Презентация по английскому языку на тему Articles (7 класс)


Артикль Ағылшын тілінде артикльдер – шылау сөздердің қатарына жатады. Ол дербес лексикалық мағына бермейді, тек қана зат есімнің белгісі ретінде ғана қолданылады. Қазақ тілінде артикльдер жоқ. Ағылшын тілінде екі артикль бар – белгісіздік – a, an және белгілік артикль the. Олар негізінен деректі зат есімдер алдында қолданылады. Белгісіздік a, an артикльдері one (бір) сан есімінен туған, сондықтан ол зат есімнің тек жекеше түрімен қолданылады. Белгісіздік артикль арқылы біз деректі заттық ұғымды білдіріп, айталмыш заттың белгілі бір топқа жататын айтамыз: This is a bookБұл кітап (газет немесе журнал емес). Give me a penқалам берші (қарындаш немесе дәптер емес). Белгісіздік артикльден кейін зат есім дауысты дыбыстан басталса, зат есім алдына “an артиклі” қойылады. Ал егер зат есім дауыссыздан басталса “а артиклі” қойылады. Белгілік артикль the сілтеу есімдігінен пайда болған (қазіргі this, that). Ол зат есім арқылы айтылған заттың, атаудың басқалардан гөрі айтушыға да, тыңдаушыға да белгілі екенін көрсетеді. Белгілік артикль the дауыссыз дыбыстардың алдында [ рə] болып, ал дауыстылардың алдында [рɪ:] болып оқылады және белгісіздік артикль сияқты екпінсіз болып, келесі сөзбен жалғаса оқылады. Географиялық атаулармен артикльдердің қолданылуы Әлемнің төрт бұрыш атауларының алдында белгілік артиклі the қолданылады: the North, the South, the West, the East Republic, state, Kingdom сөздерімен бірге белгілік артиклі қолданылады: the Czech Republic, the Dominican Republic, the United Kingdom, the United States of AmericaСалыстырыңыз: Have you been to Canada or the United States? Mount, lake сөздерімен біз белгілік артиклін қолданбаймыз: Салыстырыңыз: □ They live near the lake □ They live near Lake Constance. 4. Мұхиттар, теңіз, өзендер, каналдар аттарымен белгілік артиклін қолданамыз: the Atlantic Ocean, the Indian Ocean, the Mediterranean Sea, the Red Sea, the Channel, the Amazon, the Nile Шөл далалардың атауларымен белгілік артиклі қолданылады: the Sahara Desert, the Gobi Desert Қала көшеб жолдар, алаңдар, саябақтар атауларымен белгілік артиклі қолданылмайды: Wall Street, Queens Road, Fifth Avenue, Broadway, Hyde Park Ай аттары мен күндер алдынан артикль қолданылмайды: School begins in _ September. We rest on _ Sunday. Реттік сан есімдер алдынан белгілік артиклі қолданылады: Our classroom is on the second floor. Today is the tenth of May. Ғылым атаулары алдынан, оқу пәндері және тілдер атауларын алдынан артикль қолданылмайды: He studies_ chemistry. I speak _ English. Қалыптасқан сөз тіркестерінде артикль қолданылмайды: At _ school at _ home at _ work in _ front of to go to _ bed to go to _work to go to _ school at _ half past five to go _ home to leave _ home for _ work ( for _ school) to come _ home after _ work from _ work after _ school from _ school To have (cook, make, prepare)  breakfast  lunch  tea  dinner  supper after  breakfast after  lunch after  tea after  dinnerafter  supper before  breakfast before  lunch before  tea before  dinner before  supper at  breakfastat  lunch at  tea at  dinner at  supper for  breakfastfor  lunch for  tea for  dinner for  supper to watch  TV to play  chess to play  football out of  doors from  morning  night all  day longin  fact it’s  high time to take  aim to take  care of at  sunrise at  sunsetin  town to  town by  bus by  tram by  train by  carin  spring in  summer in  autumn in  winter from  place to  place