Преемственность между ступенями начального и среднего звена Жалпы білім беретін орта мектепті? о?у-т?рбие ?ызметін ?йымдастыруда?ы бастауыш ж?не орта буын арасында?ы саба?тасты?ы


Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық құжаттары
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 319 Заңы
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
      1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
      1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
      6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
      7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы
Бағдарламаға сәйкес білім сапасын жоғарылатудың басты бағыттары болып барлық білім алу процесіне қатысушылардың тең деңгейде ең үздік білім беру технологиялары мен ресурстарына қол жеткізуі; оқушылардың талап –тілектерін қанағаттандыру, сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;
Елбасының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – ұлт жоспары (мамыр, 2015 жыл), «мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы
Бастауыш және негізгі орта білім беру арасындағы сабақтастық жаңа білім беру нәтижелеріне жетудегі сабақтастықты қарастырады.
Мақсаты: оқушылардың білім алудағы сабақтастығының және үздіксіз жүйесінің болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім стандарттарында анықталған білім алушылардан күтілетін нәтижелерге жету үшін оқушыларға денсаулық сақтаушы ортаны құру.
Міндеттері:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің және пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің ортақ қызметінің өзара әрекеттестігін күшейту;
Сыныптағы бейімделу кезінің сәтті өтуіне кедергі келтіретін факторларды анықтау, талдау, оны түзету жолдарын қарастыру;
4-54-5 сыныптарда оқу-тәрбие процесінің талдауын, диагностикасын, мониторингін жүргізу;
Ата-аналарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу, оларды оқу-тәрбие ісіне тарту;
Педагог еңбегінің әлеуметтік және адамгершілік маңыздылығы мәртебесін жоғарылату.
Нәтижесі
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және жақсарту мақсатымен бастауыш және негізгі мектеп педагогтарының өзара байланысы және ортақ қызметі;
Білім алушылар оқуға қызығады, өз күшіне, қабілетіне сенеді, эмоционалды жайлылықты сезеді, орта буынға ауысу кезінде психологиялық жайлылықты сезінеді;
Жаңа жағдайға оқушының әлеуметтенуі және денсаулық сақтау ортасының құрылуы.
Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудағы бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастығы
Мәселелер
Мәселені шешу бойынша алдын-ала жұмыстар Сабақта мәселелерді шешу жолдары
1. Оқытудың пәндік жүйесі жағдайына бейімделу 1. 5-ші сынып мұғалімі бастауыш сынып бағдарламасымен, бастауыш сынып мұғалімі орта мектеп бағдарламасымен таныс болуы керек.
2. 4-ші сыныптардың ББД деңгейін зерттеу
3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерімен таныс болу Бастауыш және орта буын мұғалімдерінің сабақтарына өзара қатысу. 4-ші және 5 –ші сынып оқушыларының оқу әрекетін талдау
2. Жасөспірімнің психологиялық-физиологиялық қажеттілігін есепке ала отырып балалар ұжымын қалыптастыру 1. Жасөспірім шақ психологиясын зерттеу
2. Балалардың ата-анасымен танысу Ұжымдық және топтық жұмыс істеу технологияларын қолдану
3. Жоғары сыныптарда бастауыш сыныптың инновациялық технологияларының сабақтастығы Бастауыш сыныпта қолданылатын технологияларды зерттеу 1. Бастауыш мектептің басты технологиялық тәсілдерін қолдану 2. Бастауышта оқыту технологиясының орта буын технологиясына бейімделуі
4. Дарынды оқушылар мәселесі 1. Бастауыш мектептегі дарынды оқушының оқу аймағын зерттеу
2. аталған оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Сабақты осы ерекшеліктерге сай құру.
5. Сабақтағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесі Бастауыш сыныптағы сабақтарға қатысып, бақылау жүргізу Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
6. Бірыңғай талаптарды сақтау Бастауыш және орта буындағы сабақтарды бақылау. 1. Оқушының сабаққа дайындығы
2. Үй жұмысының уақытылы хабарлануы.
3. Пән мұғалімдерінің баға қоюы
4. Тәртіпті бақылау.
7. Кері байланысты жүзеге асыру Бастауыш буын сабақтарына қатысу кезінде туындаған сұрақтарды талқылау Бесінші сыныптарда кері байланыс тәсілдерін қолдану
8. Оқу қызметін ұйымдастырудың әдістері мен түрлерінің сабақтастығы Бастауыш және орта буын мұғалімдерінің өзара оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдерін қарастыруы Бастауыш мектеп әдістері мен жұмыс түрлерін қолданып барып, біртін-біртін «өзіндік» (орта буын) тәсілдеріне ауысу
9. 4-ші сыныптардағы қорытынды қайталаудың және 5-ші сыныптардағы кіріспе қайталау мен бақылаудың бірыңғай жүйесі Қайталау мен бақылаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу. Төртінші сыныптағы қайталау және бақылау жүйесін қолдану.
10. Көрнекі құралдарды қолдану Бастауыш сыныпта көрнекілік қолдану жүйесін зерттеу Бастауыш мектептегі көрнекілік жүйесінің қолданылуы