Дене шыны?тыру п?нінен Баскетбол ойыны та?ырыбында ашы? саба?


Оңтүстік Қазақстан облысының
білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мухитдинов Х.Х.
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойыны
Сабақтың мақсаты:
Балаларға баскетбол ойынына қойылатын негізгі талаптарды үйрету, ойын тәсілдерімен қорғану әдістерімен таныстыру. Қозғалыс мүшелерін, қол саусақ, аяқ қимылдарын дамыту.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, қозғалыс сапасын дамыту.
Өзара достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалардың сөздік қорын байыту. Дыбыстарын қадағалау, түзету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) диалог
Мұғалім:
Қатарға тік тұрамыз.
Саламатсыңдар ма, балалар?!
Қазір қандай сабақ?
Сабақта не істейміз?
(Жүгіреміз, жаттығу жасаймыз, денемізді шынықтырамыз.)
б) сөздік жаттығу
Мақсаты: Буынға бөлмей, бір екпінмен оқимыз.
«Шынықсаң – шымыр боларсың!» (бірге оқимыз)
Мұғалім:
Шымыр дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар:
Күшті боласың.
Жаттығулар жасасақ, жүгірсек, денемізді шынықтырсақ күшті боламыз.
ІІ. Қайталау.
Мұғалім:
Қазір жаттығулар жасаймыз.
Тізені жоғары көтеріп, жүгіреміз. (кестелерді көрсету)
Өкшені көтереміз.
Аяқ ұшымен жүреміз.
Жанымен жүгір, оңға, солға ауысып.
Алға жүгір. Баяу жүгір.
Алаңды айналып жүріске көшеміз.
Демді мұрынмен алып, ауызбен шығарамыз. (1м.)
Қатардан шықпаймыз, денені тік ұстаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
Екі топқа бөлініп тұрамыз.
а) Допты алып жүру тәсілдері:
Шеңбермен алып жүру.
Оң қолмен ұрып жүру.
Сол қолмен ұрып жүру.
Оң және сол қолмен алма кезек ұрып жүру. (Суреттер көрсету)
б)Қарама-қарсы тұрып, допты кезектесе алып жүру әдісі:
Оң қолмен алып жүру.
Сол қолмен алып жүру.
Екі қолмен алма кезек.
в) Допты екі қолмен кеудеден беру және ұстау тәсілдері:
Алақан мен саусақтарды допқа тигізу.
Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтыру.
г) Допты екі қолымен төменнен беру:
Допты шеңбермен беру.
Екі қатарда әр оқушы кезекпен доп лақтыру. (Түсіндіру-көрсету)
д) Допты қабылдау тәсілдері:
Допты ұстаған бетте тез беру.
Допты бір қолымен иықтан беру.
Допты қолымен ұстау кезінде, қолды алға созып кеуде тұсына тартып алу.
Допты себетке екі адамнан соң тастау.
VI. Сабақты бекіту.
Доппен екі жақты ойын жүргізу:
Ұлдар бір торға, қыздар бір торға, екі жақты баскетбол ойынын ойнаймыз.
V. Сабақты қорыту.
Мұғалім:
Сапқа тұрыңдар!
Бүгін біз сабақта не істедік?
(Жаттығулар жасадық, доппен жаттығулар орындадық, ...)
Бүгін біз сабақта не үйрендік?
(Допты алып жүруді, баскетбол ойынын ойнауды үйрендік.)
VI. Үйге тапсырма: Баскетбол ойынының тәсілдерін үйреніп келу.
VII. Оқушыларды бағалау.