«MS Access программасында м?ліметтер ?орын ??ру» та?ырыбында?ы саба? жоспары. 11-сынып


ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Джетписбаева Жансая Раимовна
Информатика пәні мұғалімі
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі

Сыныбы:11 сынып
Сабақтың тақырыбы:  MS Access программасында мәліметтер қорын құру.
Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік: Оқушыларды мәліметтер қоры ұғымымен, мәліметтер қорын басқару жүйелерімен таныстыру.MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеудің жолдары мен әдістерін меңгеру;2. Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой - өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру. Жаңа мәліметтер қорын құру, оны мәліметтермен толтыру, оның мазмұнын редакциялау, оларды реттеу, безендіру және баспаға шығару;Тәрбиелік: Бірінің-бірі пікірін тыңдап, сыйлай білуге , адамгершілікке үйренеді. Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс - әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге баулу.
Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыппен таныстыру сабағы.Әдіс-тәсілдері: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау.Көрнекіліктер:  MS  Access мәліметтер қоры плакаты, трек конспекті, бағалау парағы, карточкалар, компьютер.Стратегиялар: 1.Ассоциациялық карта.2. INSERT  kестесі.3. Венн диаграммасы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сынып оқушыларын түгендеу
ә) Психологиялық дайындық. 
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай аламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан-жағым.-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.в) Сыныпты топқа бөлу.б) Бағалау парағын тарату.
II. Қызығушылықты ояту.  - MS  Access сөзін естігенде ойларыңызға қандай ұғымдар түседі?
-Ойларыңызға    MS  Access туралы қандай сөздер келсе соны алдарыңдағы параққа жазыңдар.
– Жұппен ойларыңызды бөлісіңіздер,топпен ойларыңызды бөлісіңіздер.
–Топтастырыңыздар.
– Өздерің топтастырғандарыңызбен кластер құрастырыңыздар.
–Презентацияларыңызды қорғаңыздар.
– Әр топ оқушылары бағалау парағына өздерін бағалайды.
III. Мағынаны тану сатысы: 
– MS  Access-те кестені құрумен танысқыларың келе ме?.
-   INSERT  kестесін немесе түртіп алу кестесін беремін.
Тексті таратамын.Тапсырма :
1.Оқу кезіндегі мәтіннің шетіне сіз біліміңізге және түсінігіңізге сәйкес төрт белгі қоясыз .Қатысушылардың барлығы оқып болғанда , келесі жұмыс түрі жасалады.Сіз қазір ғана оқып шыққан мәтін жөнінде ойланыңыз .Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы бөлісіңіз. Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады?Нені білетін болып шықтыңыз ?Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз?Сіз мақалаға қайта оралып ,өз қағазыңыздағы  , қойған белгілеріңізді қарай аласыз . Олар сізді нені біліп ,нені білмегеніңізді еске түсіреді , сондай –ақ жаңа білім алуға итермелейді.Топтарыңызда  талқылаңыз. Таблицадағы белгілердің астына текстен белгілеген жазуларын толтыру. 1-ші белгінің астындағы жауабын талқылау, 2-ші,3-шіні талқылау.
2. Практикалық тапсырма. Топпен жұмыс
Жаңа тақырыптың теориялық бөлігі түсіндірілгеннен кейін компьютерде практикалық тапсырма орындату.
1. Әр топ өздерінің қарсылас топтарының деректер қорын белгіленген уақыт ішінде құрастырулары тиіс. 5-6 адамнан кем болмайтын және енгізілген мәліметтерде мыналар болуы керек: оқушының аты, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен жайы және телефон нөмірі. Қосымша парақ бетінде MS Access-тің мәзір жолы беріледі.
2. Топтар сол мәзірлердің атауларын жазып, қосымша тапсырмаға кіріседі. Екінші тапсырмасы жеребе бойынша екі топқа MS Access және MS Excel терезелерінің элементтері салынған парақшаның қиындыларын араластырылып беріледі. Қысқа уақыттың ішінде екі топ екі жеребе бойынша түскен терезені қүрастыру керек.
3. 1-топ «Дәріхана» атты мәліметтер қорын құрады
2-топ «Автокөлік» атты мәліметтер қорын құрады.
Бұл тапсырмалар бойынша оқушылар өз жұмыстарын бағалау парағына өздері бағалайды.
3..«Самғау». Бұл жерде MS Access терезесінің түрі өзгертіліп беріледі, екі топ сол қателерін табу керек.. V. Ой толғаныс сатысы. 1. Венн диаграммасы
  Ескі ұғыммен жаңа ұғымды байланыстыру.
    Венн диаграммасы бойынша MS Access және MS Excel терезелерін салыстыру арқылы.
VI. Бағалау. 
Сабақ басында таратылған «Бағалау» парағын жинап алып қорытынды бағасын қоямын.
VII. Үйге тапсырма: MS Access программасында мәліметтер қорын құру.
VIII.Қорытынды.
Сөзімді қорыта келгенде «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді.
 Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.