Жылу м?лшері. Жылу м?лшеріні? бірліктері. Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ы. Денені ?ыздыру?а ?ажетті немесе ол суы?анда б?лінетін жылу м?лшерін есептеу.


Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Ақтөбе қаласы. Красносельск негізгі мектебі Жалимова Тоты Умирзакова Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу.Сабақтың мақсаты:Білімділік мақсаты: жылу мөлшері ұғымын беру және оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау;жаңа физикалық шама заттың меншікті жылу сыйымдылығы және оның өлшем бірліктеріи енгізу.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылауСабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, дискуссия, кітаппен жұмыс Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. “Ми шабулы”1.Молекулалардың ретсіз қозғалысы не деп аталады?2.Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы?3.Екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі?4.Температураны өлшейтін құрал?5.Жүйенің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері?6.Жылу берілудің түрлерін ата. 7.Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі?8.Кельвин шкаласы бойынша мұздың еру температурасы?9.Цельский шкаласынан Кельвин шкаласына өту формуласы?10.Денелердің немесе дене бөлшектеріңің өзара әрекет энергиясы?11.Қозғалыстағы денелер ие болатын энергия? 12.Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциялық энергиясының қосынды? {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№ Жауабы1 Жылулық қозғалыс2Жылуөткізгіштік3Жылу алмасу4Термометр5Жылу алмасу,механикалық жұмыс6Жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену7конвекция8273К9Т꞊꞊( t+273)К 10потенциялдық11кинетикалық12Ішкі энергия Мағынаны тану стратегиясы Жаңа сабақты түсіндіру. Біз дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен – жылу алмасу және жұмыс жасау арқылы өзгертуге болатынын білеміз. Осының бірінші тәсілін жүзеге асыруды дененің ішкі энергиясы жасалған жұмысқа А, ал екіншісін жүзеге асырғанда берілген жылу мөлшеріне Q тең шамаларға өзгереді.Басқаша айтқанда жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтанын энергиясы жылу мөлшері болып табылады.Егер шайнекті, оның ішіндегі су тек жылы болатындай етіп қыздырсақ, оны отта ұзақ ұстамаймыз. Керісінше ыстық су керек болса шайнекті көп уақыт қыздыру қажет. Шайнекті қыздырғышта ұзақ ұстасақ, оның алатын жылу мөлшері де көп. Сондықтан, қыздырғанда дененің температурасы көп өзгеретін болса, оған берілетін жылу мөлшері де артуы керек. Мысалы, дененің бастапқы температурасы t1, ал соңғы температурасы t2 болсын. Бұл кезде дененің температура өзгерісі былай өрнектеледі ∆ t = t2– t1. ∆ t = 100 0С – 20 0С =80 0СОлай болса жылу мөлшері осы шамаға тәуелді: Q~ ∆t -ға тәуелді 2 кг суды қыздыруға 1 кг суды қыздыруға қарағанда көп уақыт кетеді. Яғни, көп жылу мөлшері жұмсалатыны бәрімізге белгілі. Бұл денені қызыдруға керекті жылу мөлшері оның массасына тәуелді болатынын білдіреді. Q~ m-ге тәуелді.Сонымен жылу мөлшерін есептеу үшін дене құралатын заттың меншікті жылу сыйымдылығын, осы дененің массасын және оның соңғы және бастапқы температураларының айырымын білу керек.Q = cm (t2—  t1 ) Меншікті жылу сыйымдылықЕкі бірдей ыдыс алып, оның біріне массасы 400 г су, ал екіншісіне массасы 400 г өсімдік майын құямыз да, оларды жанарғы арқылы қыздырамыз Термометрлердің көрсетуінен майдың тезірек қызытаны байқалады.Су мен майды бірдей температураға дейін қызыдру үшін суды ұзағырақ қыздыруға тура келеді. Бірақ біз оны ұзақ қыздырған сайын, ол жанарғыдан көп жылу мөлшерін алатыны белгілі.Осыдан массалары бірдей әр түрлі заттарды бірдей температураға қыздыру әр түрлі жылу мөлшерін керек етедінін көреміз Денені қыздыруға керекті жылу мөлшері, осы дене құралатын заттың тегіне байланысты. Мысалы, массасы 1 кг судың температурасын 1°С-ға көтеру үшін 4200 Дж жылу мөлшері жұмсалады, ал массасы осындай күнбағыс майын 1°С-ға қыздыруға 1700 Дж жылу мөлшерін керек етеді.1 кг затты 1°С-ға қыздыруға керекті жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама, осы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. Әр заттың өз жылу сыйымдылығы болады. Ол латынның с әрпімен белгіленіп джоуль бөлінген килограмм – градуспен (Дж/(кг·°С)өлшенеді.с — меншікті жылу сыйымдылық. Алтын 130Темір 460Күнбағыс майы 1700Сынап 140Болат 500Мұз 2100Қорғасын 230Шойын 540Керосин 2100Қалайы 250Графит 750Эфир2350Күміс 250Лабораториялық шыны 840Ағаш (емен) 2400Мыс 400Кірпіш 880Спирт2500Мырыш 400Алюминий 920Су 4200Жез 400     Кейбір заттардың жылу сыйымдылығы, Дж/(кг·°С) Кестеден мысалы, қорғасынның жылу сйымдылығы 140 Дж/(кг · °С) екендігі көрінеді. Бұл сан 1 кг қорғасынды 1 °С-ға қыздыру үшін 140 Дж жылу мөлшері керектігін білдіреді. Дәл осындай (модулі жағынан) жылу мөлшері 1 °С-ға суытқанда осындай массалары қорғасыннан бөлінеді. Әр түрлі агрегаттық күйлердегі бір заттың меншікті жылу сыйымдылықтары (қатты, сұйық және газ тәрізді) әр түрлі. Мысалы, судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг · °С), ал мұздыкі – 2100 Дж/(кг · °С). Алюминийдің қатты күйдегі меншікті жылу сыйымдылығы 920 Дж/(кг · °С), ал сұйық күйдегісі – 1080 Дж/(кг · °С).Судың жылу сыйымдылғы үлкен Сондықтан теңіздер мен мұхиттардағы су жаздыгүні ауадан өте көп жылу мөлшерін қабылдай отырып қызады. Осының арқасында жаздыгүні өте үлкен су қоймаларына жақын жерлерде одан алыс жерлерге қарағанда онша ыстық болмайды. “Ой қорыту” Есептер шығару 795 (Л)Массасы 20кг болат-токрь станогінде жұмыс кезінде 150С-тан 1150С-қа дейін қызған.Бұрғыны қыздырыу үшін қанша энергия қажет? №796Қалыпқа құйылған массасы 15кг сомөңдеу кезінде 500С-қа қызады. Осы детальды- қыздыру үшін двигательдің жұмсаған энергиясы қандай? №797Массасы 100г болат бұрғы жез дөңбекті ыстық штамптаудан бұрын 1500С –тан 7500С-қа дейін қыздырған. Жылудың осыған қанша мөлшері жұмсалды? Үйге тапсырма:§9,10 №6,5-жаттығуӨзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру Бағалау:Шығу парағын толтыру-Бүгінгі сабақтан не білдіңіз? -Пікіріңіз. -Кімге рахмет айтамыз?