Ша?ын жина?тал?ан бастауыш мектептердерде бастауыш сынып о?ушыларыны? білімін ба?алау.


Шағын жинақталған бастауыш мектептердерде бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау.
Шағын жинақталған мектеп бастауыш мектептің толық сынып жұмысын ұйымдастыруға сынып комплектісі жетіспейді сондықтан шағын елді мекендерде орналасқан оқу жұмысы туралы әңгімелеп өтейін.
Ауылдағы шағын жинақталған мектептің тәрбиелік мүмкіндігі зор,олар халық менталиттетеріне, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты қастерлеу,қорғау,аялау, меймандостық, отбасы мүшелері мен ағайын туыстарға қайырымдылық т.б қасиеттерден көрінеді.
Шағын жинақталған мектептер жедел дамып келе жатқан ортада өз қабілетін көрсете алатын, өз білімін пайдалана отырып, жан-жақты шығармашыл, әрі білікті оқушыларды қалыптастыру және дамытуды мақсат етеді. Бұл мектептің ерекшелігі мұғалімнің қызметіндегі көп пәнділік мектеп, басшыларының әкімшілік міндеттерді қоса атқаруы болып табылады. Соған қарамастан шағын жинақталған мектептер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы нормативті құжаттарында белгіленген шараларды толық атқаруға міндетті.
Оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыруда оқушылардың білімін біліктілігін және дағдысын тексеру мен бағалау ерекше орын алады. Шынында да, оқушылардың дағдысын және білімін тексеру, бақылау мен бағалау оқу үрдісінің маңызды бөлігі. Оқушының білімін тексеру арқылы мұғалім оның оқу материалдарын қалай меңгергенін байқап бағалай алады.
Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігі мол. Бұл ерекшеліктердің бір қатары оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты.
-бала саны аз болғандықтан, әр түрлі жастағы бірнеше сыныптың оқушылары бір мезгілде оқытылады.
- мұндай жағдайда мұғалімге 45 минуттық сабақ үстінде бірнеше сыныптаң жеке пәндерін қатар оқытуға тура келеді
-соның нәтижесінде сабақ құрылымы өзгереді.
-оқушылардың өзіндік жұмысына басымдық берілуіне байланысты оқытушы мен оқушының қатынасы бірінші орынға шығады.
Әрине, бұл мәсәләлер оқущылардың білім деңгейіне әсер етпей қоймайтыны сөзсіз.
Сыныптағы оқушылар санының аз болғанынан сыныпта ерекше психологиялық әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлерін тиімді қолдану шектеулі болып қалады.Оқушылары аз сыныптарда оқытудың оқушылар үшін деөзіндік ерекшелігі бар .Өйткені оқушы жауап беруші орнында болады.
Мұндай сыныптарда әрбір оқушы мұғалімнің бақылауында отырады .Сабақта әрбір оқушының оқу материалын қалай меңгергенін біліп, білімін бағалауға мүмкіндігі мол.
Шағын комплектілі мектептердің тағы бір ерекшелігі-оқушылардың өзіндік жумыстарды орындауы.Мектеп оқушылары үшін өз бетінше орындайтын жұмыс түрлері көп.
Мұғалім екі немесе үш сыныппен жұмыс жүргізгенде өздігінен істейтін жұмыстардың алатын уақытын есептеп, жұмыстың дұрыс орындалуына көңіл бөлу керек. Егер оқушы сабақтың алғаш күнінен бастап өздігінен істейтін жұмысқа дағдыланбаса, мұғалімнің тиісті нәтижеге жетуі қиындап, оқушылардың білім сапасы өз дәрежесінде болмайды.
Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін берілетін тапсырмалар баланың жас ерекшелігі ескеріле отырып беріледі де, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге, еңбектенуге, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге көмектеседі.
Өздігінен жұмыс істеу мұғалімнің басшылығымен бірте-бірте жеңілден ауырға қарай ауыстырылып отырады. Яғни, қатар отырған екі сыныптағы оқушылардың біріне жаңа сабақ өтіліп жатқанда, екіншісі өздігінен жұмыс орындауына мүмкіндік туады. Сөйтіп, шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушылары әр сабақта, кун сайын бағаланады.
Мен өз тәжірибемде Н.Ә. Базарбаеваның «Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер» атты 2003 жылы жарық көрген кітабын басшылыққа аламын. Бұл әдістемелік нұсқау шағын комплектілі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 1-2-3-4 сыныптарға бір мезгілде сабақ беріп жүрген ұстаздың іс-тәжірибесі жинақталып, шағын комплектілі мектептің тарихына шолу жасалған.
Ана тілі мен қазақ тілінің оқытылу тілдеріне тоқтала отырып, оқу- тәрбие жұмыстарындағы шығармашылық тәсілдердің жолдарын ұсынады.
Оқыту үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі бақылау, баға қою болып табылады.
Баға-оқушы білімінің басты көрсеткіші.
Бағалау дегеніміз- өлшем. Бағалау бес баллдық жүйемен де ұстаздық ауызша мадақтаумен де жузеге асырылады.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау әр сабақтың, әр кезеңінде болады. Бір сабақта жаңа тақырып түсіндірілсе, келесіде оны игеру барысында, ушіншіде сабақ соңында болады.
Баға жазба жұмыстарына, ауызша жауаптарға, түрлі тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына, коллиграфия көркемдігіне қойылады. Бастауыш сыныптарда оқушы дәптері күн сайын тексеріліп, баға қойылады.
Шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың сапасы мен тиімділігін, дағдысын тексеру мен бағалау ерекше орын алады. Шынында да, оқушылардың дағдысын және білімін тексеру, бақылау мен бағалау-оқу үрдісінің маңызды бөлігі. Оқушының білімін тексеру арқылы мұғалім оқушының оқу материалын қалай меңгергенін байқап, бағалай алады.
Оқушылардың білімін, білігі мен дағдысын бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық икемділігін, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау ушін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау барысында мұғалім оқушылардың алған білімдерін игеру және баяндау бойынша, оқу жұмысының сапасы туралы толық мәлімет алады.
Қатар оқылатын екі немесе үш сыныптардағы әр жастағы және білім деңгейлері әр түрлі оқушылар бірге отыратындықтан, әрине тапсырмаларды түрлендіріп, бір пәндік, бір тақырыптық жуйемен оқыту, ортақ проблемаға негізделеді. Тақырыптарды топтастырып, блокты-модульды оқыту шағын комплектілі бастауыш мектептер жағдайында маңызы зор болмақ.
Нарықтық экономикалық қатынас жағдайында шағын комплектілі бастауыш мектептен бастап, оқушыларды еңбекке баулу, сабағында жұппен, топпен, дара жұмыс істеуге бағыттау. Сабақта оқушының өзіндік жауапкершілігі артып, достық ынтымақтастыққа үйренеді. Оқушылар сабақ барысында уш-төрт топқа бөлініп, әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. Әр топ бірлесіп түрлі бұйымдар жасайды. Әр топ өз тапсырмаларын орындап, бір-біріне бұйымдарды қалай жасау жолдарын түсіндіреді. Әр топтағы оқушылар өз пікірлерін жинақтап, сабақтың ретімен жұмыс істеуге кіріседі.
Білім бағалау барысында, сабақ үстінде, әр топтың жауабы есептеліп отырады.
Шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалауда, мен Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтымен ұсынылған «Бастауыш сыныптардағы білім-білік дағдыларды күнделікті бақылап, бағалауға қойылатын негізгі талаптар мен нормалар» атты әдістемелік нұсқауды басшылыққа аламын.
Шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда, ата-аналарды мектеп жұмысына жұмылдырамын.
Шағын комплектілі мектептер елді мекендегі білім ошағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастыратын орталық міндетін де атқарады. Қазір көпшілік ауылдарда мәдениет уйлері, кітапхана, спорт зал жоқ екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Міне, сондықтан мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе отырып тәрбие сағаттарын, байқаулар, сайыстар, жаңа жылдық шырша, 8-наурыз, наурыз мерекесін өткізеді. Оған ата-аналар комитеті демеушілік жасайды.
Сонымен бірге ата-аналар оқушыларды танымдық істеріне, үй жұмыстарын сапалы орындауға көмек жасап отырады. Соның арқасында оқушылар үй тапсырмаларын уақытында орындауға дағдыланып, басқа да науқанды еңбек жұмыстарына араласуға уақыт үнемдей алатын болады.
Осындай мақсатта ата-ана мен бала, мұғалім арасындағы байланыс тығыз болған жағдайда ғана мектептегі тәрбие жоғарғы сатыда болады.
Бізде бұл көрсеткіш жоғарғы деңгейде деп айта аламын. Себебі, мектепте барлық оқушы сабаққа тартылған,оқушылар сабақтан қалмайды. Мектеп ережесін бұзып, өрескел мінез көрсететін оқушылар жоқ.
Қорыта айтқанда, шағын комплектілі бастауыш мектепте екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, оқу материалдарын барынша қамтуға мүмкіншіліктері бар. Мұғалім екі сыныпқа тиянақты түсіндіріп, оқушылардың оқу материалдарын игеруін үнемі қадағалап отырса, оң нәтиже беретініне сенім мол. Сондай-ақ, шағын комплектілі бастауыш мектептердегі білім беру ісін әрі сапалы, әрі тиянақты жүргізу мақсатына көзделіп жасалған, біз ұсынып отырған жұмысжүйесі мен басқа да түрлі нұсқаулардың бар екендігі аян. Дегенмен, шағын комплектілі бастауыш мектепте бүгінгі мұғалімнің де, оқушының объективті мүмкіндіктері осы бағдардың мейлінше ыңғайлы екенін растайды. Сондықтан бұл жүце қазіргі уақыт талабына үндесетіні сөзсіз.
Шағын комплектілі бастауыш мектебінің оқушыларының білім алудағы жетістіктері мен табыстарын талдап, айтып берудің дұрыс бағалаудың мәні мол.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор. Ол оқушыға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін. Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім арасында адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады. Сондықтан да, мұғалім баға қоюда өте әділ болса ғана, бала сабақты жақсы оқып, өз қабілетін дамытуға тырысады. Баланың біліміне, оның алған бағасына мұғаліммен қоса ата-ана да ерекше назар аударып, күнделігін тексеру арқылы мектеп пен үзбей байланысты жақсарту керек. Сондықтан ғана білімді, тәрбиелі, жан-жақты жетілген азамат болып шығады.