Сценарий мероприятия на казахском языке: Тола?ай


Толағай отбасылық сайысыЖүргізуші:
Отбасы күнімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына хош келдіңіздер!
Сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)- Ойын залына биші қыздарымызды ортаға шақырамыз- ( Толағай әні ойнап тұрады )Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сау да.Денсаулық терең бақыт деген сөздіҚұр айтпаған ұлы Абай данамыз да!Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 3 топ қатысқалы отырЖарысқа қатысатындарды шақырамызӘр таңды бақытпенен атырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортағаҮлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаңТоптарымызды шақырамыз.( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)
1.Қыран тобы – Каденовтар отбасы
2.Сұңқар тобы – Бешимовтар отбасы
3.Барыс тобы – Италмасовтар отбасыСайыс 8 кезеңнен тұрады.Әділ қазылармен таныс болыңыздар:1. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі – Оспанов Дастан2 Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Молдахметова С.З3. Әлеуметтік мұғалім - Маркова В.А Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.1. үй тапсырмасышарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру,өнер2 тур. Кім жүйрік?Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!3 тур « мергендер» сайысыШарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!4 тур «Кім епті?Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керекШынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.5 тур «Картоп лақтыру»Шарты: Топтың басшысына шелек беріледі де, қалған топ мүшелері сол шелекке картопты дәл түсіру керек.6 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!7 тур «капитандар сайысы»( топ басшыларын шақырып алып отырып - тұрып, тез - тез таблица айтқызу)
8 тур «Арқан тарту» Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
Сибанбаев Альтаирдің орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздарЖарыс заңы ежелден -Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол -Еңбектену, жалықпауБіреу озса сайыста,Біреу артта қаладыЖеңілгендер ренжімейТараса бізге жарадыӘділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!Біз қазақпыз,Ел үшін атқа мінген.Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасына, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше қош сау болыңыздар!
-638701698807Т
00Т

О
Л
А
А
Ғ
Й
А
Й
Ы
С
Ы
С

Отбасы күніне ұйымдастырылып отырған
«Толағай» отбасылық сайысына
белсенді қатысып,
«Жарқын отбасы» атағына ие болғаны үшін
_______________________
марапатталады
Қазылар алқасы:
Маркова В.А._________
Калиева А.К._______
2016 жыл