелеуде.«Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек,оны өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсеесебінде қолдануы керек» деген А.Байтұрсыновтың сөзін басшылыққа ала
отырып алдыма қойған негізгі мақсатым – сабақ сапасын көтеріп, түрлерін жетілдіре отырып,оқушыларға тереңде тиянақты білім беру. Ол – үлкен ізденіс пен
шығармашылықты талап етеді және бұл бір күннің әрекеті емес,оған уақыткерек.Оқушыларға математика пәнінен тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріпөткізу,сынып оқушыларының қызығушылығын және белсенділігін арттырумақсатында «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясын математика
сабақтарында тиімді пайдалану тақырыбында ой қозғамақпын. 2013 жылы Астана қаласы №3 мектеп-гимназия оқыту сапасын басқару, оқыту тиімділігін арттыру, жоғары жетістіктерге жету мақсатында ғалым - практик , психолог Ф.Я.Вассерманның жетекшілігімен «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясын эксперимент ретінде енгізіп,
Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері.
Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы.
«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ:
«БжС» технологиясымен Дәстүрлі сабақДаму
ОқуТәрбиелеуБір жақтыӨлшемдер боладыӨлшемдер нақты болмайдыСабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға боладыӘр сабақ бөлімінің сапасы анықталмайды «БжС» технологиясы 9 технологиялық картадан тұрады: алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.
Мен өз сабақтарымда «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының «Алгоритм», «Ауызша сабақ-1», «Ауызша сабақ-2» карталарын қолданып келемін. Аталған технологияның тиімділігі – шапалақ соғу арқылы оқушылардың зейінін бір жерге шоғырландырады, есте сақтау қабілетін дамытады, оқудағы іс - әрекеттер арқылы ойлау дағдыларын жетілдіреді, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе жұмыс істеуге жетелейді. Оқытудағы тапсырмалар мазмұнының күрделілігін есептейтін формуласы ұсынылады - ол оқу материалын меңгеру деңгейі және оқу материалы мазмұнының деңгейі дифференциясы бойынша үш бірліктен тұрады. Олар: төменгі (ТКШ), аралық (АКШ) , жоғары (ЖКШ) күрделілік шегіндегі тапсырмалар. Тапсырманы орындап, аяқтау уақыты - алғашқы орындап болған 5 оқушыдан басталады, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды орындау сапасының нормативтік көрсеткіштері көрсетіліп отырады, ол көрсеткіш- 63% төмен болмауы тиіс. Әр оқушының негізгі міндеті - өзінің сабаққа қатысу маңыздылығын сезінуі және тақырыпты мына формулалар бойынша меңгеруі ескеріледі, олар: «Егер-онда» формуласы грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде қолданылса , «Биоинтернет» картасының ұраны: «Сенде бір мүмкіндік бар – басқаларға көмек бере отырып, өзіңе көмектесу». Түсіндіру әдістерінің әр түрлілігі кластағы әрбір оқушыға тақырыпты дұрыс меңгеруіне мүмкіндік береді.
«Алгоритм» картасы жаңа материалды тиімді меңгеруге бағытталған, мұғалім тақырыпты қайталап түсіндіруі бойынша білімдерін қалыптастырады және соны толық меңгерген оқушыларды бақылайды. «Биоинтернет» картасы бойынша жұмыс жасаған кезде оқушылар бір-біріне көмек көрсету ережесі мен құндылығын түсіндіру қажет, яғни, «орындадың - түсіндіре алдың - меңгердің ». Бұл карта тақырыпты тиімді меңгеруіне, түсінікті етіп жеткізуіне көмектеседі. Әр кезеңнен кейін нәтижесі міндетті түрде тақтада көрсетіліп отырылады. Бұл технологияның пайдасы да, жетістігіде бар. Технологияның тиімдіжақтары бар; Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушының қабілетіайқындалады. Талпынысы, ұмтылысы байқалады. Күрделі тапсырмаға байланысты,
оқушының ойлау қабілеті артады. Баланың деңгейін біліп отырасыз. Математика
сабақтарымда көбінесе «АЛГОРИТМ» КАРТАСЫН пайдаланамын.
Мақсатым: өткен тақырып бойынша 63% - ға жеткен оқушылардың білім мен
біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту.Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік –
ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да – тоқы» ұстанымын жүзегеасыра отырып,оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.Жетістікке жеткен адамкөрсеткіші ретінде,пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту жәнеынталандыру.
Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.
Күтілетін нәтиже: алға қойған мақсатқа жету.
ЖАТТЫҚТЫРҒЫШ;
1. «Ондықтан аттап, жиырма аралығындағы сандарын қосу және азайту.»
2. «ЕКІ таңбалы сандарды қосу және азайту».
3. «Азайғышты, азайтқышты және белгісіз үшінші қосылғышты табуғаберілген есептер».
4. «Жай және күрделі теңдеулерді шешу»-атты жаттықтырғыш карталардыпайдалана отырып бірнеше сабақтарымды өткіздім.
МЫСАЛЫ ;Бір сабақтан үзінді алатын болсам.Психологиялық дайындықмақсатында кез – келген санға санды қосу,азайту да шапшандықтарын тез
есептеуге дағдыландыруда ойын ойнатуға болады.
Сызба түрінде берілген оқу әрекетінің жинақтау әдістерімен жұмыс.(ОӘЖӘ
Көшбасшы сайланады.
Сынып үш тапсырма алады.Тапсырманы бірдей бастау үшін қолдарын бірдейдыбыспен шапалақтайдыӘр тапсырманы орындалғаннан кейін алғашқы орындап болған бес оқушы қолкөтереді, қосымша секунд беріледі.Жұмыс аяқталған соң, оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап-бұл қателік»бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуы кезеңмен тексеріледі.Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиямен жұмыс істеу нәтижесінде:
- Үлгерімі нашар оқушылардың сабаққа деген ынтасы артты;
- Оқушылардың жылдам ойлау қабілеті артты;
- Есте сақтау қабілеті дамыды;
- Сөздік қоры молайды;
- Уақытпен жұмыс жасауға үйренді;
- Дамыта оқуға мүмкіндік туды;
- Жалпы білім сапасы артты;
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының ерекшелігі әр сабақтың білім сапасының нақты пайызын көрсету арқылы мұғалім өз еңбегінің нәтижесін көреді. Сонымен, қорыта кетсем;Шәкәрім ағамыз айтқандай, «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады.Олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Білім беруде оңай емес. Қандай істі болсын бастау,оны өмірге келтіру оңай шаруаемес. Ұрпақ тәрбиесі –бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Жан жемісі, еңалдымен, оқу, білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз – білімошақтары емес пе Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзегеасады. Өз алдыма қойған мақсатқа жету үшін сыныбымның деңгейін анықтап,
білімдерін көтеруге, шыңдауға тырысамын. Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда,ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.Осындай жаңалықтар оқушыларды ақыл – ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді.