Ашы? саба?. ??старды? алуан т?рлілігі


Дүниетану (2-сынып)
Р.К.Игильманова
Қызылжар негізгі орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Білімділік : Оқушыларға құстардың алуан түрлілігі, олардың тіршілігі мен өмір сүру ортасы және бейімділігі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тақырыпты түсінуге деген қызығушылығын, белсенділігін, ойлау, іздену, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой-өрісін дамыту.
Шығармашылықпен жұмыс істей алуға баулу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: жалпы табиғатты сүюге ,аңдар мен құстарды баулуға, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: АКТ қазақстандағы тіршілік ететін құстар (бейнефильм) құстардың суреттері, жұмбақтар, сөзжұмбақ, ойынды тапсырмалар, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Типі: Аралас сабақ
Түрі :СТО стратегиялары арқылы оқыту
Әдісі:АКТ, Көрнекі , шығармашылық, сұрақ-жауап.
Өтілу барысы
Психологиялық дайындық
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ
Үй тапсырмасын тексеру:
«Жануарлардың табиғатқа бейімделуі» (әңгімелету)
Топтастыру арқылы «Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың бейімдік тіршілігі туралы қорыту»
Күз Қысқа қорек жинап, қамданады

Жаз
Жыл
мезгілдері Қыс
Еркін өмір сүреді,қорек жинайды.Кейбіреуі ұйқыда жатады
балапандарын асырайды, Қорек азаяды, түсі өзгереді,тоңада,ашығады
ұшуға, қорек табуға болады
Көктем
Ұйқысынан оянады ,қорек көбейеді,
түлейді, балалайды,асырайды
Қызығушылықты ояту: Тақырып табуға «Сөзжұмбақ» шешу, бәрінің жауабын көлденеңінен жазып орналастырғанда, тігінен «Құстар» сөзі шығады.
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
Орман ішін әсем күйге бөлейтін ,әнші құс
Өзі сақ, өзі пысық, шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай қүс ,әй бала?
Маң маң басқан жүрісі
Өзі құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды
Қуғанын бірақ ұстайды.
Көлдің көркі,ерке әрі әдемі құс.
Үйіме үйін салады.
Мағынаны тану: Ой қозғау: «Құс»-дегенде көз алдарыңа не келеді? Басқа нәрседен құстың ерекшелігі не?
балапаны

Ұзын тұмсығы


қауырсыны
қанаты

ҚҰС

жұмыртқасы
ұясы

Мұғалім ақпараты:
Құстар тамаша ұшады, себебі олардың сүйегі жеңіл, жіңішке, денесін мамық пен қауырсын жапқан. Дүн.жүзінде -100 млд-тай құс тіршілік етеді. Олардың 90 пайызы жәндіктемен қоректенеді. Қазақстанда 700 дей құстың түрлері бар. Олардың барлығы пайдалы.
Құстарды біз қандай топтарға бөлетін едік?
1/үй құстары2/жыл құстары 3/отырықшы құстар4/ су құстары
Семантикалық карта
Үй құстары Жыл құстары Отырықшы құстар Су құстары
(қалташаларға құстардың суреттерін орналастыру)
Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың
Құстар туралы мақал-мәтелдер.
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер
Құс пайдалы,әрі дос
Құсқа қыста жақсылық жасасаң,
Жазда жақсылығыңды өтейді.
Аққу жүзсе ,су-сұлу
Бұлбұлға бау жақсы.Кекілікке тау жақсы.
Ақсұңқар құстың баласы-алдына қоймай жем жемес.
Халқымыздың құстардың келуі, қонуы, ұшуына қарап ауа-райын болжауы:
1.Қарлығаш әуеде жоғары ұшса, күн жылы болады, төмен ұшса, жаңбыр жауады.
2.Көктемде қаздар қайтқанда тым жоғары ұшса,су тасқыны болады.
3.Жаңбыр жауар алдында қарғалар у да шу болады.
4.Құс жүнін үрпіитсе(қыс), күн суытады
(жаз) жаңбыр жауады.
Ой қозғау: Өздерің құстар туралы не білесіңдер?
Оқушылар ақпараты:
1 оқушы: Қыран біз үшін ерекше құс.Өйткені, ол еліміздің туында тұр.Қыран мықты ,төзімді ,қырағы құс.Ол биікке самғап ұшады.
2 оқушы: Көкек-өз ұрпағына мейірімсіз болса да, өте пайдалы құс.Ол күніне шамамен 40 шегіртке, 45 құрт, 50 шытырлақ қоңыз. 4 өрмекші және т.б. зиянды құрттарды жейді.
3 оқушы: Пайдалы құстың бірі-қараторғай.Бір топ қараторғай балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені жейді. Ал өте сүйкімді құс-қарлығаш бір жазда 1 млн.ға дейін құртты қорек етеді.Ал тоқылдақ пен шымшық «орман емшілері » болып саналады.
4 оқушы: Дүние жүзіндегі ең үлкен құс Африка түйеқұсы. Оның салмағы 100 кг. дейін болады. Ал ең кішкене құс-колибри. Оның салмағы 2 гр. дай . Ұшпайтын құста бар. Олар пенгвин мен түйеқұс. Құстардың кейбірі жыртқыштарға жатады. Олар қыран, бүркіт, жапалақ,үкі.
5 оқушы: Үкі жырытқыш болғанымен, пайдалы құс. Шыбын-шіркей ғана емес, тышқан да аулап жейді. Бір жазда 100 ден астам тышқан жеп, адамның көптеген астығын сақтайды.
Азығын ұшып келе жатып та, аңдып отырып та күшті тырнағына іліктіріп алады.
6 оқушы: Су айдынының көркі –ару аққулар. Аққу-құстың төресі, бақыттың бастамасы, жақсылық пен татулықтың символы. Аққуға мылтық кезеп, оқ ешқашан атпаған, ол киелі құс.
7 оқушы: Қазақ халқы ежелден-ақ құсқа әуес. Оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеген, жақсы көретін адамын құсқа теңеген. Батыр ұлдарын қыранға, бүркітке,шебер әншісін бұлбұлға, қас сұлуын аққуға, ардақты азаматын қыранға теңеген.
8 оқушы: Құстар жәндіктерді жеп адамға, ағаш, өсімдіктерге пайда келтіріп қана қоймайды. Сонымен қатар табиғатқа сән береді. Сазды әуенімен табиғатты құлпыртып,адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Мұғалім: Дүние жүзінде саны жағынан құстардан І орын торғайлар алса, ІІ орын үй тауығы алады екен.
Көрнекілік символдар: Суреттермен жұмыс.
Ойын: «Жасырынған құстың атын тап»
(неше құстың аты бар?) астын сызу немесе дәптерге жазып алу.
Ағайынды Қаршыға, Аққу, Бұлбұл үшеуі жазғы демалыста жайлаудағы ата-әжесіне барды.Оларды көріп қуанғанынан қарындасы алдарынан үкідей ұшып, қарсы алды. Апасы Қарлығаш шай қойды. Ағасы Бүркіт қой жайып жүрген атасына кетті. Атасы көгалда Ақсұңқар транзистерінен «Бозторғай» әнін тыңдап отыр екен. Атасы үйіне келе қырандарым, шымшықтарым деп қуана немерелеріне жармасты.
Толғаныс: Ситуациялық сұрақтар:
1.Егер орманда жүрген балалар құстардың биік ағаш басындағы ұясын рогаткамен, таспен атып жатырғандарын көріп қалдың, не істер едің?
2. Сыныптағы балдар және басқа да сыныптан бірге ойнап жүрген бір топ бала , орманға бардыңдар. Ағаштар көлеңкесінде отырып.көп ұяны көрдіңдер де, араларыңнан бір бала: өрмелеп ағашқа міне бастады.
Сен не істейсің?
3. Үй немесе шатыр төбесінен құстың кішкене балапаны жерге түсіп кетіпті, сен көріп қалып, шауып бардың ,енді не істейсің?
Тыйым сөздер: Ұяны бұзба, жұмыртқаны алма
Құсты атпа,қорлама
Себебі: бәрі «Құстар біздің досымыз» 5 мин эссе
Бағалау:
Үйге тапсырма: Құстардыңалуан түрлілігі.(түсініп оқу)

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы