Презентация на тему Су монша?тан г?л жасау технологиясы


Су моншақтан гүл жасау технологиясы Жетекші: Мухтарова Марина Набиевна МақсатыХалық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың шығармашылық ой –қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау. Міндеттер:Ұсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету.Жасалған бұйымдарды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына су моншақ арқылы сай сәндей білуге үйрету.Еңбекті шығармашылықпен қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбектенуге үйрету. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: Міндетті деңгей:Жұмыс орнын ұйымдастырып, тиімді пайдалану. Керекті материалдарды ұқыптап ретімен орналастыра білу.Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу. Мүмкіндік деңгейҰсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білу.Жасалған бұйымдарды сәндей білу.Жоба, реферат қорғау. Күтілетін нәтиже:Оқушылар өз алдына мақсат қоя алады.Сыныпта басқа ортада өзін дұрыс ұстап, белсенділік таныта алады.Аудандық, облыстық көрмелерге ұсыну. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер. Шебердің қолы көпке ортақ. Қалауын тапса, қар жанар. Еңбек ептілікті сүйеді. Өнерліге өлім жоқ. Қолың ұста болсын,сөзің қысқа болсын. Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.