Саба? жоспары. Та?ырыбы: Білім сыры т?рбие са?аты 4 сынып


Садуева Ақжол Базыловна
«Бақыршық орта мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті.
Тақырыбы: Білім сыры
Мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау.Жеңімпаз топты анықтау. Білімге құштарлығын арттыру. Өз біліміне деген сенімін нығайту. Қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.
Жүмыс түрі: Зияткерлік сайыс
Ойын барысы:
Кіріспе:
-Құрметті қонақтар . Бүгінгі 4 «б» сыныбында өткелі отырған «Білім сыры» сайысына қош келдіңіздер.
-Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие ,тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
-Кім жүйрік сол алда- дегендей ойынымыз жарыс түрінде өтеді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар.
Ал енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық, топқа бөліп алайық.
Жарыс 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең Таныстару
2 кезең Жүзден жүйрік ( Ұяшық таңдау)
3 кезең Құпия хат
4-кезең Метаграмма, шарада шешу
5 кезең Сиқырлы сандық
6-кезең логикалық тапсырмалар
Алдарыңызда өз білімімен , ақыл ойымен ерекшеленген оқушылар 3 топқа бөлініп сайысқа түскелі отыр. Сонымен , «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік –сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп , І турды бастайық. ( таныстыру)
2 кезең «Білекке сенген заманда –ешкімге есе бермедік , білімге сенер заманда қапы болып жүрмейік»- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі «Жүзден жүйрік атты»сайысымызды бастаймыз.
3 кезең «Құия хат» сайысы Кез келген хатты таңдаймыз да, ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
4-кезең
Ал енді балалар сендер ана тілі пәнінен метаграмма шарада дегеніміз не екенін білесіңдер. Және оларды шешуді де білесіңдер. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
5-кезең Тіл қаруы сөз , сөз қаруы ой, ақылды ой алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті-деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен келесі «Сиқырлы сандық» сайысымызды бастаймыз.
Сиқырлы сандықтың ішіндегі затты табу
1 топқа . «Ол бүкіл жақсылықты , мәдениетті үйретуші тура жол көрсетуші, ғылымға бастайтын жолда айрылмас серігіміз , таптырмас ақылшымыз . Оның сөзі әр алтыннан да қымбат» Ол не, дәлелдеп көр.
2 топқа «Ашыққанда тамақ , шөлдегенде сусын, ыстықта көлеңке, сая, суықта баспана ауырғанда дәрі,ренжіп мұңайғандасүйсіндіріп қуантатын табиғаттың ғажайып сұлу көркі »Ол не?
3 топқа Онысыз адамдар жүре алмайды. Мезгілімен ауысады, Үй жануарларының көмегімен жасалады, Қысқасы Адам көркі-? Бұл не?
6 кезең бұл шешуші кезең . Ендеше бастаймыз .Логикалық тапсырмалар
Қорытындылау. 21 –ші ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Білімді топтың даңқы арта түсері сөзсіз.Бүгінгі білім ертеңгі –байлығымыз.Осындай білім бәсекесін қорытындылайтын уақыттта жетті .Өздеріңіз көріп отырғандай жеңімпаз топты анықтап, сыйлықпен марапаттауға рұқсат етіңіздер.