Презентация по тнформатике на тему Дыбыс жазу. Фанограф


Мұғалімі: Е. Медетбаев Тексерген: __________
Информатика 5 сыныптарСабақтың аты: Практикум. Дыбыс жазу
Жалпы мақсаты Оқушыларға компьютерге дыбыс жазуды, оны пайдалануды үйрету; ой-өрісін дамыту; ақпаратттық мәдениетін қалыптастыру.
Сілтеме 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. «Информатика және ақпараттық технология»
7- сынып, Рахманбердиева Д.С.
3. 5-сыныпқа арналған информатика оқулығы
// авторлары Е.А.Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ.Әбенов//4. Электронды оқулық, Информатика 5-сынып
5. Информатика. Әдістемелік құрал.
// авторлары Е.А.Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ.Әбенов//Оқыту нәтижесіМикрофон, құлаққапты қосуды, дыбыс жазу программасында дыбыс жазуды, дыбыс реттегішті пайдалануды, Windows-та дыбыс қондырғысын реттеуді, мәтіндік құжатқа дыбыс орнатуды үйренуі тиіс.
Түйінді идеялар
Дыбыстық ақпаратты өңдеу жұмыс істеуге үйрету
Сабақта қолданатын материалдар ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық
Оқыту әдістеріТүсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сыныппен жұмыс
Дерек көздеріЭлектрондық оқулық 7-сыныпТапсырмаларСөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 7 сынып электрондық оқулығынан тест
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 8:00 – 8:45
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.
Топтау //Цифрлар арқылы екі топқа бөлу.//
2)Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)
Калькулятор қосымшасы не үшін қолданылады?
Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма?
Есептеулер нәтижесін мәтіндік құжатқа қалай көшіреміз?
Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау, дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды. Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес. Техника сияқты, уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды. Дыбыстықақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар - ол ойнатқыштар, секвенсерлер (дыбысты, мысалы, пернелі синезатордан жаза алатын), редакторлар.
Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлды тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Сеntег қолданылады. Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар. Ең көп тарағандардың бірі – WINAMP.
Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде, онда ең алдымен, алынған жазбаларды түзетіп, әрлеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау. Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы, AudaCity), қарапайым функциялары бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби (Sound Forge сияқты).

5) Жаңа тақырыптың алынғанын тексеру (10-15 мин)
Жеке жұмыс. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау (А,В,С, деңгейі)
Сергіту жаттығулары (5 мин)

6) Жаңа тақырыпты бекіту (5 мин)
Топпен жұмыс. Шағын тест тапсыру (Оқулық бет, 5 сұрақ)
Қорытындылау: 11772907238900Кері байланыс сұрақ – жауап (5 мин)
Дыбыспен жұмыс істеу үшін қандай программалар қолданылады?
Дыбысты файлды құжатқа кірістіру үшін қандай бұйрықты орындау керек?
Келесі тапсырма: §29. Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу.

Келесі оқылым: Жоба қорғау
Бағалау: Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
Кері байланыс: Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.