7 сынып графика. Графика


Сабақ жоспары
Сыныбы: 7 «Ә», «В», «Г»
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбилеік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин)
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: (5 мин)
Компьютерлік графика дегеніміз не?
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді?
Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
Графикалық файлдардың стандартты пішімін атаңдар
Inkscape векторлық программасы қандай программа?
Inkscape редакторының интерфейсі қандай элементтерден тұрады?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліну әдісі векторлық және растрлық суреттер бойынша жүзеге асады.
Тапсырма 1. (8 мин) Растр және Вектор топтары тақтада тұрған Венн диаграммасы арқылы растрлық және векторлық графиканың артықшылығы мен ерекшелігін жазып, түсіндіреді.
Венн диаграммасы

Векторлық графика
Растрлық графика

Ұқсастығы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.
Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады.
Тікбұрыш- тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.
Көлемді тікбұрыш – параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.
Эллипс – эллипстердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.
Спираль – спиральдарды салады.
Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы – Paint редакторымен, Вектор тобы – Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.
Жаңа ұғым. Безье қисығы – ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. –безье қисығын түсіндіру)
Безье қисығы




Тапсырма 2. (10 мин.) Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.
Растрлық графика
Векторлық графика


Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?
2. Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңнің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?
3. 5 тармақты жұлдыз жасау алгоритмін сипаттаңдар
4. Доға жасау үшін бұрышқа қандай мәндер береміз.
5. Үнсіз келісім бойынша орнатылған программадағы құралдар баптауын қалай өзгертуге болады.
V.Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: 117 бет Түйін.