?аза? тілінен ашы? саба?ты? жоспары. Саба?ты? та?ырыбы: Ойындар


Сабақтың тақырыбы: Ойындар 2-сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : Жаңа сөздермен танысып, олармен жұмыс жасау. Тақырып бойынша тапсырмалар орындап, алған білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, еске сақтау қабілеттерін дамыту және тілдік қорларын кеңейту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс: ребус шешу, сөйлемдер құрату, жауап беру.
Көрнекіліктер: өлең, қарлығаштар, сөзжұмбақ, тірек сызба, суреттер.
Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіңдер ме ,балалар, отырыңдар. Сабақтың мақсатын айтып кету.
-Сенің халің қалай?
-Сен нешінші сыныпта оқисың?
-Бүгін сендерде неше сабақ?
-Қазір қандай сабақ?
-Қазір екінші сабақ па?
II. Фонетикалық жаттығу.
-Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала.
Бірінші өзім оқимын кейін оқушылар қатарлап, бір-бірлеп оқиды
III. Үй жұмысы. Үй жұмысын «Қарлығаштарды теріп ал» ойын арқылы тексеру. Ол үшін сөздерді аудару керек. Сөздер: дерево, ведро, принеси, улица, сажай, подмети. Сөйлемдерді аудар: ты сажай дерево, я принесу ведро, я подмету улицу, ты подмети двор.
IV. Жаңа сабақ: -Бүгін ,балалар. біз сабақта жаңа сөздермен танысамыз, ребус шешіп, сөйлемдер құрастырамыз.-Ал енді жаңа тақырыпты табу үшін бізге сөзжұмбақты шешу керек.
сөзжұмбақ: қ о я н
ү й р е к
м ы с ы қ
н а н
-Қандай сөз шықты?
-Ойын.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай ойнат.
Жаңа сөздермен таныстырамын. Играй-ойна. Я буду играть. Ты будешь играть.
мын
Тірек сызбаны пайдалану: Ойна + й
сың ( ба )?
мын
Ойнап отыр
сың ( ба )?
Аудару: играй, я буду играть, ты будешь играть , ты будешь ли играть ?
V. Кітаппен жұмыс: 134 бет
Мен сөздерді айтамын, оқушылар қайталайды, орысшадан қазақша сұраймын.
Оқушылар өздері сөйлемдер құрастырады. Мысалы: Мен доп ойнаймын.
Сен асық ойнайсың ба?
Сен жасырынбақ ойна.
Суретпен жұмыс: Сөйлемдерді аудар:
Ты играй. Ты играй в мяч .
-Ты в асык играть будешь ли?
- Да, я буду играть в асык.
Я играю в шашки. Ты играешь в шашки.
Сұрақтар : -Сенде не бар?
-Менде доп бар.
-Сенде неше доп бар?
-Менде үш доп бар.
-Сенде қандай доп бар?
-Менде үлкен доп бар.
-Сенде асық бар ма?
- Иә, менде асық бар.
Оқушылар өздері бір бірімен сөйлеседі . Мысалы:
Сен не істейсің?
Мен ойнаймын.
Сен не ойнайсың?
Мен дойбы ойнаймын.
Кітаппен жұмыс: Сөйлемдерді оқу, аудару.
Дәптермен жұмыс: Сөйлемдерді аударып жазу.
Я буду играть в шашки. Ты в прятки играть будешь ли? Я играю в асык. Ты играешь в догонялки.
VI. Қорытынды: Бүкіл жаңа сөздерді сиқырлы конвертке теріп алу, сөздерді қайталау
VII. Үй жұмысы: 137 – 139 бет
VIII. Бағалау: баға қою, мадақтау