?тірік ?ле? ?дебиеттік о?у (2 сынып)


Қарағанды қаласы №65 ЖББОМ ҚММ
Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Айжан Токтагуловна
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Өтірік өлең
Мақсаты: Өтірік өлеңнің мазмұнын түсіну, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой- қиялын дамыту.
Міндеттер: Өтірік сөзінің адам өміріне пайдалы және зиянды жақтарын түсіну,бар ақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір – бірлерін тыңдауға ,критерийлерді пайдалана отырып, дұрыс бағалау.
Ресурс: 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы ,интербелсенді тақта, тапсырма жазылған таратпа қағаз, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер, көңіл-күйді білдіретін стикер.
Модуль:Білім беруде АКТ-ны пайдалану, « Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: «Миға шабуыл» стратегиясы, «Болжау» стратегиясы, «Қызығушылықты ояту», «Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы , «Венн» диограммасы, «5 жолды өлең», Сергіту сәті, Рефлексия «+, -, ?» , Формативті бағалау, өзін – өзі бағалау, топ басшысының бағалауы
Уақыты
Сабақ кезеңдері Жоспар мазмұны Мұғалім іс – әрекеті Оқушы іс – әректі Бағалау Ресурстар
Кіріспе
3 минут Психологиялық ахуал Оқушылардың топқа бөлінуі Оқушылар топқа карта түстерімен бөліну
топ Түйе (жүрек)
топ Қарға
топ Шыбын (крест)
топ Қиық (Буби) Өте жақсы! Карталар
Тұсаукесер бөлімі
8 минут
Өткен сабаққа шолу
«Асыл сөз қайда?»
«Қызығушылықты ояту» 1 – 2 топ Еңбекке байланысты ма-қал- мәтел айту .
3 – топ Әңгімені оқып қандай ой түйгенін айту.
4 – топ рөлге бөліп оқу.
1 – 2 топ: -Еңбек бәрін де жеңбек.
-Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3 – топ: Осы әңгімеден еңбек ету керектігін және кейбір өсімдіктерді қысқа жауып дайындайтынын білдім. Сөздің асылын көретін көз, еститін құлақ болу керек екенін түсіндім.
4 –топ: Әек мен бала болып диалогті рөлдерге бөліп оқу.

Дәптер, Әдебиеттік оқулық, смайлик
2 минут Сергіту сәті Екі қол Оқушылар көріп тұрған қимыл қозғалыстарын қайталайды. Жарайсыңдар! Итантербел-сенді тақта
Негізгі бөлім
13 минут «Миға шабуыл»
стратегиясы
«Болжау»
стратегиясы
Мұғалімнің сұрағы:
Ашық сұрақ.
-Өтірік айтып көрдің бе?
Слайдпен жұмыс
Суреттегі кісі кім?
Бүгінгі өтетін тақырыбымызды кім айтады? Оқушының жауабы:
Оқушы пікірін тыңдау
Алдар көсе.
Тазша бала.
«Өтірік өлең»
Интербелсенді тақта
5 минут Оқулықпен жұмыс
Сөздікпен жұмыс «Өтірік өлең» өлеңін ызыңдап оқу.
Сендерге осы өлеңде қиын сөз кездесті ме? Ол қандай сөз? Оқушылардың өлеңді қатесіз оқуы.
Сырық – ұзын таяқ.
Дәптерлеріне жазу Әдебиеттік оқу оқулығы, дәптер
5 минут Білімді бекіту
«Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы,
«Венн» диограммасы,
5 жолды өлең 1 – топқа Өлеңдегі жоғалған сөздерді табу.
2 – топқа өтірік сөзінің жағымды, жағымсыз жақтарын жазыңдар.Венн диограммасы
3-4 топқа 5 жолды өлең құрастырыңдар.
1-топ:
Арқан естім ..... ,
Қайық ойдым ..... .
Шегірткенің сирағын
Ескек етіп ..... мен.
2-топ:
Жақсы жаман

3-топ:
Отыр едім сабақта,
Қоян келіп шақырды.
Апарып бау – бақшаға,
Қарнымды аштырды.
4-топ:
Құмырсқа кір болыпты,
Суға барып түсіпті.
Жағаға шығып
Құмға қыздырыныпты.

Жасыл, сары, қызыл түспен
Әдебиеттік оқу оқулығы,
Флипчарт, маркер, Венн диаграммасы
Рефлексия
4 минут
«+, -, сабақтың қай кезеңі қызықты болды?» Әр оқушыға стикер таратып беру
Ұнаған кезеңге +
Ұнамаған кезеңге –
Қай кезең қызықты болды жазу?

Стикер
2 минут Үйге тапсырма Өтірік өлеңді жаттау.
Өтірік өлең жазу Күнделікке жазып алу Күнделік
Бағалау
3 минут Формативті бағалау, өз – өзін бағалау, топ басшының бағалауы Бас бармақпен бағалату «5» бас бармақ жоғары
«4» бас бармақ ортаға
«3» бас бармқ төмен
Топбасшының бағалауы Ауызша бағалау, пікірлерін тыңдау