Асан ?ай?ы –к?шпенді елді? философы


Сабақтың барысы:І. ҰйымдастыруІІ. Жаңа сабақСабақ мақсатын айту. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуымен бірге көшпенділер әдебиеті, яғни жыраулар поэзиясы дүниеге келді. Жыраулар поэзиясы несімен құнды? Халқымыздың басынан кешірген тарихи оқиғаларды, қилы-қилы заманды, оның басына түскен ауыртпалықты жырлауында емес, елдің саяси- әлеуметтік дүниетанымын, ой-санасын көркем тілмен көрсете білуінде. Сондықтан да Ш.Уалиханов жыраудың ой-толғанысының тереңдігін бағалап, «Даланың ұлы философы» деп таныған.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Асан қайғы – көшпенді елдің философы» деп аталады. Ғасырлар тұңғиығынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бағалы еңбектерін ел аузынан жинап алып, жүйеге түсіру ісіне талпыныс ХІХ ғасырдың үлесіне тиді.Ал оны жинап, зер салу ғалым Ш.Уалихановтың маңдайына жазылған екен. Біз ғалымның берген осы анықтамасының дәлдігін сабақ барысында ашуға талаптанамыз. - Қайғы, көшпелі, философ деген сөздерді қалай түсінесіңдер?Сөздердің мағыналары анықталады.Енді, балалар, «...Таза мінсіз асыл сөз Шер толқытса шығады» деп Асан атамыз айтқандай бұл толқытқан шен не еді? Оның асыл сөздерін тудырған қандай мұң еді?-Жеке басының қайғысы ма?Асан қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қиялын ойлағагдықтан қайғы. Асан мұңы – өмір мен жалпы тіршілік атаулының өзекті мәселелеріне жауап іздеген заман сыншысының мұңы. ІІІ. Зерттеу тапсырмасы. І зерттеуші:Асан қайғының өмірі бойынша зерттеу жұмысы.ІІ зерттеуші: “Еділ бол да, Жайық бол” толғауына тоқталу.ІІІ зерттеуші: Асан атына “қайғы” сөзінің қосылуы туралы зерттеу жұмысыIV зерттеуші: Асан қайғы туралы аңыздарға тоқталу (Асан қайғының жүріп өткен жерлерін картадан көрсету) IV. ТалдауАсан қайғының “Бұл заманда не ғаріп” толғауын мәнерлеп, түсіне оқи отырып, сатылай талдау жүргізу. Тақырыбы: «Не ғаріп?»Жанр түрі: толғауИдеясы: әр нәрсенің өз қадірі, өз орны барын, сол барды бағалай білуі керектігі айтылады.Тармақ саны: 18Бунақ саны: 2Буын саны: 7-8 буынҰйқас түрі: шалыс ұйқасТүсіндірме сөздік: «ғаріп» -араб сөзінен алынған – мүсәпір;мүрит – діни лауазымды адамдарға қол тапсырып, соларды дәріптеушішәкірт, ізбасар;азғын – азып-тозған, елге, жолдас-жораға опасыздық жасаған сатқын адам;пір- діни сөз, қолдап-қорғаушы рух.Толғаудың негізгі түйіні: әр нәрсенің өз қадірі болса да ер жігіттің өз халқымен, өз жерімен бірлікте болуына тілек қосады. V. Кестемен жұмыс Мысалдар Тапсырма Түсінік, сараптама Білім Бүгін жаңадан қандай жаңалық алдың? Түсінік Алған біліміңді түсіндің бе және немен дәлелдейсің? Қолдану Алған, түсінген біліміңді ұалай қолданар едің? Ұғу Нені ұға алмадың, жете түсінбедің? Баға Өзіңе-өзің баға бер, шешіміңді білдір. VІ. Үйге тапсырма:“Көлде жүрген қоңыр қаз” толғауын жаттау