«Жеке т?л?аны ?алыптастыруда?ы ?лтты? ойындарды? ма?ызы»


«Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық ойындардың маңызы»
«Балауса» балабақшасы МКҚК, Құлан ауылы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. 
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері

Баланың жеке және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен дәрежесіне лайық тәрбиенің бүгінгі таңда бет алысы қандай?  «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдіске ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бен білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет. 
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңызы зор.
Ұлттық ойындарымыз арқылы
ұлттық құндылықтарымызды әлемдік
деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеудегі басты міндеттеріміз: 

Осы міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,батылдықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Теңге алу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты-ұшты», «Ханталапай», «Арқан тартыспақ», «Соқыр теке»т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту,ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.        Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын,жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып,адамгершілік қасиеттерін қалыптастырамыз. Қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың ойын барысында тәртіп сақтауы баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді.        Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына пайдалана отырып, атадан-балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді  қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке,батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді.
Ұлттық ойындарды бөліп көрсетуге болады:
Ұлттық ойындардың түрлері
Зеректілікті қажет ететін ойындар
Аңға байланысты ойындар


Ептілікті қажет ететін ойындар
Түрлі заттармен ойналатынойындар

Мектепке дейінгі мекемеде ұлттық ойындарды қолданудың
әдіс-тәсілі болады
Өз бетінше ойындарды қолдануы
Ойынның мазмұнын түсініп, шартын бұзбай ойнауы
Ұлттық ойындардан үйірмелер, көрмелер ұйымдастыру
Қолданады
Қабылдайды
Ақпарат алады
Ұлттық ойынды қолданудың әдіс-тәсілі


Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары - көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Ә.Диваевтің классификациясы
АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ


7-15 жас
15-25 жас
0-7 жас


Ұлттық ойындар жас ерекшелігіне байланысты


тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес
санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек
Өзімнің «Құлпынай» тобымдабалалардың жас ерекшелігіне қарай ұлттық ойындардың «Санамақ», «Қуырмаш», «Соқыр теке», «Ақ серек-көк серек», «Хан талапай», «Тақия тастамақ» сияқты ойын түрлерін ойнатамын.
«Құлпынай» тобында ойналатын ұлттық ойындар

Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны(«Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады(№1 суретте көрсетілген). Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын! - деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді.
 «Ақсерек-көксерек» ойынынаулада серуендеу кезінде ойнатамын(№2 суретте көрсетілген). Ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Арасы 20-30 қадам.
Ітоп ойынды бастайды:Ақсерек–ау,ақсерекІІ-топ:Ақсерек-ау,ақсерекБізден сізге кім керек?Сізден бізге (баланың аты) керек.Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп  кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топқа қалады. Ойын  осылай жалғаса береді  
Ұлттық ойындардың тағы бір түрі – «Ханталапай» ойыны(№3 суретте көрсетілген). Бұл ойынды ойнатуда балалармен сайыс түрінде өткіземін.
Ойынды ұйымдастыруға бөлінетін уақыт – 5 минут:
- ойын ережесімен таныстыру;
-балаларды асықтармен таныстыру; (суреттерін көрсету арқылы)
-қой малының асықтарымен ойналады;
-асықтар ұлттық оюмен өрнектелген қоржынға салынады;
“Алғырлар”және “Зеректер” тобыболыпекігебөліп аламын.
1-топ “Алғырлар”
2-топ “Зеректер”
Бір топтан 2 баладан шығады.Әр бала қоржынынан 5 асықтан тігіп ойынға қатысады.Балалар “Хан” асығы қолына тиген бала, алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады. 5 асық ұтқан бала “Хан” алады.Тигізе алмай қалған бала ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді.Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады.Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз тобындағы асығы көп балаға береді.Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса,тобындағы балалардың жауап беруіне болады.Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.
Ережесі ойын кезінде:
1.Қозғалуға, сөйлеуге болмайды;
2. Асық қимылы болса ойналмайды;
3.Ату кезіндебасқаасыққақате тисе ойналмайды.
Тобымызда ойналатын ұлттық ойынның тағы бір түрі – «Тақия тастамақ»ойыны(№4 суретте көрсетілген).
Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.
Ойын барысы:Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.
Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.
Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.
«Тақиятастамақ» ойыныныңбірнешенұсқасынбіроқу іс-әрекетіндекөрсету, ойнаумүмкінемес, сондықтанменойындыбірнешеоқу іс-әрекетінебөле отырып, серуен кезінде де өткіземін.
«Қуырмаш» санамақ ойынынбаланың тілін дамыту, санауды үйрету мақсатында топта өткіземін(№5 суретте көрсетілген).
Мақсаты: «Санамақ» ойыны арқылы саусақтың аттарын үйрете отырып балалардың тілін дамыту. Сонымен қатар саусақтарының қимылын жетілдіруге көңіл бөлемін. «Қуырмашты» айта отырып, қой, түйе, қасқыр, жылқы, ешкі, түлкі деген сөздерді балалардың сөздік қорына енгіземін.
Тәрбиеші :
-Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші?
Балалар қолдарын созып, саусақтарын көрсетеді.
-Ту-у-у, қолдарыңқандай тап - таза, саусақтарыңнеткенәдемі. Балалар осы саусақтарыңныңаттарынбілесіңдерме?
Тәрбиешіөзініңсаусағынжаякөрсетіп, әрқайсысынатайбастайды.
Балалар, біріншісаусағым - бас бармақ, ал екіншісі - баланүйрек, ал мынаүшіншіұзынсаусағым - ортантерек, төртіншісі - шылдыршүмек, ал мынакішкентайғанасоңғысаусағым - кішкентайбөбек, - дейді.
Бас бармағым – бірінші,
Балан үйрек – екінші,
Ортантерек – үшінші,
Шылдыршүмек – төртінші,
Кішкентайбөбек – бесінші.
Содансоңбалаларменбіргебірнешеретқайталайды.
Бұлойындабалаларсаусақтыңаттарынаүйреніпқанақоймай, сандықұғымды да түсінебастайды. Осыданкейінбалалардыңалақанынашқызып «Қуырмаш» ойынынбастайды. Балалартәрбиешігеқарап, қимылжасайды. 
Тәрбиеші:
Қуыр-қуырқуырмаш!
Балапанғабидайшаш!
Тауықтарға тары шаш!
Әжеңкелсеесікаш,
Қасқыркелсемықтап бас.
Мынажердеқой бар,
Мынажердеешкі бар.
Мынажердесиыр бар,
Мынажердежылқы бар,
Мынажердетүлкі бар,
Мынажердекүлкі бар.
Қытық!Қытық! - депбаланықытықтайды.
Әржануардыатағандаоныңойыншықтүріндегібейнесіннемесесуретінкөрсетіптұрғанжөн деп санаймын. Ойындыбірнешеретқайталапойнатамын.
Халықтық педагогика тәсіліменойналатыносындайойындарбаланыңтілінжаттықтыруға да, дүниетанымынбайытуға да септігі мол.
Қорыта келе, «Құлпынай» тобында ұлттық ойындарды ойнату арқылы балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына септігімді тигіземін.
Ұлттық ойындарды ойнатудың нәтижесінде:

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Сен  білесің бе?»энциклопедиясы / Қ.Ж.Райымбеков; Қ.Т.БайғабыловАлматы-Аруна 2011 жыл
«Ұлттық  ойындарды  оқу-тәрбие ісіне  пайдалану»  Е.Сағындыков Алматы 1993жыл
«Қазақ  ұлттық  спорт ойыны  түрлері»  Ш.Балғымбаев  Алматы  1985жыл
«Бала тәрбиесі» журналы 2014ж
«Мектепке дейінгі тәрбие» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал
«Бала мен балабақша» журналы 2016 ж
«Зерек бала», «Алғашқы қадам» бағдарламалары