Саба? ?ала к?шелері, ба?даршам


Техналогиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Қала көшелері, бағдаршам.
Мақсаты: Бағдаршамдарды мүсіндеуге үйрету.
Міндет: 1. Балаларға мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
2.Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ой-қиялдарын дамыту
Сөздік жұмұс: Бағдаршам,жолаушы.
Әрекет кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті + -
Мотивациялық-қозғаушылық.
«Көшеге» саяхат. Балабақша маңындағы көшеге серуенге шығып , ондағы жолдарды, көліктерді адамдарды көрсетіп, балалармен әңгімелеседі. Балалар қуанып көшені аралап көргендерін әңгімелейді. Ұйымдастыру-іздестіру - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Қазір қай ай?
Жұмбақ шешейік.
Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек – кезек ашады
Үшеуінен байқасым
Үш түсті нұр шашады
Бұл не?
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма?
- Ол қайда орналасқан?
-Бағдаршамның неше көзі бар?
1 - ші көзінің түсі қызыл
2 - ші көзінің түсі сары
3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар.
Бағдаршам жол бойында, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3.
- Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас?
- Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба.
1 – ші топ: қызыл көздің тапсырмасы.
2 - ші топ: сары көздің тапсырмасы.
3-ші топ: жасыл көздің тапсырмасы.
Сергіту сәті:
Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Ә. Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін жаттау.
Қызыл көзін ашқанда, аяғынды баспа алға.
Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, жүре бергін жасқанба.
Күз.
- Үш айдан.
- Құркүек айы
.
- Бағдаршам.
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
- Бар.
- Қалада жолдың бойында орналасқан.
- Үш көзі бар.
Олар қызыл көзін ашқанда-
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда -
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда -
Өте бергін, жасқанба.
- Дөңгелекке.
Бағдаршамның көздерін ретімен мүсіндеу.
Дөңгелек пішіндерді түстерін келтіріп.
Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
Балалар орындарынан тұрады.
Балалар екі жаққа кезек-кезек дайындалады.
Аяқтарын топ-топ басады.
Рефлексивті – түзетушілік . Ә. Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін жаттау. Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жаттап алады. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен және жолда жүру ережесін біледі.
Нені игереді: Көшеде , жолда, жаяу адам жүретін жол және көліктер туралы түсініктерін қалыптастырады.
Нені біледі: Әрқашанда жол ережесін сақтап, аман - есен жүрейік.