??старды? алуан т?рлілігі Ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі.Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың құстар олардың тіршілік жағдайлары
туралы алған білімдерін кеңейті;
тәрбиелік : табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
дамытушылық : оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, пәнге деген  қызығушылығын ояту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіруКөрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулықСабақ түрі: жаңа сабақӘдіс – тәсіл:
1) түсіндіру 2) сұрақ – жауап
3 )Топтық, үлестірме тапсырмалар.
Пән аралық байланыс: музык, еңбекке баулу, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі Мақсатымыз – білім алу,  Міндетіміз-еңбек ету,  Еңбек ету арқылы «5» ке қол жеткізу
ІІҮй тапсырмасын тексеру
Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?
(Мәтіннің мазмұнын айту)
«Орынын тап» ойыны (Сүтқоректі,шөп қоректі , талғаусыз қоректі,жыртқыштарды орналастыру)
ІІІ Жаңа сабақ
«Ой толғау»
Құстардың шықылдаған дауысын естіту
балалар бұл ненің дыбысы ?
- Яғни бүгінгі сабақтың тақырыбы
«Құстартардың алуан түрлілігі»
Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатты бақылағанды жақсы көреді.Бірде ол хайуанаттар бағына барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды, олардың дауыстарын естіп,
таң – тамаша болды. Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында
ашылып, лезде ғайып болды. Гүл дегені аққу екен.Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті.
Құс деген сөзді естігендегі ойларын айту
- Балалар!құстардың қандай пайдасы бар? Деп ойлайсыңдар. - (Олар ағаштағы,жердегі зиянды жәндіктерді жейді.Құстар ән салып,көңіліңді көтереді.Олар-бақтың сәні.)
 Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.Құстар тамаша ұшады, өйткені олардың сүйегі жіңішке жеңіл денесін
мамық пен қауырсын жапқан. Әлемде қанша құс бар, ғылым 100 млрд бастан кем емес дейді, сол 100 млрд
құс өз ішінен 8600түрге жіктеледі. Әлемдегі ең ірі құс эму түйеқұсы, оның салмағы 100 кг-ға барады,
ал ең ұсағы колибраралар, оның салмағы 1,5 г.
Құстар топтары туралы түсінік
Жыртқыш құстар
Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран,бүркіт,кезқұйрық,жапалақ,үкі және тағы басқалары.Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады.Олар алуан түрлі жануарларды-тышқан,қоян,құстарды аулайды.Ал үлкен қыран тырнағымен қозыны іліп алып кете алады. Бүркіт-қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді мекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады. Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады.Негізінен суыр,қоян сияқты кеміргіштермен қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушыларды аулайды,өлімтіктер жейді. Кезқұйрық-жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.Орта көлемді жануарлар,сүтқоректілермен,құстармен,рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды және қалдықтарды құмарлана жейді. Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.
Орман-тоғай құстары
Кейбір құстар ұясын шалғынды жерге салады.Бөдене қалың шөптің арасын шұңқырлап,ұя салады.Бөдене-қырғауыл тұқымдас,қалың шөп арасында жүретін,ақшыл жолақты,кішкене сұр,жыл құсы. Бозторғай-түсі қоңырала,қанаты ұзын,бауыры ақшыл кішкене торғай.Бозторғайдың шырылы кішкене күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып тұрады. Бұлбұл-орман-тоғайда,нулы жерде,бақта жүретін,дауысы әдемі кішкене әнші құс.Ол ұясын биік бұта басына салады.Ол өзінің тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді.Олардың қорегі-өсімдікке зиянды жәндіктер. Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ тіршілік етеді.Ол жазда да,қыста да ағаштың діңін тоқылдатумен болады.Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін бұлжытпай табады.Тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады.Оны орман дәрігері деп бекер айтпаған. Көкек те орман құсы.Көкектің өзі ұя жасамайды,басқа құстардың ұясына жұмыртқалап кетеді.Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші жарып шығады да,бірден басқа жұмыртқалардың бәрін ұядан шығарып тастайды.Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды.Қалай дегенмен,көкек-пайдалы құс.Ол ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұрттарды жейді.
«Бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова туралы айтып кету.»
Жыл құстары.
Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді.Алкүзде қайтадан ұшып кетеді
Жыл құстарына :ұзақ,аққу,тырна,ләйлек және тағы басқа құстар жатады. Аққу-мойны ұзын,қаз тұқымдас жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазан айларында ұшып кетеді.Су өсімдігінің жапырағымен,тамырымен,кейде ұсақ жәндіктермен
қоректенеді.Қарлығаш-жылқұсы.Қарлығаштар өте үшқұыр.Басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып жүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп,зор пайда келтіреді. Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және суыққа төзімді. Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,тек кеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді. Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді. Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзатың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олар дән,нан қиқымдарымен қоректенеді.Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді. Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығып қалмауына жағдай жасап,қорғайды .
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын жазу
«Мен білемін» сайысы. Мақал-мәтелдер.1. Жапалақ сипағанмен, сұнқар болмас.2. Сұнқар-құстың төресі, лашын- құстың жендеті.3. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.4. Аққу құссыз- көл жетім, айтылмаған сөз жетім.5. Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер.
Сергіту сәті
«Құстар қайтып барады» әнін тыңдау
Шығармашылық диктанты.1. Құстар тамаша ұшады, өйткені олардың сүйегі ... , ... , денесін ... пен ... жабады.2. .... ... – қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалық, үкі.3. Жапалақ пен үкі ... түнде аулайды.4. ... ұясын биік бұта басына салады.5. Біздің еліміздегі құстардың көпшілігі - ... жыл құстары.Семантикалық карта толтыру
Зерттеу обьектісі
Сипаттама
тобы Мекені Қоректенуі Пайдасы
ІV Сабақты бекіту
Сен құстарға қалай қамқор боласың?
Хормен ұя жасаймыз. Дайын ұяларын желімдеу
Нан қоқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып , қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Не білдің ? Не білгің келеді? Не ұнады?
V Үйге тапсырма
Құстардың алуан түрлілігі
Мәтінді оқып, түсінік айту
VІ Бағалау
1) Халқымыз құстардың ұшуы,қонуы,келуіне қарап ауа райын болжаған. 2) Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,кун жылы болады,төмен ұшса,жаңбыр жауады. 3) Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады. 4) Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады. 5) Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.