Елін с?йген — Елбасы т???ыш президент к?ніне орай ?ткізілген шара


Конец формы
Начало формы
Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар  арқылы көмектесе аласыз.
Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз.
Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз.
Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз.
Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретіңізді естен шығармаңыз.
Болашаққа қойған асыл армандарыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз.
Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз. Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз.
Өзіңіздің шын мәнінде білімді екнніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз. 
Бұл сынақ – үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, өзіңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз.
Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.
ҰБТ-ге дайындық
Емтиханға дайындық кезінде ата-аналарға көмек
Емтиханға дайындық кезінде балалармен қарым – қатынасты шиеленістіруге бола ма? Бүгін біз дау-жанжал туралы сөйлесеміз.Дау-жанжал дегеніміз не? Дау-жанжал – бұл соқтығыс, байыпты келіспеушілік, бәсекелесу. Дау-жанжалдың себебі – қарсы шығу, әр түрлі мүдделі қарым-қатынаста шиеленісте болу арқылы туындаған жағдайлар. Дау-жанжалда әрқашанда бір мүдделі затқа екі адамның қатысуы, барлық шиеленіс осы адамға келіп тіреледі. Дау-жанжалдың нысаны: S – O – S. Сонымен дау-жанжалдың себебі – соқтығыс. Берілген мысалды қарастырайық.Ата-аналарға диалог ойнау ұсынылады. Ұлы (қызы). Маған кітапты әперіп жіберші, өтінемін. Шешесі. Басымды қатырма. Менің шамам жоқ. Басым ауырып тұр. Ұлы (қызы). Неге сен менімен дөрекі сөйлесесің? Шешесі. Мен саған сонша не деп жауап бердім?! Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұл жанжал ма? (ата-аналармен жағдайды талқылау).Сынып жетекшісі. Сіздерше, бұл жағдайды жанжал деп айтуға болмайды? Мұнда соқтығыс заты да жоқ., мұнда мүддеге соқтығыс та жоқ. Рас қой. Бұл аталған әншейін жанжал: адамдардың біреуінің көңіл күйінің жоқтығынан соқтығыс болған. Мұндай «мәнсіз жанжалдар» біздің өмірімізде өте көп. Өте жиі болып тұратын бұл жанжалдар үлкен кикілжіңге айналады. Жанжал қарым-қатынаста шиеленіс деңгейінің үдеуіне әкеліп соқтырады, бұл жанжалдың уақытылы шешілмегенінен туындайды. Сондықтан жауап берген сөздеріңе, іс әрекетіңе мұқият болу қажет. Жанжалды шешудің екі тәсілі ғана сөзсіз ұсынылады (жанжалды шешудің тәсілдері талдама және талқылама).
Жанжалдарды шешу түрлері
1. Әзіл2. «Психологиялық сипаттама»3. Келісім4. Жағдаятты талдау5. Аралық сот6. Талап7. Серіктесіне басымдылық жасау8. Байланысты үзу
Әзіл – бұл біреуге деген ренішсіз қарым-қатынас. Онда мысқыл болмау керек, ондай жағдайда жанжалдасушылардың біреуін ренжуі мүмкін.«Психологиялық сипаттама» - қарсласуының оңжақтық мінездері жылулық білдіруі (сен ақылдысың, білімдісің, ең сүйіктісің және т.б.).Келісім – бұл бір-біріне деген түсінушілік негізінде туындаған келісім. Келісім туындаған кезде болған жағдайдың талдамасы қажет. Талдаманы жасау үшін бірнеше шарттар орындалуы керек: бейтараптық шекара, ойластырылған логикалық сұрақтар, толық сенімділік, психолгиялық тепе-теңдік жағдайы.Аралық сот жанжалдарды шешу тәсілдерінің жақсы түрінің бірі, яғни жанжалдасушылардың бір-бірімен «күресу» кезінде байқамаған жерлерін тауып беруге көмектеседі. Талап қойылады, егерде жанжалдасушылар бір-біріне қорқыту немесе күш қолданған кезде. Талап тек жоғары сынып оқушыларына ғана қойылады.Жанжалдың шешімін құрастырушы адамның өзі болып келеді; біздің әлеуметтік тәжірбиеміз бен ішкі дүниеміз ықпал етеді. Басқа біреудің ішкі дүниесін түсіну үшін ең алдымен оны сыйлай білу керек. Асығыстық, тыңдай білмеу, ұл не қызыңның мәселелеріне көңіл аудармау, оларды түсіну – ең басты ата-аналар мен өсіп келе жатқан балалар арасында психологиялық тосқауылдың бірі болып келеді.Сіздердің міндетіңіз бала өміріндегі осындай жауапкершілікті кезеңде (бітіру, не оқуға түсуге кезеңдегі емтихандарда) жанжалдар туғызбауға, түсінуге тырысып, қолдау көрсету.  
Қорытындылай келе балалардың «Алтын балықтан не сұрар едің» деген сұраққа жауап берген жауаптарын оқып бергім келеді.• Мен отбасымның көбірек түсінушілікте болғанын және отбасыммен өткізетін уақыттың көбірек болғанын қалар едім.• Менің арманым, ұрыс-керіс болмаса, түсінушілік және мейірімділік болса.• Мен бақыт сұрар едім, өмірімнің әр уақытында өзімді бақытты сезінгім келеді.• Өмірде өз орнымды тапқым келеді• Алла тағала, көмектес, ата-аналарымның есін жи, маған адам ретінде қарағандарын қалаймын, мені жақсы көрсін, мені түсінсін, мен жаман емеспін.• Бір-біріне көбірек сенсін.• Нағыз жақсы достар берсін.
Ата-аналарға кеңес
• Ештеңеге қарамастан өз балаңыздың оңжақтық қылықтарын сақтаңыз.• Отбасыңыздың берекесін ұйымдастыра біліңіз, ешқайсысы өз өмірінен түңілмесін. • Балаңызды міндеттері мен мәселелерден қорғамаңыз. Барлық мәселелерді бірге шешуге тырысыңыз.• Өз құрдастарымен сөйлесуді балаңыздан шектемеңіз.• Балаңызбен жиі сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, компьютер де, теледидар да сіздей болмайды.• Есіңізде болсын, балаңызда ертең есейіп, ер жетіп, жеке өмір сүруіне тура келеді.• Болашақ өмірге дайындаңыз, сол туралы айтыңыз.• Өз сырт тұлғаңыз бен іс әрекетіңізге көңіл аударыңыз. • Бала сізді мақтан тұту керек.
Стрессіз емтихан тапсыру
 
1.«Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т.б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады.
7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т.с.с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз.
ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет?
 
ҰБТ-ға дайындық:
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТқарсаңында көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
 
«Тіл- ұлттың жаны,  халықтың үні» тақырыбындаөткізілген әдеби-танымдық кештің  бағдарламасы
Әдеби-танымдық кештің  тақырыбы: «Тіл- ұлттың жаны,  халықтың үні»
Мақсаты: оқушыларға өз тіліміздің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбаты екенін ұғындыру. Тілді ұлттық рухани мұра ретінде қадірлеуге үйрету.Көрнекілігі:интерактивті тақта, ана тілі туралы сөздер, ақын-жазушылардың суреттері, көркем әдебиеттер, жолдаулар.
 Кештің барысы:  а) Кіріспе  (Сахнаға 5 оқушы шығып, М Әкімхановтың «Қуатым – ана  тілім» атты  өлеңін кезекпен оқиды. Баяу әуенмен Құрманғазының күйі ойналып тұрады.)      1-оқушы .Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
 Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
 Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
2-оқушы  Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
 Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
 Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
 Әперген маған орын ашып төрден.
 3- оқушы . Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
 Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
 Сен барда терезем тең, еңсем биік,
 Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
 4-оқушы.  Ардағым, ана тілім – жан мерейім,
 Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін .
 Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
 Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
5- оқушы.  Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,
 Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
 Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
 Екенін жан сырымның анық мұның!
1  жүргізуші:Құрметті тіл жанашырлары!
2  жүргізуші: Тіл құдіреті ерекше . Оның бітпесті бітіретін,  жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз сөз орынды айтылып, жатталып, жаныңды бақытқа балайды.
1 жүргізуші:  Тіл-ұлттың жан дүниесі, халықтың жаны , сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.
2 жүргізуші:    Олай болса өз тіліміз туралы сыр шертер «Тіл- ұлттың жаны,  халықтың үні» атты кешімізге  
1-2 жүргізуші:    Қош келдіңіздер демекпіз!
1  жүргізуші:  Жарық көрмей жатса да ұзақ , кең тілім,
                       Таза терең, өткір, күшті кең тілім.
                        Таралған түрік балаларын бауырыңа,
                        Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!- деген Мағжан  ақынның сөзі өзекті де өткір.
2 жүргізуші: Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры » деген сөздің мәнін терең пайымдасақ, Мемлекетімізге тәңір сыйлаған  тәуелсіздігіміздің тірегі- Тіл  екендігін жүрегімізбен сезіндік.
1  жүргізуші:   Сол еліміздің тірегіне айналған  «Тіл туралы Заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып, Мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)
1. 1989 жыл  22 қыркүйек. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,  қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі » мәртебесі берілді.  2. 1993 жыл 28 қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып, онда қазақ тілі  « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.3. 1995 жыл 30 тамыз.  Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып,  Конституциясының 7- бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі», – делінген. 4. 1997 жыл 11 шілде.  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң» Парламентте  қайтадан талқыланып, ол  Қазақстан Республикасының  Президентінің  Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша  қазақ тілі -  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,- деген.« Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы Заң » 6 тарау, 27 баптан тұрады.(Оқушылар заңның әр тарау ,бабын жатқа кезекпен  айтып өтті)
2 жүргізуші: Ана тілім -қазақ тілім ,туған тіл,
                      Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
                      Ана  тілді құрметтеңдер адамдар,
                      Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- деп ақын ағамыз жырлағандай ана тіліміз мәңгілік болғай,- деп тіл құдіретімен жазылған «Қазағым менің» әнін тыңдаңыздар.
 1 жүргізуші: (баяу әуенмен күй қойылады)
 Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,
Тілің барда нұр шашып, атар күнің.
 Сөзімнің ұғар болсаң түп-төркінін,
Жүрек жырын жазар ем таппай тыным…
жүргізуші:
 Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,
Көзіңді сал көк аспан алыстарға.
Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын,
 Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.
1 жүргізуші: Өз тілінің елі , халқы үшін жанын берер, өр тұлғалы ақын М. Шахановтың тіл туралы «Тіл рухани күре тамыр» атты жырын бір оқушы оқиды
 Тіл рухани күре тамыр
Тіл рухани күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,
Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ, сана жоқ.
Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,
Бұл ғасырлық зұлымдықты  қай қу ойлап тапты екен.
Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы,
Ана тілін ардақтауға жетпегені шамасы.
Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде,
Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімге.
Ол,әрине, орысша ойлап, тек орысша түс көрер,
Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпенен.
Ана тілсіз дамыған соң сезім, ойы, санасы,
Түрі қазақ болғанымен , ол орыстың баласы.
Өмірінің ана парқын игергеннің бәрі де,
Яғни ана тілсіз  өніп, көгергеннің бәрі де.
Басқа анаға , басқа ұлтқа кеткен жандар бала боп,
Өз халқына олар енді жарытпайды ана боп.
(Сахнаға жүргізушілер шығады)
2 жүргізуші: Қазыбек би сөйлеген тапқырлықтан,
1 жүргізуші: Дулат ақын толғаған өмір сырынан,
2 жүргізуші: Махамбет жырлаған халық мұңынан,
1 жүргізуші: Абай айтқан асыл жауһарлардан,  
2 жүргізуші:Жамбылдан жеткен сырлы сөздерден,
1 жүргізуші:Әуезов аспандатқан әсемдік әлемінен,
2 жүргізуші:Қабдолов қисынын келтірген  асыл арналардан ұлы тілдің құдіреттілігі мен қасиеттілігін аңғарсақ , сол ұлы тілмен шешілген талай дау, талай өткір сөздер, талай шешендеодің шұрайлы ойлары таңдай қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған мына бір көрініске назар аударайық. Көрініс «Қазыбек бидің тапқырлығы»
1 жүргізуші :   Ұлттық тіл, ой-сөз жүйесі, халық даналыға деп осыны айтса керек. Дәл қазіргі заманда бірден онға дейін санап, шешуін тап,- десе, жауап бере алмай тығырыққа тірелер ме едік , әлде ел жақсылары  басқаша сөз саптар ма еді кім  білсін?
2 жүргізуші: Олай болса даналықпен ел бірлігін сақтаған бабалар рухына арнап «Ерке сылқым » күйін тыңдаңыздар.
1 жүргізуші :   Тәуелсіздік таңы атып, 20 жыл деп шырқаған,
                         Бұл күндер де бір кездері болып еді ұлы арман.
                          Астанамыз Астана боп, Елбасымыз Нұрсұлтан,
                          Жолдап жолдау өз халқына елбасының атынан.
  2 жүргізуші :    Осылайша жырлауға тұрарлық жыл сайын жолданатын елбасы жолдауының қайсысы болса да  тіл саясатын ескерусіз қалдырған жоқ.
1 жүргізуші :   Сондықтан да болар Елбасының « Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде», «Ана тілі бәріміздің анамыз, өйткені ло –ұлтымыздың анасы» деген сөздерінің төркінінде көп мән бар.
2 жүргізуші :  Ендеше сол жолдау беттеріндегі тіл туралы ойларды тыңдайық.( Оқушылар елбасы жолдауларында тіл туралы айтылған деректерді  айтып өтеді. )
1 жүргізуші :    Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,
                          Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
                          Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
                          Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- дегендей дүниені дүр сілкінтіп, 56 мемлекеттің басын қосып, елімізде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Астанада өткен саммитінде елбасымыз еліміздегі бірлігі жарасхан үш тұғырлы  тіл саясатын одан сайын дәлелдегендей. Соның негізі ретінде енді оқушылардың қазақ ,орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ана тілі туралы айтқан өз пікірлерін тыңдайық.
2 жүргізуші :  Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ  емес. Тіл тағдыры- ел тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні, ертеңі, болашағы ана тіліміздің  дамуының   деңгейіне байланысты. Халқымыз « Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тіл –қылыштан өткір» деп, сөз құдіретін ежелден жоғары бағалаған.
1 жүргізуші :   Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар- қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,
Жер иесі- менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні,- деп ақын ағамыз жырлағандай енді тіл туралы аға буын өкілдерінің  айтқан пікірлеріне құлақ салайық. (Оқушылар тіл туралы ақын-жазушылардың айтқан пікірлерін кезекпен айтып өтеді. )
1 оқушы Б. Момышұлы. « Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.»
   2 оқушы  Б. Момышұлы. «Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.»
 3- оқушы  Ы. Алтынсарин. «Қазақтың тілі соншалықты мол.   Қазақтың тіліменен  қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.»
 4- оқушы А. Құнанбаев. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.»
 5- оқушы А. Құнанбаев «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің  ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.»
 6- оқушы Ахмет Байтұрсынов «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар  ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс  я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып,  балалар әбден дағдыланғандығын  кейін басқаша  оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай  сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі  ана тілімізбен  оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз»
2 жүргізуші :    Тіл-ұлттың жаны , халқымыздың асыл белгісі, намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер,- дей келе келер ұрпақ атынан «Туған жер» әнін тыңдаңыздар.
 1 жүргізуші :Құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар! Біз сияқты тілі туралы жыр жырлап, жүрек түкпіріндегі сөздерін қияға шарықтатар жандар туған елімізде көбейсе екен дейміз. Десе де дәл қазіргі таңдағы тіліміздің атынан бізге жазылған мына хатты да бір тыңдап көрелікші. «Тіліміздің атынан жаңа ұрпаққа хат»
   2 жүргізуші :   Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
                             Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
                             Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
                              Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей.
1 жүргізуші :   Ана тілде ата-баба сыры бар,
                         Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
                         Өсе келе құстың тілін білсең де,
                         Ана тілсіз оның қандай құны бар,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі ұрпаққа саналы тәрбие беріп, ана тілімізді оқытып жүрген ұстаздардың да пікірін тыңдағымыз келіп «Хабар» телеарнасынан тілші шақырғанбыз. Енді сол тілші сөзіне құлақ түрсек.(Бір оқушы тілші болып шығып, амандасып ,өзін тілші ретінде таныстырып, сауал қоятын мұғалімімен танысып,  мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар қояды.)
Қазіргі таңда тіл мәртебесі қай деңгейде деп ойлайсыз?
 Бүгінгі кешке тіл туралы тағы қандай деректер қосылса екен деген ойдасыз?
Қазақ тілі биік дәрежеге көтерілу үшін  мемлекетіміз қандай жұмыстар атқару қажет деп ойлайсыз?
2 жүргізуші :    
  Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
 Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
 Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
 Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
1 жүргізуші :  
 Туған тілде сыры терең жаным бар,
 Туған тілде әнім менен сәнім бар.
 Туған тілім тіл болудан қалса егер
 Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,- деп Д. Әбілов ағамыз жырлағандай тіл туралы деректер мен әндер мұнымен бітпек емес, әйтсе де тамашалағандарыңызға алғыс айта отырып , кешімізді аяқтаймыз.                           
 
Интернетке хабарлау:
In My World2Share to FB HYPERLINK "http://vk.com/share.php?url=http%3A%2F%2F45minut.kz%2F%3Fp%3D23587"
Share
HYPERLINK "http://vk.com/share.php?url=http%3A%2F%2F45minut.kz%2F%3Fp%3D23587"

Filed under: Тәрбие сағаттары
Сабақ, мақала туралы пікір жазып, ойыңызды жазыңыз:
Начало формы
 Аты-жөні (міндетті)
 E-mail (міндетті)
 Спам қорғаныс: 6 + 9 = ?
     
Конец формы
© 2013 www.45minut.kz | Template by DemusDesign | WordPress by Free WordPress Themes Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғаны қазақ елі үшін зор қуаныш.            
             Елімізді басқа ел танып жатқанда тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақты тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол әр ұлттың тарихи көрініс белгісі, ұлттық ой-өрісті кеңейте түсуге зор мүмкіндік туғызады.            
           Тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтыны хақ. «Туған тіл – қадірің», - дейміз.            
            Мектеп ұстаздары мен оқушылары да мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
 
Сынып сағаттары
 
Ана тілі-ардағым. Медеубаева Ш.Т.  Қарау   
 
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім 
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
            Егемендігіміздің басты белгісі қазақ тілінің мемлекеттік статус алдында жатыр. Жас өскінді туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу – оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулудың ең басты мәселесі.
                                                                                                                            Толығырақ>>>Ана тілім - ардағым!
«Тілім барда, айтылар сыр ойдағы!»
 
Мақсаты:   1. Мектеп пен отбасылық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 
                 2. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде қазақ тіліне байланысты, олар
                     білуге тиісті білімдерді өмірге бейімдеуде, тәлім-тарбие беруде,
                     мектеп, мұғалім және ата-ана болып бірлесіп жұмыс атқару.
Толығырақ>>> 
"Ана тілім арманымның ақ шыңы" атты оқушылар ой-толғанысы
          Тіл адамдардың бір-бірімен қарым қатынас жасауының ең қымбат құралы. Тіл туралы бір сөйлеммен айтып беру өте қиын. Ол көп ізденуді, ана тілінің байлығын мәдениетті түрде меңгере білуді талап етеді. 
            Қазақ тілі қазақ халқының  тілі. Қазақ тілі - өте бай, сөйлеуге оралымды, тартымды, көрікті. Қазақ тілі - өз халқымыздың тарихын, тұрмысын, мәдениетін бейнелейді.
            Тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл болып, ешкімге жалтақтамай, енді тілімізді дамытуға бет бұрсақ қой деп армандаймын.
            Еліміздің тәуелсізігі мен тіліміз үшін 1986 жылғы желтоқсанда қаншама ағаларымыз, апаларымыз қан төкті. Сол кісілердің арқасында тіліміз қолға алынып, қазақ халқының тарихында тұңғыш рет жүзеге асырылып жатыр. Ұлт мектебі дамып, оқыту жұмыстары ана тілінде жүргізіледі. Көркем оқулықтар шығарылып жатыр. Теледидарда хабарлар қазақ тілінде жүргізілетін болды. Осылай Қазақ тілі шарықтап өсе берсе екен! 
                                                                                 Біржанова Құралай. 9"Д" сынып оқушысы
Толығырақ>>>Тіл туралы түйіндер . . .
          
           Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...
           Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
                                                                                       
                                                                                  Ғабит Мүсірепов  
                                                                                                                            Толығырақ>>> 
  
 Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Рауан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Айбек: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Райымбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
Мақалаға белгі:Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз, тәрбие сағаты, қазақ тілі, тіл туралы
Алғыстар: 2Тілім барда білмеймін мен қайғыны» тақырыбындағы салтанатты шараның жоспары
Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Күй: «Әке толғауы»
1-жүргізуші: Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.
2-жүргізуші: «Апа» - деппін анама бір күн күліп,
«Әке» - деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
1-жүргізуші Ана тілім бойдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
2-жүргізуші Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
1-жүргізуші Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.
2-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары!
1-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе.
2-жүргізуші: Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады.
1-жүргізуші: Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22 қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.
2-жүргізуші: Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес.
2-жүргізуші: Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
1-жүргізуші: Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
2-жүргізуші: Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
1-жүргізуші: Осынау 22қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты лездемені ашық деп жариялаймыз.
*фанфара
2-жүргізуші: Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына сап түзе!
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
*Әнұран
2-жүргізуші: Отанымыздың берекелі шаңырақ, беделді елге айналуы белсенді тіліне де байланысты.
1-жүргізуші: Ендеше, тілі шұрайлы да оралымды ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
*фанфара
2-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Алмабек Дүйсенбайұлына беріледі.
1-жүргізуші: Тіл – халықтың игілігі. Халықтың жазуы жоқта – кітабы, мектебі жоқта – ұстазы болған.
2-жүргізуші: Тіл - жүрек, ой, ұят, ар.
1-жүргізуші: Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастады.
2-жүргізуші: Иә, бір данышпан:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем.
1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.
5а-сынып оқушылары өздерінің өлеңдерін оқиды.
1-оқушы: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
2-оқушы:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
3-оқушы:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
4-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
5-оқушы:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
6-оқушы:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Хормен: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
1-жүргізуші: Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін.
Сертіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
2-жүргізуші: Қуан, бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің -
«Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы
Атандық - ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
1-жүргізуші: Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.
2-жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, жас достар!
1-жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын.
1-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!
2-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!
Мақалаға белгі:Тілім, барда, мен, қайғыныТақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші:
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады
Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет
ҰБТ-ға дайындық
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр. ҰБТ қарсаңында Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек. Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр. Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
ҰБТ-ға психологиялық дайындық тренингі
1.     «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?
2.     «Шынын айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.
Қажетті құралдар:аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.
Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.
3.     «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.
Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?
Бұл ойын неге бағытталған?
4.     «Стресті жеңу үшін не істеу қажет»  мини дәріс.
Біріншіден: стресс кезіндеағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.
Екіншіден:денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден:үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық  тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.
5.     «Біздің топтың жүрегі».
Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.
Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.
6.     «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.
ҰБТ-ға психологиялық дайындық тренингі
         Мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру.
         Әдістер: ойын әдістері, топтық пікірталас.
         Міндеттер:
1.     Стреске қарсы тұруын арттыру.
2.     Сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыру.
3.     Эмоциялық ерік-сферасын дамыту.
4.     Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.
5.     Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
         Қажетті құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.
Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
Талдау:
Сендердің көңіл-күйлерің қалай?
Кімге өзінің қимылы қайтып келді?
Ол өзгерді ме, әлде сол қалпында қалды ма?
Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңдер?
 
Қорытынды.
Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары
             Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты оқушыларға бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылуда. Сондықтан да оқушыларды  бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық  тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр.
Сондықтан да психологтар қауымы   бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарлады.
Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге    оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін;
өзін-өзі реттеуін;
өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын;
сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
 Міндеттері:
1.      Стреске қарсы тұруын арттыру
2.      Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру
3.      Эмоциялық ерік сферасын дамыту
4.      Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға    сенім  білдіру.
5.      Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
6.      Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу
7.      Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.
Күн тәртібі
Бұл күнді үш бөлікке бөл:
-   емтиханға дайындық күніне 8 сағат
-   спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға 8 сағ;
-   8 сағаттан кем ұйықтама және қажет болса, түсте демалып ал.
Тамақтану
               Тамақтану 3-4 реттен және витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында тамақтанбау керек.
Сабаққа арналған орын
               Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек
Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.
Ойды қалай дамытамыз?
1.      Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, ештеңе айту қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен.
2.      Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес.
3.      Ойлауды дамыту – бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар, адамдар туралы хабарлар береді.
4.      Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен.
5.      Ойлау – дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру.
6.      Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабілетін игеру.
7.      Адам объектінің белгілерін неғұрлым көп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады.
8.      Ойлау мен сөлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты – оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдану, өзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру.
                               Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары
 
1.      Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.
2.      Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.
3.      Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.
4.      Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.
5.      Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.
6.      Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.
                                  Жұмыс қабілетін қолдану шарты
1.      Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру
2.      Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді
3.       Көзді сақтау үшін, әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау (кітаптан көзіңді
СТРЕСС
Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
 

Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Асылында бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген.
Сабырдың ауырлығымен қоса оның артықшылығы жайлы «Сабырдың уын жұтымдап ішіп, оны бойыңа сіңір. Егер сабыр сені өлтірсе шейіт боласың, егер аман қалсаң ұлық боп өмір сүресің» делінеді. Яғни, басқа келген қиындыққа барынша төзіп, сабырлық танытсаң сенен артық адам болмас ,,, )))

Ана тілім-ардағым.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға, үйрету. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
1997жылы 17 шілдеде Қазақстан Тіл туралы заң қабылданды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
Әр мемелекеттің өз тілі болады.
Біздің Республикамыздың мемелекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.
Қазақ тілі-өте бай, терең мағыналы, көркем тіл.
Туған тілім.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде сәнім менен әнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Дихан Әділов.
1-оқушы: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке-бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы-мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол тілінде жетіп отырады.
2-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз-ана тілдің сөздінен басқа (сөздің) тілдің сөзімен шұбарламау.
3-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады тез.
4-оқушы: Дүниеде не ащы? Тіл ащы. Дүниеде не тәтті? Тіл тәтті.
5-оқушы: Көпке қызмет ететін адамның мынандай 5 қасиеті болады:
1. Бір көзің жүзден артық көріп, екінші көзің көрсоқырдан бетер көрмейтін болсын.
2. Бір құлағың сақ болса, екінші құлағың керең болсын.
3. Көңілің керуен сарайындай кең болсын, естіген мен көргеніңнің бәрін көңіліңе сыйғыза біл, әрі сақтай біл.
4. Естігеніңнің бәрін қайталаушы болма, жақсы да, ақылды сөзді ғана айт.
5. Әрі бал, әрі зәр төгетін тіл болсын.
Даналық сөзінен: Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы-тіл» депті. Ал Игунеки: «Әдептің басы-тіл» деген.
1. Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі-сөз.
2. Сөз өнері-киелі өнер.
3. Өнер алды-қызыл тіл.
4. Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ.
5. Адамды жылататын да сөз, қуантатын да сөз.


«Тіл Тұғыры»
Туған тілім, тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе, тілім мен де бірге өсімін,
Өшше, тілім менде бірге өшемін.
Сүйемін туған тілім-анам тілім.
Бесікте жатқанымдақ берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымның.
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте.


Ана тілім-жайында.
Шабыт келсе, кетеді жырым нөсерлеп,
Қыл, қаламды ал, тағы да жаз, өлең деп.
Содан кейін ол шабытты жайына
Қоя алмайсың қозыдай сен көгендеп.
Шабытымның теремін қызғалдағын
Тілім жайлы айтайын мыңдық жағын.
Ана тілім бүгінде ақсап келет,
Сүйреткен мүгедектей бір балдағын.
Жойылып бойымызда ұлттық сана,
Затымыз жоқ, қазақ деген аты ғана,
Тұралап екі аяқтан жүре алмаған
Қазақ тілім бүгінде мешел бала.
Қуаныш Оспанов.
Ана тілі-жүрегіміз.
Қарап көрші, өткеніне
Тарихына сен құрбым.
Қанша азап көрдік, қанша болдық қор.
Жауыздықтаң бұғауына шырмалап.
Мың адастық таба алмай шығар жол.
Сол бір кезең, сол бір қиын шақтарда,
Қазыбектей дана батыр, даралар.
Туған тілде әділ шешім ой айтып
Ымыраға келу жолың тапқан ғой.
Туған тілдің құдыретіне тәнті боп
Жат жаулар да райларынан қайтқан ғой,
Бабалардың айтқан сол бір сөздері.
Әлия Заманбекова.
Қазақ тілім.
Қазақ тілім қазыналы бай тілім.
Қазақ тілім аспандағы ай, күнім
Қазақ тілі деп соғады менің жүрегім.
Сенімен бірге өтеді әр күнім.
Қазақ тілі шежірелі баба тіл.
Қазақ тілі көп жасаған ана тілі.
Қазақ тілім өмір бақи, мәңгілік
Қазақ тілі қазақтарға дана тіл
Ана тілім баба тілім, Отаным!
Отаннан мен жүрегіме от алдым,
Ананың мен ақ сүтін өтегендей
Қарызыңды өтеуге борыштымын Отаным.
Берікбол Амангелдин.
Ана тілім.
Ана тілім қадірлеймін мақтаймын.
Ата баба көзіндей ғып сақтаймын
Болашақты маған сеніп тапсырдың.
Сол себепті үмітіңді ақтаймын,
Сенің таза, мөлдір, тұнық сөзіңнен
Ақыл, Қайрат, Қуат алам төзіммен
Қазағымның баға жетпес байлығы-
Ана тілім айналайын өзіңнен.
Гүлжан Биқанова.
Ана тіліне тағзым.
Ана тілі-біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болашақ бағамыз
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп қараңыз.

Қортындылау: «Ана тілін ұмытқан адам өз өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген. Олай болса, тілге қандай құрмет көрсетсекте лайық.
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағОсы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Бекітемін: Орынғалиева С.О
Өтілген күні: 03.12.13
Сайыстың тақырыбы: Ана тілім – ажарым, асыл мұрам
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақтаЖүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Алғырлар», «Тапқырлар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз — дей отырып, әділ қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. Б.Орынбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2. Д.Орынбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сайыстың бекеттері:
1. «Қайырлы таң» бекеті (Екі топтың сәлемдесуі)
2. «Үміт» бекеті. (Мақал – мәтелдерді жалғастырады)
3. «Қайрат бекеті» (Қызықты грамматика)
4. «Ғалым» бекеті (Сұраққа жауап)
5. «Арман» бекеті (Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу)
6. «Дарын» бекеті (Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру)
7. «Шешен» бекеті (Топ мүшелері қазақ тілі туралы ой толғайды)
Жүргізуші: Өнерлі топтар бүгін ортамызда,
Командалар сәлем береді баршамызға.
Қол соғып, біз оларды қарсы алайық
Айтқандарын құлақ салып біз тыңдайық!
Құрметті ұстаздар, оқушылар ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Топтар кезектесіп шығады. (Алғырлар, тапқырлар)
1. «Қайырлы таң» бекеті.
1 – топ: Біздің топ: «Алғырлар».
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2 – топ: Біздің топ: «Тапқырлар».
Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйеміз,
Отан үшін күйеміз.
2. «Үміт» бекеті. Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар-деп, ақындарымыз жырлағандай, менде өз тілімде жырлағым келеді.
Тіл байлығы — әр елдің мақтанышы. Ол — атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.
Сайысымыздың келесі бекеті «Үміт» бекеті» — деп аталады. Мен мақалдың жартысын айтамын сіздер аяқтайсыздар.
1. Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
2. Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
3. Адам көңілден азады, тілден жазады
4. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.
5. Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
3. «Қайрат бекеті».
1. Мына сөздердің ішінен диалект сөздерді көрсет:
доға, жәшік, қамыт,сұлтан, пиала, нән, зейнеткер.
2. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты ,
Басқа кием қаңбақты,
Көлге салам қаймақты.
Жауабы:
Басқа кием қалпақты,
Көлге салам қармақты,
Күнде жеймін қаймақты.
Жонда қуам қаңбақты,
3. Ұрсу, зекіру сөздерінің синонимі.
4. Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз:
текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем.
5. Көңілді шумақтарды келістіріп оқып бер
1-БІР
Же1 екен 1қазан:
Ке1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
6. Қай шылаулар дефис (-) арқылы жазылады?
-мен,-және,-ау,-да,-мыс,-ақ,-пен,-ды.
4. «Ғалым» бекеті.
Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
Жеті саны, Жеті септік , Жеті жас, Жеті ата., Жеті күн.
Үш бәйтерек, үш жамандық, Үш көз, Үш тоқтам., үш арсыз.
5. «Арман» бекеті.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
1. Қас пен көздің арасында (лезде)
2. Қара қылды қақ жару ( әділ)
3. Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
4. Тайға таңба басқандай (анық)
5. Аузына құм құйылды (үндемеу)
6. Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
7. Тонның ішкі бауындай (тату)
8. Бет моншағы үзілу (ұялу)
9. Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
10. Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
6. «Дарын» бекеті.
1 – топ. Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
2 – топ. Дәулет деген – Ұғыңдар!
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса – күнің бар,
Тіл болмаса – түгің жоқ!
Тілім – шипам, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрем.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың көзі жұмылмай
Елдің туы жығылмас,
Тілдің туы жығылмай.
8. «Шешен» бекеті.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, әділ қазылар бүгінгі сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыскерлер шеттерінен білімді қарсыластар екені көрініп тұрды.
Болды дейміз жарысымыз жемісті
Озып шығар кім білімді, кім күшті
Әділқазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті — дей отырып,
бүгінгі сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
Жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.





Бекітемін: Орынғалиева С.О
Өтілген күні: 03.12.13
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ
Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
* Балаларды орындарынан тұрғызу.
* Балалар бір-біріне ретімен: Ашық аспан тілеймін!Күніміз жарық болсын!Деніміз сау болсын!Нан көп болсын!- деген игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: Әрқашан күн сөнбесін!-деседі.
Тәрбиеші: Айтқан тілектерің қабыл болсын!- деп балаларды отырғызады.
* Балалар бүгін бізде тіл дамыту сабағы. Мамандықтар әлеміне «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен саяхат жасаймыз.
3 топқа бөлу. 1топ- құлыншақ, 2 топ- қошақан, 3 топ- ботақан.Әр топ өз атын қорғайды.
1- топ. Құлыншақ.
Құлын, құлын, құлыншақ,
Жеткізбейді тұлымшақ.
Ұмытпағын балақан:
Жылқы баласы- құлыншақ.
2- топ. Қошақан.
Қой бөбегі Қошақан,
Қиянатты білмейсің.
Айнымайсың анаңнан,
Секеңдеуді сүймейсің.
3- топ. Ботақан.
Ботақаным- бөбегім,
Бейне туған баламдай.
Менің ана дегенім-
Сенің-дағы анаңдай.
Тәрбиеші: Тақтада жасырулы суреттер тұр, бұл суреттер бізге тапсырмалар әкелген, осы тапсырмаларды бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерімен бірге орындаймыз. Егер тапсырманы дұрыс орындасақ бұл суреттердің қандай суреттер екенін көре аламыз.
Баяғы өткен заманда кемпір мен шал өмір сүріпті.Бір күні шал кемпіріне бауырсақ пісірші дейді.Кемпір : үйде ұн жоқ дейді.-Әй,кемпір,қойманы сыпырып,қамбаны қырсаң,ұн шығады,-дейді.Кемпірі сыпырғышты қолына алып,қаптың түбін қағып,қамбаны сыпырып,екі уыс ұн шығарды. Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына қойса бауырсақ домалап кетіпті. Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шығады.
-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
-Жемеші қандай тапсырмаң болса да орындаймын.
-Ендеше бауырсақты аю жеп қоймас үшін біздер көмектесейік.
1- тапсырма.Аюдың тапсырмасы.
Мамандықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар тақпақтарын айтады.
-Ендеше біз бауырсақты аюдан құтқардық, жасырулы суретті ашайық..
Дәрігердің суреті.
Балалардан дәрігердің қызметін сұраймын.
2- тапсырма. Қоянның тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
Өздерінің таңдаған мамандықтарын қоршап сызады, сол мамандығы туралы әңгімелейді.
-Ендеше бауырсақты қояннан құтқардық, жасырулы суретті ашайық .
Ұшқыштың суреті.
Балалардан ұшқыштың қызметін сұраймын.
Сергіту сәті.
3- тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы.
Мамандықтар туралы жұмбақ жасыру.
1.Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім жанашыр? ( ұстаз)
2. Сабы- таяқ,
Басы- қалақ
Ұшын жүрер
Жерге қадап.( күрек)
3. Алты қырлы,
Алтын сырлы.( қалам)
4.Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.( милиционер)
5. Өрнектеп, сәндеп,
Тістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?( тігінші)
6. Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.( дәптер)
7.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.( мектеп)
Балалар жұмбақтарды шешеді.
-Ендеше қасқырдың да тапсырмасын орындадық, жасырулы суретті ашайық.
Сатушының суреті.
Балалардан сатушының қызметін, қолданатын құралдарын сұраймын.
4- тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.
Ұстаздарың қандай өлең үйретті, айтып беріңдер.
Балалар орындарынан тұрып, өлең айтып береді.
-Балалар, түлкінің қу, айлакер екенін білесіңдер, ол бауырсақты жібермей тағы да тапсырма бергелі тұр.
- Не істейміз? Бауырсақты құтқарамыз ба?
- Олай болса келесі тапсырмасын алайық.
5- тапсырма.
Мына текшені лақтырып, суреттегі заттарды қандай маман иесі қолданатынын тап.
Балалар текшені лақтырып, суреттегі заттардың иелерін табады.
* Сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқардық, ендеше жасырулы суретті ашайық.
Ұстаздың суреті.
Балалардан ұстаздың қызметін сұраймын.
* Балалар біз бүгін қандай мамандық иелерімен таныстық?
* «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен жасаған саяхат ұнады ма?
Ендеше 1- топ қолдарыңдағы жинаған жетондарыңды көтере қойыңдар.
2- топ, 3- топтың жетондарын санау.
- Енді осы ертегі кейіпкерлері сендерге жақсы сабаққа қатысқандарың үшін сыйлықтар беріп жіберіпті.
Үш топты марапаттау.
Тәрбиеші: Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет.Білімді болу керек екен.Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық
Оқыған маман шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.- деп сабағымды аяқтаймын.
Запись опубликована 08.02.2013 автором 45minut.kz редакция в рубрике Бастауыш сынып.
Навигация по записям
← «Интеграл.Ньютон-Лейбниц формуласы»Зат есімнің септелуі →Добавить комментарий
Начало формы
Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *
Имя *
E-mail *
Сайт
Комментарий
Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title="
Конец формы

Бекітемін: Орынғалиева С.О
Өтілген күні: 23.12.13
Тақырыбы: Сенім — менің серігім. ҰБТ ға дайындық ретінде тренинг сабақ
Мақсаты:11сынып оқушыларын ҰБТ ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту.Қажетті құрал жабдықтар: Ақ парақ, қаламсап, интерактивті тақта., «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат, жапсырма қағаздар, үнтаспа.«Досым қалың қалай…….? » жаттығуы.Жаттығудың мақсаты : Оқушылардың көңіл күйін көтеру, бір-бірімен қарым- қатынасын нығайту.
Шарты: Балалар дөңгелене тұрып, жұп-жұп болып бір-біріне қарап жоғарыдағы сөйлемді аяқтайды. Яғни,сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді.2. Оқушыларға психологиялық кеңес .1. Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал- жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қой;2. Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді енгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарайды;3. Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықта: сен кімсің «үкі», әлде «бозторғайсың ба». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан.4.Әр күнге жоспар құру. Жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» деген сияқты нақты ойда болу және өзін анықтау керек;5. Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;6. Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу.7. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;8. Берілген пәндер бойынша өте көп тесттер мен тапсырмаларды шығарыңдар,өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;9. Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағандарыңды есепте;
10. Емтихандарға дайындалу кезінде өзіңнің жақсы тапсырғаныңды көз алдыңа елестет;«Тапсырманы орындай алмаймын», — деп ешқашан ойлама;11. Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.
3. «Сенімділік» жаттығуы.Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те,ортасынан қырқылып алынады.Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.4.« Биіктік» жаттығуы 7 минМақсаты: Оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.Жаттығу барысы: қатысыушылардың біреуі шығады.Оған мынадай нұсқау беріледі.: «Қабырғаға жақын тұр, және секір. Қай жерге дейін секірдің белгіле.Мұнан соң тағы да былай деймін: «Енді барынша жоғары секірші.Төбеге бейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».Талдау: Бірінші және екінші белгі салыстырылады. Қатысушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылады.- белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?- Бұл айырмашылыққа не әсер етті?- Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарды ма, әлде нашарлады ма?- Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?5. Қорытынды:Күн сайын биіктеген әр сатымыз,Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.Әрдайым ашық болсын аспанымыз,Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз.-дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы, балалар . Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе,өмірмен бетпе бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең-кезең проблема туындай береді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.-дей келе бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймызҚорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін
Беркітілді: Орынғалиева С.О
Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі.
Мақсаты:
білімділік – оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;
Дамытушылық – жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік – оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, мамандық суреттері, бейнебаян, төс белгі, алма, ұлттық тағам, ұлттық киім;
«Халық пен халықты, адам мен адамды
Теңестіретін нәрсе – білім».
М.Әуезов
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызға көптеген қонақ келген екен. Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі». Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты – сендердің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасауларың үшін бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы және болашақ таңдаған мамандықтарың туралы ойларыңды білу, ой бөлісу

Сабақтың жоспары:

Даналардан шыққан сөз
(пікірлесу)

Армандарға жетсек деген тілекпен
(тілек айту)













Осы тәрбие сағатына орай сендерді алдын ала үш топқа бөлген болатынмен, яғни бүгінгі тәрбие сағатында топ бойынша жұмыстанамыз. Топтық жұмысымызды бастамас бұрын тақырыпқа сай шағын кіріспе сөзге назар аударайық.
Сендерді алдарыңа қойған басты мақсат – білім шыңына талпыну және қалаған мамандықтың иесі болу.
Мұнан әрі сабақ жүргізу тізгінін ертеңгі елдің тірегі болатын болашақ журналистика мамандығын таңдап отырған мектебіміздің «Алтын белгіден» үміткер оқушысы Мейрембаева Гүлжазираға беремін.
Жүргізуші:
«Шен-шекпенге жасыңнан-
Құмар болма» депті Абай.
«Милары жоқ масылға,
Сыңар болма» депті Абай
«Бүкіл абзал адамның
Баласы бол» депті Абай.
«Атаң менен анаңның
Панасы бол» депті Абай.
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай?
(Пікірлесу) Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиетін кім қалай түсінеді?

І бөлім
«Даналардан шыққан сөз»
Үш топқа қанатты сөздер беріледі. Сол қанатты сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру керек.

І – топ: «Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды» К.Маркс
ІІ – топ: «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» Абай
ІІІ – топ: «Біле бер қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж. Баласағұн

Ой қозғау: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов
ІІ бөлім
«Өз жұлдызыңды жақ» деп аталады.
Бұл бөлімнің аталуындағы жұлдыз мағынасын мамандық деп түсінуге болады, яғни өз мамандығыңды адаспай тап деген мағынада. Жаңа өмір табалдырығын аттар алдында әр талапкер үшін «Кім болам» деген қиын сұрақ тұрады. Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау - әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысының қызықты да табысты болуын қалайды. Дұрыс шешім қабылдау оңай емес. Сондықтан, сендерге үйге өз таңдаған пәндерің бойынша мамандықтар туралы, олардың бүгінгі таңдағы жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат жинап келу туралы тапсырылған болатын.
Жүргізуші:
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Мақсатына лайық
Мамандығын алады,- дей келе әр топқа сөз кезегін береміз.
«Өз жұлдызыңды жақ» бөлімінің ІІ-туры жоба құрастыру.
Ол үшін сіздерге плакат, маркер береміз. Жобаны өз мамандықтарыныңыздың қызығы мен қиындығын, жетістігі мен кемшілігін түсіне отырып болашақта өз таңдаған мамандық саласы бойынша мақсатыңызды жоба түрінде көрсетіп беріңіздер. (3 минут уақыт беріледі)

Келесі бөлім яғни ІІІ бөліміміз «Мен қалаған мамандық» деп аталады.
Ол бойынша әр топ өз қалаған мамандығы бойынша көрініс көрсетеді. (сәттілік тілеймін).
Қорытынды бөлім
Соңғы ІV бөліміміз « Армандарға жетсек деген тілекпен» деп аталады.
Болашақта ҰБТ сынынан мүдірмеу өтіп, Қазақстанның символына айналған бәйтеректей әрқайсысымыз қалаған мамандығымыздың бәйтерегіне айналайық деп бір-бірімізге жақсы тілектер арнайық.


Құштарлық болған жерде, табандылық болған жерде алға қойған мақсат та орындалады. Білім шыңына шығуымызға, қанаттарымыздың қатаюына ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаздың еңбегін бағалап, білім жолындағы қанатымыз талмай, білім көліне самғай берейік.
Мамандықтың жаманы жоқ. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.




















Бәйтеректей биік, тұғыры берік,
Жастық шақтың көктемі.
Еліміздің ертеңі
Мерейі-үстем, көңілі көктем,
Білімі қарымды, жанары жалынды,
Жан-жақты дамыған, бәрін таныған,
Бар нәрсені тең көрген,
Компьютерді меңгерген.


Биік болсын көгілдір аспанымыз,
өскелең еліміздің асқарымыз.
Ғылымы мен білімі шарықтаған
21 ғасырдың жастарымыз!





























Мағжан Жұмабаев


Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,-
Жас қырандар балапан,
Жанып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін.
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттен таза жүректер.
Қасиетті тілектер,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін

Бекітемін: Орынғалиева С.О
Мамандықтың бәрі жақсы
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте «ЖанДауа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылына қарап, азаматын таны» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Қоғамдық бірлестік жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Бота» қорының қолдауымен «Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл сен оны» атты жобасын ұтып алған болатын. Міне, енді осы жоба шеңберінде қоғамдық бірлестік ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы орта мектеппен тығыз байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс жасауда.     Жобаның басты мақсаты – мектеп бітіруші жасөспірімдерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, кәсіпке баулу. Осы мақсатта оқушыларды шағын кәсіпке баулу арқылы семинар-тренингтер, «дөңгелек үстелдер», әдеби кештер өткізіліп келеді.   Сонымен қатар қоғамдық бірлестік мектептің еңбек сабағына қажетті құрал-жабдықтар әперіп, кабинеттерді безендіруге де  көмек көрсетуде. Ендігі кезекте мектепке интерактивті тақта алып бермекші.
 
Мектеп залында өткен іс-шараға шағын ауылдан шыққан, бір кездері осы мектепте оқып, бүгінде елге танымал болған айтулы азаматтармен қатар мектептің 9 және 11 сынып оқушылары қатысты. Кешті аудан әкімінің орынбасары Айбар Әділбақов ашты. Одан әрі әдеби-музыкалық кешті оқушылар Азат Сатыбалдиев пен Альфия Қалымханова  жүргізіп, қонақтарды ортаға шақырды. Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, жазушы, Талас және Жуалы аудандарының Құрметті азаматы, Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры  Мақұлбек Рысдәулетке берілді. Мақұлбек Қайыпбекұлы Елбасының «Жалпыға Ортақ  Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын басшылыққа алып, жастарды еңбектің қайсыбір түрі болсын меңгеріп, кәсіп иесі атану үшін бүгіннен мамандықты дұрыс таңдау қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ кеш қонағы, Афина олимпиадасының чемпионы, «Баркер» кубогының иегері Бақтияр Артаев сөз арасында, Алла қаласа, сәтін салса келешекте өзі туған ауылға спорт зал салып беру ойында жүргенін жеткізді. Қазақстан Республикасының Құрметті жерге орналастырушы төс белгісімен марапатталған, Мемлекеттік жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығының республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Жамбыл еншілес кәсіпорнының директоры Нұржан Артаев және «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, Тараз қалалық емханасының бас дәрігері Нұрбөбек Абдраймовтар да өз мамандықтары туралы әңгімелеп, оқушыларға ағалық ақыл кеңестерін білдірді. Ал Нұрбөбек Абдраймов мектепті үздік бітірген оқушыға стипендия  тағайындайтынын айтты. Ауған соғысының ардагерлері, кәсіпкер, «Ақ шағала» шаруа қожалығының төрағасы Кенжехан Раздықов пен осы мектептің мұғалімі Бекдәулет Сыдықов та өз кезегінде мамандық туралы ой-пікірлерін білдіріп, бүгінгі таңда ауылда тракторшы, дәнекерлеуші, мал дәрігері сияқты мамандықтарға деген тапшылықтың қатты сезіліп отырғанын сөз етті. Оқушылар әр кәсіп иесіне қатысты кеш барысында сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кеш мектеп көркемөнерпаздарының өнерімен ажарлана түсті. Шара барысында мектеп ұстаздары жергілікті сазгерлер Бекқали Садықовтың «Теріс жағасында», Мырзахан Ахметтің «Жуалы» атты әндерін, оқушылар Бақытқали Сағынғанов «Гүлімсің», Нариман Әбдімомынов «Қазақ осы» әндерін орындады. Домбырашылар ансамблі күмбірлетіп күй тартса, биші қыздар қазақ және «Бақытты балалық шақ» билерін мың бұрала биледі.
Осындай іс-шара өткізіп, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда ақыл кеңес бергені үшін кеш ұйымдастырушысына мектеп  директоры Майра Молдақұлова, Көкбастау ауылдық округінің әкімі Жексенбай Мүсірепбеков,  аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Темірхан Мырзахметовтар және  мектеп оқушысы Назерке Оңғарбай алғыстарын білдірді.
Кешті «ЖанДауа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәметкен Ахметова қорытындылап, мектепке қажетті спорттық ойын  құралдарын тарту етті.
Сабақтың тақырыбы:
Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. 
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. 
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. 
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнінтыңдауыңызға кеңес береді. 
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Кеңес Үкiметi тұсында ауылдан келген қара көз қыздарымыз бен ұлдарымыз ҚазПИ, ҚызПИ, АШИ (СХИ), АЗМИ-дiң (АЗВИ) табалдырығын босатпайтын. Дерлiгi мұғалiм мен мал технигi, мал дәрiгерi болуды қалайтын. Ал, қазiр бұл оқу орындарының ауласынан бұрынғыдай иiн тiрескен жұртты көре алмайсыз. Керісінше жастар қазір заңгерлер мен кеденшiлер, экономистер даярлайтын оқу орындарының есiгiн жағалап, дарбазасын керiп тұрады.
Қазіргі жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе  көлік жуу стансаларында жұмыс жасап жатқандары ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр адам өз маманының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Баяғыда дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрібір. Ал тыңғылықты тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті  таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұратындығына көңіл бөлгені жөн-ау. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажет мамандықтың иесі болар еді. Мысалы, Манғыстау облысында мұнай өндірісі қалақұрарлық өндіріс ошағы болғандықтан көп жастар мұнайшы немесе сол салаға жанама қатысы бар мамандықтарды таңдайды екен.
Бір жағынан алып қарасаңыз көше сыпырушы болсаң да, сол істің асқан шебер маманы болуың керек. Мамандықтың бәрі керек. Қазір ойлап қарасаңыз қай мамандық иелері артылып жатыр? Ешқандай. Егер маман барлық салада жеткілікті болса «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді. Бір ғана мысал, +1С бухгалтер мамандығына бухгалтер іздеп жатқан фирма, кәсіпорын. Айлығын жоғары берем деген жарнамалар толып жатыр. Бұрынғы бухгалтерлердің барлығы уақыт талабына орай жаңа компьютерлік бухгалтерияға өтуі керек. Елімізде бүгінгі күні юристер, экономистер және гуманитарлық саладағы мамандар өте көп. Әр салада әр түрлі манадардың жетіспейтіні шындық. Бірақ та қандай мамандықты таңдасаңда кәсіби деңгейде меңгеруге тырысу керек.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды.  Негізінен алғанда, индустриалды және информациялық технологияның даму заманына өткен соң, ірі өндріс ошақтары – көп мәселені шешетін объекттерге айналған. Егер де, мұнайшының баласы Астанаға немесе Көкшетауға көшсе не істер еді? Міне сол себепті ол экономика мамандығын игеруге тура келеді. Маңғыстауда экономиканың локомотиві болып тұрған әзірге осы мұнай саласы. Облыстың ішкі жалпы өнімінің 90 пайызын мұнай саласы екені айтпаса да түсінікті. Ал Қазақстанның ІЖӨ-нің 60 пайызы тағы да осы сала. Инвестиция көбіне осы салаға келіп жатыр. Стабилизациялық қордың көп бөлігі осы саладан келіп түскен қаражаттан құралған.
Экономикада барлығы бір-біріне байланысты және басқа жанама салаларда осыған байланысты дамиды. Сондай байланыстың әсерінен қазір дағдарыс салаларды шетінен күйзеліске ұшыратты. Кейбір салалар бойынша мамандар тұрмақ сол саланың негізгі базасы жетіспейді немесе тіптен жоқ десе де болады. Мысалы, Президент нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да дамыту керек деген-ді.  Қазіргі дамыған елдердің соңына түсіп жүре берсек, оларды қуып жете алмаймыз. Сондықтан олармен бірге жүру үшін нанотехнология саласын дамыту керек. Бұл сала дамыса, өзімен бірге химиялық биология, биотехнология сынды ғылымның тармақтарын да қоса алып жүруге түрткі болады. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Мамандарды осы салаға баулу жұмыстары басталып та кетті. Осы тұрғыда ҚазНТУ да жаңа техникалармен жабдықталған лабараториялар іске қосылған. Өкініштісі, білімді мамандардың тапшылығында. Бүгінде елімізде техникалық мамандығы бар кадрлар тапшы екені мәлім. Айталық, облыстардағы комбинаттар мен зауыттар 5400 орта буынды маманға зәру. Оларды шебер де білікті толқынмен толықтыруға ықпал ету бізге зор жауапкершілік жүктейді Бұрын да техникалық бiлiмi бар мамандар көп емес едi. Қазiр де сол көрiнiс белең алып отыр. Әсiресе, заманауи техникадан хабары бар қандастарымызды емге таба алмайсыз.
Сол сияқты, ауыл шаруашылығының мамандары аса қажет. Себебі, бүгінде маман аз, ал сұраныс көп ең алдымен агроном мамандары аз. Жеке өнеркәсіпті меңгерген адам ешқашан далада қалмайды. Ауыл – ауыл деп шулаймыз. Сол ауылдарға мал дәрігері жетіспейді.. Ет өндіретін зауыт, оған өнімін әкелетін малшы, ал малын емдейтін мал дәргері, еттің сапасын анықтайтын мекемелер бар. Мұражай ісіне де сұраныс көп. Мұнай өндіру мен өңдеу жұмысында да өзіміздің ұлттан шыққан жетік мамандар аса қажет. Химиялық тамақ өнеркәсібінің болашағы да өте зор. Себебі бұл мамандықтарды меңгерген әрбір азаматтың  келешекте өзінің жеке өнеркәсібін ашуға мүмкіндіктері мол болмақ. Сондықтан, қазіргі мектеп бітірген түлектер «қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде ойланғаны абзал.
Осыдан екi-үш жыл бұрын геоақпаратпен қамтамасыз ететiн бiр орталықтың басшысы: «инженер-геодезист мамандығын алған бiр қазақ таба алмадым. Неге балаларымыздың осындай сұранысқа ие мамандықтар алуына мүмкiндiк жасамаймыз» деп, қынжылғаны есiмiзде. Осы жерде: шетiнен жоғары оқу ордасын тәмамдап, беделдi қызмет атқаруды аңсаған жастарымыздың мансап қуып, қара жұмыс iстеу былай тұрсын, дәрежесi сәл де болса төмен қызметте жүргендерге төбеден қараушылыққа дағдыланғанына ата-аналар мен қоғам өзi негiз қалап отыр-ау деген ой қамшысы сананы ерiксiз осып өтедi.Бейбітгүл ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ
Share on facebookShare on twitterShare on emailShare on pinterest_shareMore Sharing Services7Пікір жазу
Салауат айтудың мәні мен ізгілігі
Пайғамбарымыздың алейһиссалам есімі айтылғанда, естілгенде және жазылғанда құрмет ретінде Оған салауат айту – ең маңызды міндеттеріміздің бірі. Құран Кәрімде «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шынында Аллаһу та’ала мен періштелері пайғамбарға салат айтады (оның қадірін, абыройын бас тәжі етеді) Ей, иман келтіргендер! Сендер де Оған салат айтыңдар және Оған шын көңілмен беріліңдер» делінген.
Тәфсир ғалымдары бұл аятта айтылған «салат» сөзінің Аллаһу та’аладан рақымдылық, періштелерден истиғфар және мұсылмандардан дұға деген мағыналарға келетінін айтқан. Барлық Ислам ғалымдары пайғамбарымыздың мүбәрәк есімдерінің бірі айтылған, жазылған және естілген кезде салауат жазып, айтудың біріншісінде уәжіп, ал қайталанғанда мүстахаб екендігін айтқан.
Аллаһу та’аладан бір нәрсе тілеген адам алдымен Аллаһу та’алаға мадақ пен шүкіршілік еткеннен кейін Расулуллаһқа салат айтуы керек. Осылай жасалған дұға қабыл болуға өте лайық болады. Екі салауатпен (дұғаның басында және соңында) жасалған дұға кері қайтарылмайды.
Әбу Талха хазіреттері айтады: «Расулуллаһтың алдына барған едім. Одан бұрын байқалмаған қуаныш пен ризалықты байқадым. Себебін сұрағанымда «Қалай қуанбаймын? Біраз уақыт бұрын Жәбрейіл (алейһиссалам) сүйінші хабар айтты. Аллаһу та’ала: «Үмметімнен бірі саған бір салауат айтса, Аллаһу та’ала ол адамға он салауат айтады» деп бұйырды» деді».
Бұл тақырыптағы хадис шәрифтердің кейбірі мынадай:
«Жанында есімім айтылған кезде маған салауат айтпаған адамның мұрны жерде сүрілсін. Рамазан айы кіргенде күнәларын кешірткізбестен рамазан айы шығып кеткен адамның мұрны жерде сүрілсін. Ата-анасы қартайғанда олардың ризалығын алып жаннатқа кірмеген адамның да мұрны жерде сүрілсін».
«Қасында есімім зікір етілген кезде маған салауат айтпаған адам – сараңдардың ең сараңы».
Әбу Хумәйд әс-Саиди хазіреттері айтады: «Кейбір сахабалар Расулуллаһтан былай деп сұрады: «Йа Расулаллаһ! Сізге қалай салауат айтайық?» Расулуллаһ алейһиссалам «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә әзуәжиһи уә зуррийәтиһи кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә барик ала Мухаммәдин уә әзуажиһи уә зуррийәтиһи кәмә бәрәктә ала Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид» деңдер» деді».
Кейбір салауат-и шәрифтер мынадай:
«Алейһиссалам», «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм», «Аллаһумма салли ала сәййидинә Мухаммәд», «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әли Мухаммәд, кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһим...», «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әлиһи уә сахбихи әжмаин», «Аләйһиссалату уәссәләму уәттәхиййә», «Алейһи уә ала жәмии минәссалауати әтәммуһә уә минаттахийати әймәнуһә».
Бір адам былай айтып берді: «Жолдастарымның бірі жіберген хатында Расулуллаһтың мүбәрәк есімі өткен жердің барлығына «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм тәслимән кәсирән кәсира» деп жазыпты. Оның себебін сұрағанымда «Жас кезімде хадис кітаптары жаздым. Расулуллаһтың мүбәрәк есімін жазған кезде салауат жазбайтынмын. Түсімде әлемдердің мырзасын көріп, қасына бардым. Ол мүбәрәк жүзін менен теріс бұрды. Арғы жағына өттім, Ол тағы да теріс қарады.
Алдына барып «Йа Расулаллаһ! Неге менен жүзіңізді теріс қаратасыз?» деп сұрадым. Ол «Өйткені, сен кітабыңда менің есімімді жазғанда маған салауат бермедің»- деді. Сол кезден бастап Оның мүбәрәк есімдерін жазғанда әрдайым салауат қосып жазамын» деді».
Хадис шәрифтерде: «Кім маған бір рет салауат айтса, Аллаһу та'ала оған он рет салат (мейрімділік) етеді, оның он күнәсін кешіреді және дәрежесін он есе жоғарылатады.»
«Қиямет күні маған ең жақын болатын, менің шапағатыма ең лайық болатын адам – маған ең көп салату салам айтқан адам.» делінген.
Аллаһу та’ала хазіреті Мұсаға «Ей, Мұса! Тіліңе сөзіңнен, жүрегіңе ойыңнан, тәніңе (денеңе) рухыңнан, көзіңе нұрыңнан жақын болғанымды қалайсың ба?» деді. Ол «Иә, йа Раббым» деді. «Олай болса Мұхаммедке (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көп салауат айт» деп бұйырды. «Ей Мұса, қиямет күні шөлдемеуді қалайсың ба?» деді. «Иә, йа Раббым». «Олай болса Мұхаммедке (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көп салауат айт» деп бұйырды.
Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді:
«Қияметте барлық мақамда маған ең жақын болатындарың – дүниеде маған ең көп салауат айтқандарың. Жұма күні мен түнінде маған жүз салауат оқыған адамның Аллаһу та’ала жүз қажеттілігін беріп кетіреді. Жетпісі ахирет істері, отызы дүниелік істері. Сосын Аллаһу та’ала бір періште арқылы бұл салаттарды менің қабіріме әкеледі. Сендерге келген бір сыйлық сияқты болады. Ол періште маған жіберген адамның есімін, тегін және тайпасын білдіреді. Менің жанымдағы ақ параққа оны жазып қояды. Менің қайтыс болғаннан кейінгі білуім тірі кезімдегі білуім сияқты болады.
Бейсенбі күні келгенде Аллаһу та’ала күміс дәптер мен алтын қаламдары бар періштелер жібереді. Бейсенбі күні мен жұма түнінде пайғамбарға көп салауат айтқандарды жазады.
Екі мұсылман кездесіп, мусафаха етіп, пайғамбарға салауат айтса, олар бір бірінен бөлінбей тұрып бұрынғы және алдағы күнәлары кешіріледі.
Біреуің мешітке кірген кезде пайғамбарға сәлем берсін және «Йа Раббым! Мені шайтаннан сақта» десін.»
Бір риуаятта: «Шығарда Аллаһумма инни әсәлукә мин фадликә» десін» делінген.
Дұға етудің алдында Аллаһу та’алаға хамд және Расулуллаһқа салауат айтылмайынша дұға перде артында қалады. Алдында хамд пен салауат оқылған дұға қабыл болады.
Расулуллаһқа және әулетіне салауат оқымайынша дұға мен көктің арасында перде тұрады. Салауат оқылған кезде бұл перде жыртылып, дұға көкке шығады. Оқылмаса дұға кері қайтады.
Бір жиында Аллаһу та’аланың есімі және Расулуллаһқа салауат айтылмаса сол жердегілердің үстінде қамшы болады, қаласа оларды азаптайды, қаласа кешіреді.
Құлағы шыңылдаған адам мені ойлап, маған салауат айтсын.
Бір іске ниет еткен адам сол мәселе бойынша кеңессін. Аллаһу та’ала ісінде оған кемелдік ихсан етеді. Бір адам бір нәрсе айтқысы келіп ұмытып қалса, маған салауат айтсын. Өйткені, маған айтқан салауатында сол сөзінің жалғасы бар. Ол сөз еске түседі деп күтіледі.
Қайырлы бір іс Аллаһтың есімі мен маған салауат айтумен басталмаса, ол шала және барлық берекесі кеткен іс болады.
Ислам ұлыларынан Әбу Хафс Қағиди қайтыс болғанда бір адам оны түсінде көріп, оған «Аллаһу та’ала сенімен қандай мәміледе болды?» деп сұрады. «Маған рақымдылық жасап, кешіріп, жаннатқа кіргізді» деді. «Не себептен?» дегенінде «Мені періштелердің арасына тұрғызды. Күнәларым мен Расулуллаһқа салауатымды есептеді. Салауатым көп екен. Аллаһу та’ала оларға «Ей, періштелерім! Істерің бітті. Басқа есеп сұрамаңдар. Оны жұмаққа жіберіңдер» деді»,- деп жауап берді.
Сәләфтардан (Исламның алғашқы ғасырларында өткендерден) бірі айтады: «Бірге хадис үйреніп жүрген бір досым қайтыс болды. Түсімде оның жасыл жаннат киімін киіп жүргенін көрдім. Себебін сұрағанымда «Әр хадисте көрген Расулуллаһтың есімдерінің қасына «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» деп жазатын едім. Хақ та’ала оның сыйын осылай берді» деді».
Сәләфтардың тағы бірі былай айтып берген: «Бір (катиб) хадис жазушы көршім қайтыс болған еді. Оны түсімде көрдім. «Аллаһу та’ала сенімен қандай мәміледе болды?» деп сұрадым. Ол кешіргенін айтты. Себебін сұрағанымда ол «Расулуллаһтың есімін жазған кезде «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм» сөзін қосып жазғандықтан»- деп жауап берді.
Әбу Сүләймән Дарани айтады: «Хадис жазғанда, Оның мүбәрәк есімдерін жазған кезде «саллаллаһу алейһ» деп жазып, «уә сәлләм» сөзін жазбайтын едім. Түсімде Оны көрдім. Маған: «Ей Әба Сүләймән, хадисте есімімді жазған кезіңде салатпен бірге «уә сәлләм»-ді де қосып жаз. Ол төрт әріп. Әр әрпінде он сауап бар. Жазбасаң қырық сауаптан айырыласың деген сөз»- деді. Тағы бір адамның да осындай әдеті бар еді. Оған да Расулуллаһ түсінде көрініп, «Саған не болды, салауатты толық жазбайсың?» деген.
Әбу Бәкір Сыддық: «Ұмытып қалудан қорыққан адам Расулуллаһқа көп салауат айтсын»- деген.
Салихтардың ұлыларының бірі болған Мұхаммед бин Саид бин Мутарриф айтады: «Әр түні жатар алдында белгілі мөлшерде салауат оқитынмын. Бір күні түсімде Расулуллаһ келіп, ішке кірді. Бөлмемнің іші нұрға толды. Сосын маған келіп «Кел, маған көп салауат оқыған мына аузыңнан сүйейін» деді. Мен аузымды тосуға ұялып, бетімді тостым. Ол сүйді. Оянып кеттім. Бөлмемнің иісі хош иіске аңқып тұр екен. Сегіз күн бойы бетімнен сол иіс кетпеді».
Сәләфтың ұлыларының бірі болған Халлад бин Кәсир қайтыс болғанда адамдар оның басының астынан «Бұл Халлад бин Кәсирдің тозақтан құтылу құжаты» деп жазылған қағаз тауып алды. Туыстарынан «Оның амалы не еді?» деп сұрады. Олар «Әр жұма сайын салауат айтатын» деді.
Шәйх Айнидің «Зәйнул-мәжалис» атты кітабында жазылған: Расулуллаһ «Қиямет күні үш топ адам оның көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын Арштың астында тұрады.» деп бұйырды. «Олар кімдер?» деп сұралғанда «Олар үмметімді қиындықтан құтқарған, сүннетімді орындаған және маған көп салауат айтқан адамдар» деді».
Шәйх Әбу Мұса Дарири айтады: «Теңізде дауылға тап болдық. Барлығы өлеміз деп қорқып жылауда еді. Сол кезде мені ұйқы қысты. Түсімде Расулуллаһ алейһиссаламды көрдім. Ол «Кемедегілерге айт, мың рет «Аллаһуммә салли ала сәййидинә Мухаммәдин уә ала Али сәйидинә Мухаммед, салатән тунжинә биһә мин жәмиил әһуали уәл афат уә тақди ләнә биһә жәмиәл хажат уә тутаххирунә биһә мин жәмиис-сәййиат уә тәрфәунә биһә индәкә аләд-дәрәжат уә тубәллиғунә биһә аксал-ғаят мин жәмиил хайрати фил хайати уә бадәл мәмәт» деп оқысын» деп бұйырды. Үш жүз рет оқығанымызда дауыл басылды, құтылдық. Бұл салауатты әр маңызды істе және әр бәледе, апатта, зілзалада оқыуға кеңес берілді. Сенімді кітаптарда салауаттың қандай екендігі туралы қырықтан астам хадис жазылған. Кейбір салауаттар:
Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә аъла Али Мухаммәд, кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә аъла Али Ибраһим, уә бәрик ала Мухаммәдин уә аъла Али Мухаммәд, кәмә барәктә аъла Ибраһимә уә аъла Али Ибраһим, иннәкә хамидун мәжид.
Аллаһумма салли уә сәллим уә бәрик уәрхам алә сәййидинә Мухаммәдин һуә сәййид-ул Араби уәл Ажәм. Уә имами Мәккәт-ил мүкәррамәти уәл-Мәдинәт-ил мунәууәрати уәл харем. Алләм-әл инсанә маләм йә’ләм.
Аслүһу нурун уә нәслуһу Адәм. Бә’сүһу муаххарун уә халқуһу муқаддәм.
Исмуһ-уш шәрифу мәктубун аләл Ләух-ил махфузи бийак-ил қаләм.
Уә жисмуһ-уш шәрифу мәдфунун фил Мәдинәтил-мунәууәрати уәл харем.
Йә ләйтә әктәхилу тураббәлләзи тахт-әл қадәм.
Фә туба суммә тубә лимән дәа уә тәбиаһу уә лимән әсләмә сахиб-әш шәфаати лил аләмин.
Қаилән йа Рабби! Сәллим уммәти, уммәти уә умммәтә йаз әл лутфи уәл кәрәм.
Фә йунәд-ил мунәди мин кибәл-ир Рахман, қабилту шәфаатәкә йа нәбиййәл мухтәрәм. Удхул-ул жәннәтә лә хауфун алейкум уә лә хузнун уәлә әләм.
Суммә радиаллаһу та’ала ан Әби Бәкрин уә Умәра уә Усманә уә Алийин зил-Кәрәм.
Уә саллаллаһу ала сәййидинә Мухаммәдин уәл хамду ләкә йа Рабб-әл аләмин.
Уә бихурмәти Сәйид-ил мүрсәлин.
Салауатты өмір салты
Ауырып ем ізденгенше, Ауырмаудың жолын ізде.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”
Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,"…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.
Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!
Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.
Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.
Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
12345
Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (18.10.2012)
Робин Шарма: “Өмірдің 200 сабағы” (3-бөлім)
13.05.2012 | 0 пікір
Робин Шарма – канадалық жазушы, Солтүстік Америкадағы мотивация, көшбасшылық, жеке бастың дамуы жөніндегі ең әйгілі маман.
 
Жалғасы. Бірінші бөлімді және екінші бөлімді оқуыңызға болады. 
 
 
81. Күн сайын шомылатын жақсы әдетті қалыптастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызды жақсартып, босаңсытып, күні бойы жақсы кейіпте жүруіңізді қамтамасыз етеді. Сау денеде, сау рух болатынын ұмытпаңыздар.
 
82. Бүгіні жақсы адамдар, ертеңгі бақытын да өздеріне қамтамасыз етеді.
 
83. Өз уақытыңызды табысты басқарудың құпиясы - жоспарланған нәрсені жоспарланған уақытта істеу. Сонда ғана қалаған нәрсеңізге жетесіз, сонда ғана маңызды істерге деген уақыт артылады.
 
84. Елестетудің жақсы техникасы: алаңдатқан нәрсені көз алдыңызға елестетіп, бір парақ қағазға салыңыз. Сосын ол қағазды жағып жіберіп, қалай жанатынын бақылаңыз. Сізді алаңдататын нәрсе, отта жанып кетеді. Атақты Брюс Ли, осы әдісті қолданатын.
 
85. Проблемаларыңызды сегментке бөліңіз. Проблемаларды шешу үшін уақыт бөліп, тиімді жоспарды ойластырыңыз. Осны істеп, бұл мәселеге қайтадан оралмаңыз. Адамның ақылы – қызық болмыс: ұмытқымыз келген нәрсені, ұмыта алмаймыз, есте сақтағымыз келгенді сақтай алмаймыз. Алайда, ақыл бұлшықетке ұқсас: жаттықтырған сайын, берік бола түседі. Ақылыңызды өз қызметшіңізге айналдырыңыз. Оған тек жақсы тамақ пен ақпаратты беріңіз. Сонда ақыл сізге жақсы қызмет етеді.
 
86. Ең жоғарғы деңгейдегі атқарушылар босаңсу кейпінде болса да, олардың ақылы әр кез жұмыс істейді.
 
87. Ақылдың жоғарғы деңгейіне жету үшін сіздің денеңіз босаңсу күйінде болу керек. Дене мен рух арасында байланыс болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Денеңізді босаңсытыңыз, сонда ақылыңыз да босаңсиды.
 
88. Қаржылық жоспарды бірнеше жыл алға жасап, оны іске асырыңыз. Егер қажеттілік болса, маманнан кеңес алыңыз. Дұрыс қаржылық стратегия өте оңай: тапқан қаражатыңыздың 10% жинаңыз. Егер сіз 200 доллардан 15% үстемемен 30 жыл жинайтын болсаңыз, онда сізде 1,4 миллиард доллар болады. Берік қаржылық жағдай жеке бастың еркіндігін сыйлайды.
 
89. Оқырмандар әр кез көшбасшылар. Билл Клинтон Оксфорд университетінде болған аз уақытта 300 кітап оқып үлгерген. Кейбір адамдар күніне бір кітап оқиды. Ақпаратты іздеңіздер. Көп білген сайын, үрей де азаяды.
 
90. Таңертең оянғанда, кешке ұйықтарда шабыттандыратын, жақсы кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Жақын арада оның пайдасын көретін боласыздар, өйткені бұл ойлар сізді күні бойы қолдап жүреді.
 
91. Өз алдыңызға харизматикалық, динамикалық тұлғаға айналамын деген мақсат қойыңыз. Бұны істеу әрқайсысымыздың қолымыздан келеді, бірақ өте сирек істейміз. Джон Кеннеди жас кезінде көп ауырған, бірақ барлық кедергілермен күресе білудің арқасында, ол АҚШ-тың ең харизматикалық және тартымды көшбасшысына айналды. Майда-шүйдеден бастаңыз. Дейл Карнегидің курстарын тыңдаңыз. Кітапханаға барып, сөйлесу өнеріне, жеке бастың дамуына байланысты кітаптарды оқыңыздар. Сіз одан ләззат алып, достар мен әріптестеріңіздің берік ортасын қалайсыз.
 
92. Қытайдың мынандай мақалы бар: «Ақылды адаммен бір рет әңгімелесу, бір кітапты бір ай зерттегенмен бірдей». Даналарды іздеп, олардан үйреніңіз. Олар білгенін үйрету үшін сіздер тарапынан назарды күтуде.
 
93. Лао Цзы ұлы тұлғаның үш қасиетін ерекшелеген: «бірінші – сыпайылық; екінші – ұқыптылық; үшінші – өзін өзгенің алдына қойдырмайтын қарапайымдылық. Сыпайы болыңыз – сонда сіз ержүрек боласыз; ұқыпты болыңыз – сонда сіз либералды бола аласыз; өзіңізді басқалардың алдына қоюдан қашыңыз – сонда сіз нағыз көшбасшы боласыз».
 
94. «Сіз екі бірдей бағалы бағыттың қайсысын таңдарын білмесеңіз, қауіптірегін таңдаңыз», - деп У. Дж. Смит айтқан болатын. Қауіп-қатерді ешкім өзгерте алмайды, бірақ орыннан қозғалмағанша, онымен бетпе-бет күрескен жақсы. Ақылға сай тәуекел етіңіз, сонда армандамаған табысқа жетеміз.
 
95. Жолдасыңыздың басты тірегіне айналыңыз. Оның арманын және сенімін қолдаңыз. Екі солдаттан құралған әскер сияқты өмірді бірге кешіңіз.
 
96. Сізге шабыт, мотивация сыйлайтын, сіздің мақсаттарыңызға қолдау және талпыныс бере алатын үш адамды еске түсіріңіз. Олардың әр қайсысымен кездесу ұйымдастырыңыз. Оларды мұқият тыңдап, олармен бірге ойлаңыз.
 
97. Әр күніңізді өнер туындысына айналдырыңыз.
 
98. Сіздің баға жетпес қайраттылығыңыз бір тиынға қажеті жоқ қызметтерге жұмсалуы мүмкін. Сіздің ақылыңыздың өз иелігінде 1000 ватт бар деп ойлаңыз. Әркез жұмыс істеп жатқан, жобадан тыс нәрселерге назарыңызды бұрғанда, яғни алаңдататын мәселелеріңіз жайлы ойлағанда 100 ватт жоғалтасыз. Жақын арада сізде қайраттылық көзі бітеді. Ақылдың табиғаты сондай. Оны бақылаңыз, сонда ұлы істердің қалай істелетінін көресіз. Өзіңізді мықты күш иесі  сезініп, қиын мәселелер оңай шешімін табады.
 
99. «Сіздің әрекетті ексеңіз, әдетті орасыз. Сіз әдетті ексеңіз, мінез-құлықты орасыз. Ал сіз мінез-құлықты ексеңіз, тағдырды орасыз». Адамның мәні оның мінез-құлқында, сондықтан сіздің мінезіңіз бірегей, дақ түспеген, мықты болу керек. Өзіңізге сенімсіз болсаңыз, уәде бермеңіз. Тек шындықты айтып, сөзді желге ұшырмаңыз. Қарапайым, тік мінезді, сабырлы болыңыз.
 
100. Табиғаттың басты заңдылығын ұмытпаңыз: жақсылық жамандықты жеңеді.
 
101. Талапты ақыл – бұл мереке. Барға қанағат етіңіз.
 
102. Әр күн сайын жаңа дос немесе таныс табыңыз. Бай қарым-қатынас – толық, бай өмірдің ДНҚ-сы.
 
103. Ескі үнділік мақалды ұмытпаңыздар: «Егер сіздер өз ақылыңыздың иесі болсаңыз, онда бүкіл Әлемнің де иесі боласыз».
 
104. Материалды құндылықтарға емес, бақыттың күйіне зор маңыз беріңіз.
 
105. Көпшіліктің ойы бойынша есеңгіреу жаман емес нәрсе. Ол бізге өз қабілетімізге сай әрекет жасауға, біздің ағзамыздағы химиялық элементтердің ағынын босатуға көмектеседі. Есеңгіреуден шыға алмау ғана зиян әкеледі. Есеңгіреу кезеңін босаңсу және дем алыс кезеңімен байланыстыру қажет. Осының барлығын дұрыс ойлаумен және ақылдың тынығуымен үйлестіру керек – сонда нағыз бақытқа және ұзақ өмірге қол жеткізе аламыз.
 
106. Күн сайын ақыл дем алысына кетуді үйреніңіз. Оның марапаты өте үлкен.
 
107. Дем алыс сияқты өзгерістер де өте пайдалы. Маңызды болсын, кішігірім өзгерістер болсын.
108. Бақыт жайлы 10 нәрсені үйреніңіздер
 
Өнімді, қызықты, белсенді өмір сүріңіз
Әр минут сайын мазмұнды қызметпен айналысыңыз
Аласапыранға орын жоқ болатындай, ұйымдастырылған, жоспарланған тұрмыс дәстүрін құрыңыз
Өз алдыңызға нақты мақсат қоя біліңіз
Дұрыс. Жақсы ойлаңыз – бұрыс ойларға жол беруге болмайды
Қажетсіз майда-шүйде нәрсеге бола алаңдамаңыз
Ойын-сауыққа уақыт бөліңіз
Өзіңізді жылы, қарым-қатынасты сүйетін тұлғаға айналдырыңыз
Алу емес, беруді үйреніңіз
Осы шақпен өмір сүріңіз. Өткен шақ қайтадан келмейді
 
109. Қарапайымдылыққа ұмтылып, қарапайым өмір сүріңіз.
 
110. Чарльз Ван Дореннің «Білімнің тарихы» атты еңбегін оқыңыз. Бұл кітапта бүкіл әлемдік идеялар көрсетілген, байлықтың бүкіл білімі
Жаңа негізі қаланған жас мемлекетгердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі - елдіңтуын, елтаңбасын, әнұранын сайлап апу. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз "іңгәсі" бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақгата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жулдызды сәт туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандық алғамын шын сезінеді.Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланысмұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздікдеген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.Құдіретті Феникстей, "мың өліп, мың тірілген" қазақ елінің жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етіп, өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында да төл рәміздер дүниеге келген сәттер ерекше орын алады.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш рәміздерін жасау бүкілхалықгықсипаталып, көптің ісіне айналуы кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділік арнасын ашып жібергендей болды. Танымал өнер иелері ғана емес, қолына тұңғыш рет қалам, қылқалам үстаған мектеп оқушысынан зейнеткерге дейінгі мыңдаған отандастарымыз ойға ой қосып, өз жүрек дүрсілдерін жеткізуге асықты. Олардың арасында әр түрлі ұлт өкілдері, шетелдегі қандастарымыз бен тілеулестеріміз де бар.Үміткерлер үшін шығармашылықжарыстан аттай шауып өтудің үстіне, парламенттегі саяси сынақтан да сүрінбеу шарт болатын. Ұсынылған жобаларда жас мемлекеттің саяси сыр-сипатын, мақсат-мүддесін аңғартатын бедер-бояулар айқын көрініс табуы қажет-тін.Соған орай конкурс та, парламенттегі талқылау да аса тартысты өтті. "Жүзден -жүйрік, мыңнан -түлпар" озды.Жаңа рәміздер туралы мамандар пікірі де жоғары. Мысалы, Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш бізге жолдаған хаттарының бірінде (8.08.1992): "Мемлекеттік туларыңыз өте ғажап екен. Мен оны алгаш рет теледидардаң, Барселондагы олимпиадалық ойындарды тамашалаукезінде көрдім", - деп жазды. Мұндай жақсы лебіз Д. Барр (АҚШ), А. Брожек (Чехословакия), Дж. Тенора (Германия), М. Ревнивцов (Ресей) және басқа осы заманғы айтулы тутанушылардың хаттарында да бар. Мамандар, әсіресе, елтаңбамыздың әлемдік тәжірибеде бұрын кездеспеген езгеше болмысына тәнтілік білдірді. Р Климеш мырзаның ықыласымен мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік каталогке енді.Белгілі мамандардың (Т. Сүлейменов және басқалар) ұсынысы бойынша қолға алынған біртутас осы заманғы мемлекеттік стиль қалыптастыру идеясы да, алдымен, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге негізделген. Ту мен елтаңба бейнелері ү.лттықақшамыздыңбетінде айшықгалып, ұлттық әскери киімдердің оқалы зеріне айналды. Әлемдік әуе кеңістігінде қанат қаққан ұшақгарымыздың бүйіріндегі таныс белгілер көзіе отгай басылады.Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол - мемлекеттік рәміздердіңтек көркем, образ гана емес, тәуелсіз мемлекет қуру идеясының жаршысы екендігі. Олар осынау ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойына дарытуға қызмет етеді.Осы орайда Елбасымыздың жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықгы зор мән бергендігі ескетүседі. Ғасырлар бойы халықтың асыл арманы болып келген тәуелсіздігімізге қатысты мәселенің қай-қайсысына да туған ел тағдырының ең бір шешуші кезеңінің жауапкершілігін мойнына алған перзенті ретінде айрықша көңіл бөлетін қалпымен байқау барысын да, талқылау жайын да жанын сала қадағалап отырды. Комиссия мәжілістеріне қатысып, мамандар пікіріне құлақ салды. Көпшілік назарына іліккен авторлармен кеңесті. Әртүрлі тарихи-этнографиялықжәне басқа арнаулы әдебиеттерді қарастырып, өзі болған сан алуан мемлекеттердің рәміздерін саралады.Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуыныңда өзтарихы бар. Президент Н. Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" тарихи заңдарға қол қойды. 6 маусым күні астанадағы Абай атындағы опера және балеттеатрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің түңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Ту көтерілді. Елтаңба орнықты, егемен ел аспанындаәнұранәуеніасқақгады. Алты ай өткен соң, 1992жылы 11 желтоқсанда, Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Мемлекеттік рәміздер туралы ресми шешімдер кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық күші бар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" арнайы Жарлығында ретке келтіріліп, нақтыланды. Жарлық бестараудан, он төрт баптан тұрады. Жарлықга Мемлекеттік рәміздерді қолданудың ресми тәртібі де айқындалған.Мемлекеттікту Қазақстан Республикасы Президентінің кабинетінде, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сессия отырыстары (біріккен және бөлек), Парламент палаталары мен Бюролары, Үкіметтіңотырыстары, мәслихат сессиялары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залында, Жоғарғы соттың, оның алқалары мен басқа да соттардың сот мәжілісі залдарында, сондай-ақ дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанаттытүрдетіркейтін орынжайларда, Президент, Парламент палаталарыныңтөрағалары, Премьер-Министр және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе орынжайларда (егер халықаралық құқық нормалары мен ҚР қатысқан халықаралық шарттарда көзделген болса), ресми адам ретінде Президент, Парламент Палаталарыныңтөрағалары мен Премьер-Министр мінген теңіз кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында міндетті түрде ұдайы тұруға тиіс.Қарулы Күштержәне Республикалық¥ланныңәскери құрамалары менбөлімшелерінде-антқабылдау кезінде, мемлекетгікоргандар мен ұйымдардың ғимараттарында - ұлттық мереке және басқа мереке күндері Мемлекеттік ту көтеріледі. Ол ұлттық азаға байланысты тутұғырдың жарты деңгейіне дейін аза тұту мерзімі бойына төмен түсіріледі.Мемлекеттікту көтеру елдің әскери корабльдері мен кемелерінде - әскери жарғыларға сәйкес, кемелердің бұлқынына байланған ту ретінде - белгіленген тәртіп бойынша айқындалады. Ту бейнесі әуе кемелерінде бедерленеді. Қалауына қарай, оны азаматтар өз жекеменшік үйлерінде (орынжайларында) іліп қоя алады.Мемлекеттік ту жасау заң бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес берілетін тиісті рұқсат (лицензия) арқыл ы ғана жүзеге асырылады.Ту жасауға политекс, атлас және жылтыр жібек пайдаланылады. Мамандар синтетикалық маталар беріктеу келеді деп есептейді. Қазақстан МЕМСТ-ы бойынша Мемлекеттік рәміздерде қолданылатын бояулардың стандарты-810 ф (алтынтүсті, сары)және312 ф (көк) өлшемдеріне тең. Тужасаумен айналысып жүрген мамандар көшеге ілген тулардың сапасын жарты жылға дейін сақгауға кепілдік береді. Тудың өңініңтозбауы ауа райына да байланысты. Мысалы, Алматы көшелерінде бұл мерзім бір жылға созылуы мүмкін. Ту және оның бейнесін жасаушыларға қойылатын басты талап - олар түрлі-түсті және сызбал ық эталондарға толық сәйкес келуі керек.Негізгі бөлігін түсті мата құрайтын мемлекеттіктудың әр алуан атрибуттарының өз атаулары бар. Олар -тутаяқша (древок), ұшарбас (навершие), бау (лента), шашақ (бахрома), тутұғыр (флагшток), тужиек (кайма), т.б.Түсті мата тартылатын тутаяқша ағашган немесе металдан жасалады. Ұшарбас оған шығырмен бекітіліп, тудың ажарын аша түсуге қызмет етеді. Ол ұлттық ою-өрнек стилінде жасалған найза тәрізді болып келеді. Оған тартпа жіп пен бау тағылады. ,Шашақдегеніміз тудың негізгі бөлігін - түсті матаны жиекгеп көмкерген тоқыма әшекей, ал тутұғыр деп тутаяқша тұрғызылған металл қондырғыны айтады. Тужиек (кайма) болса -түсті матаның шетіндегі түсі бөлекжолақша.Тудың қасбетіндегі (оң бет - түсті матаның тура қараған кезде тутаяқшадан оңға қарай жазылған жағы) әр алуан бейнелер мен жазулар тоқу, бояу және жапсырма (аппликация) әдістерімен түсіріледі.Мемлекеттік елтаңба бейнесі ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, сол сияқгы Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және басқа соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық Ғылым академиясының, Қарулы Күштер және Республикалық Ұланның әскери құрамалары мен бөлімдері штабтарының, дипломатиялықжәне сауда өкілдікгерінің, консулдық мекемелердің ғимараттарында орналастырылады.Сол сияқгы ол ҚР Президентінің кабинетінде, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сессия отырыстары (бірлескен және бөлек) мен бюро мәжілістері, Үкіметтіңжәне оныңтөралқасының отырыстары, жергілікті өкілетті органдардың сессиялары өтетін залдарда, Конституциял ық Кеңестің отырыс зал ында, Жоғарғы Соттың, оның алқалары мен басқа да соттардың сот отырысы залдарында, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың алқа мәжілістері өтетін залдарда, мемлекеттік және үкімет наградалары тапсырылатын орынжайларда, шетелдегі дипломатиялық өкілдікгер мен консулдық мекемелердің қабылдау залдарында, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркеу орындарында тұрады.Елтаңба бейнесі ПрезидентгіңжәнеоныңӘкімшілігінің, ПарламенттіңжәнеоныңПалаталары менолардың Бюролары мен Аппараттарының, ҮкіметжәнеоныңАппаратының, министрліктердің, Президенткетікелей бағынатын және есеп беретін органдардың, өзге де атқарушы органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Қарулы Күштердің және Республика ¥ланының әскер қурамалары мен белімдерінің, мәслихаттардың, жергілікгі атқарушы органдардың, заң бойынша өз мөрлерінде және құжаттарының бланкілеріне орналастыру құқығы берілген мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде және құжаттарының бланкілерінде, Президенттің, Парламент пен Үкіметтің, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың ресми басылымдарында, банкноттар мен тиын ақшаларда, мемлекеттік құнды қағаздарда орналастырылады. Төлқұжаттар мен жеке куәлікгерде, шекара бағаналарында да болуға тиіс.Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа реквизиттерінде пайдалануға заңмен тыйым салынған.Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат (лицензия) алған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жасалған бейне эталонға толық сәйкес келуге тиіс.Қазақстан Республикасының Мемлекеттіктуы мен Мемлекеттікелтаңбасыныңэталондары Президент резиденциясында сақталады. Олар 1997 жылғы 8 қарашада бурынғы астанамыз Алматыдан - жаңа елордамыз Астанаға жеткізілді.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны - елдің ресми музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол қай жағдайда және қалай орындалады? Бұл сұрақтың да жауабы ресми заңдастырылған. Мемлекеттік әнұран Парламент сессияларында, ҚР Ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде, сол сияқты ел өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштер, монументтер, құлпытастар мен езге де құрылыстарды ашу кезінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттікту көтерілген кезде орындалады.Әнұран ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын, парламенттері мен үкіметтерінің жетекшілерін қарсы алу және шығарып салу кезінде халықаралық этикет бойынша шет мемлекеттің әнұраны орындалғаннан кейін ойналады.Елдің музыкалық рәмізі жаңа оқу жылының басталуы және аяқталуына арналған рәсімдер кезінде, мектептерде өтетін басқа да іс-шараларда пайдаланылады. Мемлекетгіктеледидар мен радио хабарларында: Жаңа жыл түні -24.00 сағатта, 25 қазанда -¥лттық мереке күнгі бағдарламасының басында, мереке күндері (1,2 қаңтпр, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, 30 тамыз, 16 желтоқсан), мемлекеттік радиода - күн сайын бағдарлама басталар және аяқталар тұста орындалады.Шет мемлекеттерде іс-шаралар өткізген кезде Мемлекеттік әнұран Сыртқы істер министрлігі бекіткен ережеге сәйкес пайдаланылады. Онда сол елде қалыпгасқан ресми тәжірибе мен дәстүрлі әдет-ғұрыптар ескерілугетиіс.Әнүран орындаудың екі түрі бар. Біріншісі - ішінара орындау. Бұл жағдайда сазды аспаптарда әнүранның бір шумағы мен қайырмасының әуендері ойналады. Екінші - топық орындау. Бүл жағдайда әнүран жеке дауыста және сазды аспаптар сүйемелдеуіндегі жеке дауыста орындалады. Бүл ретте жазу таспасын пайдалануғаболады. *Мемлекеттік әнүран оның ресми бекітілген мәтініне өзгеріс енгізілмей және музыкалық редакциясына толық сәйкес орындалуға тиіс. Қалыптаеқан хальАқаралық дәстүр бойынша әдетте әнүран мәтінін басқа тілде орындауға жол берілмейді. Әнұранның орындалу тәртібін қадағалау заң бойынша мемлекеттік органдар мен үйымдар басшыларына жүктелген. Мемлекеттік әнұран көпшілік ортасында орындалған кезде қатысушылар оны тіктүрып тыңдайды.Мемлекеттік рәміздер интеллектуалдық меншікке жатады. Еліміздің мүндай қүқы Бүкіл дүниежүзілік интеллектуалдық меншік үйымында тіркелген. Қалыптасқан халықаралық нормаларға сәйкес ол Париж конвенциясына қосылған 130 елде заңмен қорғалады.1995 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекет басшысының байрағы дүниеге келді. Ол - мемлекеттің ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгісі. Байрақтың сипаттамасы Елбасының "Қазақстан Республикасы Президентініңбайрағы және оныңайырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы" Жарлығында айқындалған.Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы көгілдіртүсті (Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік туымен түстес) тікбүрыш нысанындағы жақтары үштің екісіне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында қанатты барысқа мінген, оң қолы жоғары көтерілген сақ дәуірі жас көсемінің түлғасы бедерленген алтын шеңбер бар. Барысқа мінген адамның қолында білезік, мойнында гривна мен түмар, басында төбесі сүйірленген қалпақ бар. Барысқа мінген адам мен барыстың бейнелері алтын түстес. Одан төменіректе қарлы тау шыңдарының бейнесі келтірілген.Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байракгың сабы қошқар мүйіз түріндегі суретті қола кескіндемемен түйықталған, оған төгілмелі шашақбекітілген.Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентініңтегі, аты мен әкесініңаты (мемлекеттіктілде) және жоғары лауазымға сайланған уақытын керсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.Ресми қолдану тәртібіне сәйкес байрақ Республика астанасындағы Мемлекет басшысы түратын резиденцияда, Республика Президенті болған уақытта басқа резиденциялар үстінде, Республика Президентінің көлік қүралдарында орнатылады. Мемлекет басшысы қатысқан салтанатты және басқа да рәсімдер кезінде елдің Мемлекеттіктуы немесе Президентбайрағы тігіліп қойылады. Байрақэталоны Қазақстан Республикасы астанасындағы Елбасы резиденциясында сақталады.Мемлекеттегі ең жоғары лауазым иесінің келесі айырым белгісі - Республика Президентінің омыраубелгісі. Ол мемлекеттік мерекелер қүрметіне, әскери шерулер, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Республика Президенті атынан өткізілетін ресми қабылдаулар, Парламент сессиясын ашу, мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде, сондай-ақ қүрметті қонақболған не қатысқан салтанатты кеште немесе концертте, ресми телевизиялық сүхбат берген кезде, шетелдік сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкестағылуы мүмкін.Рәмізтану ғылымында рәміздер қоры деген үғым бар. Оған егемен елдің барлық ресми белгілері енеді. Олардың қатарында елтаңба, әнүран, ту және мемлекет басшысының байрағымен бірге ұлттық ақша (валюта), мемлекеттік наградалар, шекара, мемлекет астанасы бар. Мемлекеттік тілді және елдің Ата заңын да осы қатарға жатқызуға әбден болады.Қазақстанныңүлттықақшасыныңтуған күні-1993жылғы 15 қараша. Егеменеліміздіңэкономикалық тәуелсіздігінің түңғыш заттық айғағының (атрибутының) аты - теңге. Ол сол 1993 жылғы 15 қараша куні жергілікті уақыт бойынша 8-00 сағаттан бастап, бүкіл ел аумағында айналымда жүретін жалғыз заңды айырбас қүралынаайналды. Бір теңге 100 тиыннан тұрады. Қолдаұсталатынақшаныңбәрітекқағазақша(банкнот) және күміс ақша (монета) ретінде ғана айналысқа түседі. 1993 жылғы 12 қарашада қабылданған "Қазақстан Республикасының үлттық валютасын айналымға енгізу туралы" Жарлыққа сәйкес теңгені Қазақстан Республикасы аумағында меншіктүріне қарамастан барлық нақгы және заңцы тұлғалар үшін төлем қүралы ретінде пайдалануға, сол сияқты банкілерде теңгелерді пайдаланып салым салу мен есеп ашуға ешбір шек қойылмайды.Төл ақшамыздың дүниеге келуі аса маңызды тарихи оқиға екендігі ескеріліп, кейінірек, 1997 жылы қабылданған шешім бойынша, 15 қараша - теңгенің туған күні болып жарияланды. Сөйтіп, ұлттық валютамыздың күні ресми түрде қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналды.Ұлттық вал ктга дизайнын жасауға белгілі мамандар тобы тартылды. Олардың арасында Тимур Сүлейменов, Меңцібай Әлин, Хайролла Ғабжалелов, Ағымсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов, Еркін Жамалбаев және басқалар бар. Олар жаңа ақша айналымға енерден екі жыл бұрын іске кіріскен болатын. Әрбір банкнот пен мәнет дизайнының 8-9 жобасы жасалды. Ең жақсыларын арнаулы мемлекеттік комиссия бағалап, іріктеді. Содан кейін Қазақстан ақшасын безендірушілердің бір тобы Лондондағы "Харрисон санс" фирмасының тәжірибесімен танысты. Көп ізденістер мен қыруар күш-жігердіңарқасындатұңғыштөл валютамызды жасау жұмысы барынша қысқа мерзім ішінде атқарылды. Жаңа ақшаның көркемдік безендірілуі де, арнайы технология бойынша қорғалуы да күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықгы. Ағылшын, француз, жапон мамандарының жоғары бағасына ие болды. Мысалы, 500 теңгелік қағаз ақшадағы әрбір кескін 250 микронға тең. Бұл, мамандардың пікірі бойынша, оны қолдан жасауға мүмкін еместігініңбір айғағы көрінеді.Банкноттарды көркем безендіру кезінде белгілі тарихи тұлғалардың (әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Сүйінбай) портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Теңге дизайнерлерінің бірі - Прага сәулет институтыныңтүлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы X. Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделібедер-бейнелербанкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншідентарихи түлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықгап тұрады.2007 жылы наурыз айында теңгенің жаңа үлгісі айналымға енгізілді.Бір, үш және бес теңгелік мәнеттердің қасбетінде шеңбер сызық ішіне тоғыстырылған, алты қырлы бедерлер бейнеленген. Олар ақша номиналдарының сандық белгілерінің жиектері ретінде жасалған. Номиналдың сол жағында -ақшаныңжасалып шығарылған жылы көрсетіліп, оңжақтөменінде "теңге" деген арнайы жазу бәдізделген. Шеңберді бастыра үш қатар орама дөңгелек зер айшықтары өткізілген. Мәнеттердің бүйірбеті тегіс келеді. Онда белгі, жазу жоқ..Сыйтеңгелер айырықша жоғары "пруф" таңбалы сапамен жасалады. Қазақстан аумағында да, шетелде де қуны жәнінен алғанда бірдей коллекциялықбаға бойынша сатылады.Сыйтеңгелер арнайы кәделік (сувенир) қобдишаларға салынады, Ұлттық банктің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі куәлікбелгісімен (сертификат) қамтамасыз етіледі.Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі 1929 жылдан бері астана атанып келген Алматы қаласында жарияланды. 1994 жылы РеспубликаЖоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасыныңастанасын көшіру туралы" қаулы қабылдады. Ол үш тармақтан тұрды. Алғашқы тармағында: "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтыңмемлекетастанасын Ақмола қаласына көшірутуралы ұсынысы мақұлдансын"делінді, ал қалған екі тармағында жыл аяғына дейін астананы көшірудіңтехникалық-экономикалық негізін жасау, көшу мерзімі туралы нақты усыныс және Алматы қаласының айырықша мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу туралы міндет қойылды.Бұл тақырыпқа байланысты бірінші ресми әңгіме бұдан бірнеше ай бұрын Жоғарғы Кеңес Төралқасының мәжілісінде өрбіген болатын. Ә.Кекілбаев бастаған алқа мүшелері ғана жиналған отырысқа сол кезде Парламенттің баспасез хатшысы болып істеп жүрген біз де қатысқан едік. (Тағдыр жазып кейінірек Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясында төрағаның бірінші орынбасары ретінде жаңа елорданың атын өзгерту мәселесін талқылауға да араласқанымыз бар).Жаңа астана жайлы алғашқы хабарға Жоғарғы Кеңес Төралқасының мүшелері, шынын айту керек, онша қуана қойған жоқ. Аса ауқымды стратегиялық мәселенің бірден байыбына барып, бағасын біле қоймағандар ашықбетжыртысуға бара қоймай, сырттан әдеп сақтағанымен кертартпа көңіл ауаны әбден аңғарылып тұрды. Сондықтан да Елбасы жан толқуын жасырмай: "Бүгін астана ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге ниетету маған да жеңілгетүсіп тұрған жоқ. Сіздер бәрінетүсіністікпен қарағандарыңыз жөн... Егер мен, Назарбаев, тек өз жайымды ойлаған болсам - мұнда менің жылы кабинетім де, саяжайым да, резиденциям да бар, ондабұлардыңбіреуідежоқ... Бірақмемлекеттағдыры, оныңболашағыжөніндесөз болғанда мен үшін қайда, қалай жылы немесе салқын болады деп бас қамын ойлап жатуға қақым жоқ", -дегентосын датегеуірінді қисынды көлденеңтартты.Мемлекеттік тұрғыдан алғанда тарихи маңызы бар сол жолғы мәртебелі жиында егеменді еліміздің болашақ астанасының аты аталды. Тұңғыш рет! Таңцау жасалмастан бұрын тәуелсіз Қазақстанның жиырма бірінші ғасырдағы бас қаласына лайықты болады-ау деген жер қарастырылып, бүкіл ел ауқымында жан-жақты, кең көлемді байыпты зерттеулер жүргізіліпті. Отыз екі параметр бойынша жасалған талдау, еңтиімді қала, Ақмола қаласы болатындығына мегзеген көрінеді. Біріншіден-ол Қазақстанныңгеографиялықкіндігінде орналасқан; екіншіден - аса ірі темір жол тораптарыныңтоғысында тұр; үшіншіден - қай жағынан алғанда да қаланың қүрылыс жүргізуге қатысты келешегі зор; төртіншіден - қалада тіршілікке қажетті мүмкіндіктің бәрі табылады т.б. Астана ауыстыру Республиканың Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан өзгеше жағдайының артықшылықгарын барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның өзі келешекте Қазақстанның саяси аренадағы тәуелсіз мемлекет ретіндегі рөлін арттыруға жол ашуға тиіс. Осының бәріне қоса жаңа астана туын Еуразия суперматеригінің төріне тігу - Шығысқа да, Батысқа да, Оңтүстікке де, Солтүстікке де бірдей ел құшағы айқара ашық екендігін аңғартады.Жаңа астанаға лайықгалған Ақмола - халқымыз қасиеттұтып, қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауа райы - шұғыл континентальді: қаңтар айындағы орташа температурасы 17,4 градус суық болса, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаңбыр жауады.Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық Ресей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып, оның орталығын Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Кейін бұл әскери бекет округтік қала (1863 ж.), уезд орталығы (1868 ж.) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Оған дейін және одан кейін Ақмола облысының және Тың өлкесінің (1960-1965 ж.ж.) орталықтары болды. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.Жаңа астанаға қоныс аудару жөніндегі нақты жумыс "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарлық (1995 жылғы 15 қыркүйек) шыққаннан кейін басталды. Онда жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін айрықша қузырлы Мемлекеттік комиссия және бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорын құру, сол сияқгы қала құрылысына қатысуға тілек білдіретін инвесторларға салық, кеден және басқа салаларда жеңілдіктер беру жолдары жөнінде астананың инфраструктурасын дамытуға қатысты нақгы ұсыныстар әзірлеу көзделді.Екі жылдан кейін, 1997 жылғы 20 қазанда, "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялаутуралы"жарлықшықты. Ондажаңаастананыңтарихыбасталатын күн 1997жылғы Южелтоқсандеп белгіленді және Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері аталып өтілетін мерзім (1998 жылғы 10 маусым) көрсетілді. 1998 жылғы 6 мамырда жаңа елорданың аты өзгертіліп, Астана аталды. Осы жылғы 20 мамырда "Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы" Заң қабылданды. Онда Астананың құқықтық мәртебесі, елорда қызметін атқаруының ұйымдық-саяси және экономикалық негіздері айқындалды. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы - мемлекеттің әкімшілікорталығы, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және орталық атқару органдарының жүмыс істейтін орны. Астанадағы Президент резиденциясында Мемлекеттікту мен Мемлекеттік елтаңбаның эталондары, Мемлекеттік әнұранның және Республика Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы сақталады. Еліміздің бас қаласының өз рәміздері бол ады - олардың сипаты мен пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес тәртіптеледі.Астананы көшірудің зор тарихи мәні бар. 1997 жылғы 13 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне және Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялауға арналған салтанатты жиында Президент Н. Ә. Назарбаев: "Бүгін астананың көшуі мен мемлекеттігіміздіңқалыптасуындағы, еліміздің нығаюындағы аса маңызды кезең аяқгалды деп айтуымызға толық негізіміз бар", -деп хабарлады. Ал мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев және еліміздің жоғарғы билік органдарының жетекшілері Н. Ө. Балғымбаев, Ө. Бәйгелді, М. Т. Оспанов қол қойған Үндеуде: "Қалтарысы көп XX ғасыр тарихында алғаш рет біз өз мемлекетіміздің астанасы туралы дербес шешім қабылдадық. Бұл таңдау қазіргі ел басшылығыныңғана көзқарасы емес. Бул шешімнің сыртында Әз Тәукенің (сөз орайында тарихшылар хан ордасы Астана маңында болған деп есептейтіндігін еске сала кетуге болады - Е. Ш.) көрегендігі мен айбынды Абылайдың ұлылығы, аттары аңызға айналған билеріміздің даналығы және 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл жер шарына ұлттық мақганыш дегеннің не екендігін танытып берген жас жүректердің көзсіз батылдығы тұр, бұл таңдаудың иесі болу құқы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ересен ерік-жігері жатыр", - деп көрсетілді.Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік идеяларын орнықгыру түрғысынан алғанда бұл тарихи оқиғаның айрықша нышандық мәні бар.Тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің жариялануына байланысты ел іміздің Қазақ Советтік Социалистік Республикалар Одағы деген бұрынғы атауы 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы (Қазақстан) болып өзгерді. Ата Заңымыздың 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары тең құқылы.Ел атын орыс тілінде "Казахстан" түрінде жазу 1936 жылдың ақпанынан тәжірибеге енген. Бұл этнос атының орысша "казах" деп аталуына да қатысты. Әліби Жангелдин мен Ораз Исаев қол қойған Қазақ АССР-ның Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің "казах" сөзінің орысша айтылуы мен жазбаша таңбалануы туралы" қаулысында: "Қазақты" орысша анағұрлым дұрыс айту үшін осы сөздің қазақша айтылуында және жазбаша таңбалануында "казак" сөзінің соңғы әрпі "х" әрпімен алмастырылсын, осыған байланысты "казак" емес "казах" деп, "Казакстан" емес "Казахстан" болып жазылатын болсын" деп көрсетілді.Қазақстан Еуразия материгінде55о26'-40о56'солтүстікендікпен45о27'-87о 18'шығысбойлықарасында орналасқан. Батыстан Шығысқа қарай - 3000 км, ал солтүстікке қарай -1600 км-ге созылып жатыр.Батысы мен солтүстік батысында Ресеймен, оңтүстікте және оңтүстік батыста Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түрішенстанмен, ал оңтүстік шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы ел шекарасы 13 мың шақырымнан асады. Оның ішінде өзен арқылы өтетіні -1730 км.Қазақ елі өзінің жер көлемі жөнінде (2 млн. 724,9 мың шаршы километр) әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Индиядан кейінгі алтыншы орында. Қазақжеріне Батыс Еуропадағы Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия сияқгы бірнеше мемлекеттер қатар сыйып кетеді. Халықтыңтығыздығы бір шаршы километрге шаққанда 5,8 адамнан келеді.Қазақстанның жер бедерінде негізінен жазық дала, шөл және шөлейт басым. Сарыарқа мен Үстірт, Тұран және Батыс Сібір ойпаттары, Мойынқұм мен Бетпақдала аймақтары бар. Республика жерініңоннан бір бөлігі -таулы аймақтар. Оларға Алтай, Жоңғар және Тянь-Шаньтау жоталары кіреді. Ірі өзендер- Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.Отанымыздың шекара белгілері 1996 жылғы 12 желтоқсанда бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі "Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері" қаулысында бұл мемлекеттік атрибуттардың сипаты, нақты өлшемдері және шекараға қою тәртібі белгіленген.Елдік егемендік пен тәуелсіздіктің рухани тіректерінің бірі ретінде және маңызды ресми рәміз ретінде мемлекеттіктіл мәртебесі жөніндегі мәселе конституциялықжолмен шешілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ресми қолданыста орыс тіліне тең құқық берілген. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өздерінің ана тілдерін сақгап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек көрсету мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстындарының біріне жатады.Тілдің мемлекет өмірінде, жалпы қоғамдық қарым-қатынаста айырықша орын алатындығына орай арнайы Тіл мерекесі белгіленді, 1998 жылдан бастап, жылма-жыл 22 қыркүйекте ресми түрде бүкіл ел көлемінде Қазақстан халықтарының тілдері күні кең аталып келеді. Ол қазір ізгі мақсатты жалпыхалықтық мереке ретінде жұртшылықжүрегінен орын алып үлгерді деуге әбден болады.1995 жылғы 12 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заң күші баржарлыққа қол қойылды. Бекітілген наградалар арасында "Алтын Қыран" ордені, "Халық Қаьарманы" атағы, "Отан", "Даңқ", "Айбын", "Парасат", "Достық", "Құрмет" ордендері және "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдары, бірқатар құрметті атақтар бар. Мемлекеттік наградалардың барлығының да атаулары - мемлекеттік тілде.«Алтын Қыран» ордені«Алтын Қыран» ордені 1995 жылы белгіленді. Бүл орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша мемлекетгік қызметі үшін марапатталады. «Алтын Қыран» орденімен наградтауға лайыклыларды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің өзі лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иегері болып табылады. Орден жұлдыздан және ілмекті алқалық белгіден тұрады.«Халық Қакарманы» атағы«Халық Қанарманы» атағы 1993 жылы белгіленген. Атақ Қазақстан Республикасына сіңірген аса көрнекті қызметі үшін, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. «Халық Қаьарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жүлдыз және «Отан» орденітапсырылады.«Отан» ордені«Отан» ордені 1993 жылы белгіленді. Бұл орденмен азаматтар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі; экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы; демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі үшін марапатталады.«Барыс» ордені«Барыс» ордені 1999 жылы белгіленген. Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіне; бейбітшілікті, қоғамныңтоптасуы мен Қазақстан халқыныңбірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақгастықты нығайтуға; үлтгық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. «Барыс» орденінің үш дәрежесі бар. «Барыс» ордені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы орден белгісінен тұрады.«Даңқ» ордені«Даңқ» ордені 1993 жылы белгіленді. «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқада әскерлері мен әскери қүрамапарыныңжоғары офицерлік құрамының, сондай-ақ прокуратура, үлттық қауіпсіздік, ішкі істер және басқа да органдар басшы құрамының адамдары әскерлерге басшылықету мен басқарудағы табыстары, әскерлердіңжоғары жауынгерлік өзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін, әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады. «Даңқ» орденініңекі: I және II дәрежелері болады. «Даңқ» ордені жүлдыздан және иыққа асатын лентадағы орден белгісінен тұрады.«Айбын» ордені«Айбын» ордені 1995жылы белгіленді. Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери қүрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлікдайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдықтәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызметбабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады. «Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады. I және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады. III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщикгер мен мичмандар марапатталады.«Парасат» ордені«Парасат» ордені 1993 жылы белгіленді. «Парасат» орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау женіндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекетжәне қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады.«Достық» ордені«Достық» ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақгастықгы нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады. «Достық» ордені екі айырымнан: I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы орденнің белгісінен тұрады.«Қурмет» ордені«Құрмет» ордені 1993жылы белгіленді. Орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтіксаланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдыққызметі үшін марапатталады.«Ерлігі үшін» медалі«Ерлігі үшін» медалі 1993 жылы белгіленді. Медальмен азаматтар төтенше жағдайларда (суда, өрт, табиғатапаты кездерінде) адам өмірін құтқаруға байланысты көрсеткен, қылмысқа қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталады.«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі«Жауын
Қарттарым – асыл қазынам
Қарттарым – асыл қазынамМақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
1.Жүргізуші: Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Би:  «Домбыра»  8 сынып
 2. Жүргізуші
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз.. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай « Қарттарым қазынам» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Аубакиров Кирибай Майкеновичке береміз.
1.     Жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік  құқыны құрметтей білу керек.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
 Ән: «Әке туралы жыр»   орындайтын: Кельдибекова Аида
5 сынып тақтақтар
1-оқушы:  Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
3-оқушы: «Реніш»  (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам – ай,
Шамалы – ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез – мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,
Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.
 
Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.
Ән Кокен Жансая
 
Көрініс:7 сынып
Макал мәтел сайысы.
Мақал сайысы1 Ж: Ата – анаңды құрметтесең,
                                                   Сенде жақсылық игілік көресің
2 Ж:  Атаңа не қылсаң,                  алдыңа сол келер
1Ж: Ата – бәйтерек,
                                 Бала – жапырақ
2 Ж: Әке – асқар тау,
                                      Ана – бұлақ,
                                  Бала жағасындағы құрақ.
1 Ж:Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
                                            Қартайғанда сені де етер ізет.
Ән Шофербек Айкүміс
 
  Оқушыларға сұрақ; Үлкендерге  қандай құрмет көрсету керек?
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
7-оқушы: Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына
12- оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.        Шал ақын.
13- оқушы: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»
14- оқушы: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал»
 Жүргізуші: аталар енді осы баллрға бата берейік  «баталар сайысы»
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,
тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына
үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр
болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы
ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын
өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,
зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа
жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен
қатар өсіп келеді.
Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Сабитова Махаббат
4-оқушы: 
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
5-оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
6-оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Ән: Нұрболат Сералі
 
Жүргізуші:
Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да
ойлантып, толғандырған. Өзі де  дәулетті  әулеттен, не  ішем, не  кием  деп бас
қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:
«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман», -  деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:
«Қартайдым, елім, қартайдым,
Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.
Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі
арыстаннан тірі  тышқан  артық дегендей, бір- бірімізге  ұзақ  ғұмыр  тілеп,
«жүз  жаса», «жағың түскенше, жаманшылық  көрме», «шөбереңнің  алақанынан
су  іш»  деп  жатамыз.
.
Жүргізуші:
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
Жүргізуші:
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Жүргізуші:
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!